Тиреоидит. Қалқаншабездің қабынуы тиреотоксикозға әкелуі мүмкін. Оның пайда болу себебі вирустық жұқпалардан деп жорамалданады. Бұл кезде қабынуға тән қан тамырларының өзгерістері, лейкоциттердің сіңбеленуі, ауырусыну, тиреоидтық гормондардың тым артық өндірілуі байқалады. Уытты тиреоидиттің даму жолдарында симпатикалық жүйке жүйесінің межеқуаты артуы маңызды орын алады. Содан гиперкатехола-минемия тироксиннің үшйодтиронинге ауысуын, миокардта бета-адрено-рецепторларды қоздырып тахикардия, аритмия даму мүмкіндігін арттырады
Сол себепті тиреотоксиндік ушығуды емдеу мақсатында қолданылатын бета-адреноблокаторлар жүрек аритмияларынан сақтандырады және тиреотоксикозды кемітеді. Кальций каналдарының тежегіштері 33 кардимиоциттердің ішіне Са2+ енуін азайтып, олардың қозымдылығын тежейді. Тиреотоксикозбен сырқаттанған науқастарды йоды бар дәрілермен емдеуден қанда тироксиннің деңгейі төмендейді, безден тиреоидтық гормондардың айналымдағы қанға түсуі азаяды.