Орталық вакуоль. Тонопласт деп аталатын бір мембранамен қоршалған. Вакуольде әртүрлі заттардың концентрлі ерітіндісі (минералды тұздар, қант, пигменттер, органикалық қышқылдар және ферменттер) клетка шырыны болады. Ересек клеткада вакуоль ірі болады. Вакуольде әртүрлі заттар, оның ішінде алмасудың соңғы өнімдері сақталады. Вакуольдегі сұйықтыққа клетканың осмостық қасиеті тәуелді болады. Кейде вакуоль лизосома қызметін атқарады.
Тургор және плазмолиз – цитоплазманың жартылай өткізгіштік қасиетіне, яғни су мен минералды заттарды өткізу, ірі молекулалық ерітіндіні ұстап қалу қасиеттеріне негізделген клетканың физиологиялық қасиеті. Клеткаға жеткілікті мөлшерде су келіп түскенде, клетка шырынына сіңірілген су, қабырғаны керіп, протопластқа қысым түсіреді, клетканы ісінген қалыпқа келтіреді. Клетканың осындай күйін тургор деп атайды. Тургорға қарама- қарсы құбылыс, протопласт клетка қабықшасынан алшақтап, суды жоғалтуы, плазмолиз құбылысы деп аталады. Осы құбылысты жасанды түрде туғызуға болады. Клеткаға гипертониялық ерітіндімен (осмос қысымы клетка ішіндегі осмос қысымынан жоғары, мысалы: сахароза, калий, натрий селитрасы, глицерин) әсер ету қажет. Ал, клетканы гипотоникалық ерітіндіге салғанда, яғни таза суға батырса су цитоплазмаға еніп, вакуоль көлемі ұлғаяды, клетка тургорлық күйге келеді. Осы құбылыс деплазмолиз деп аталады.
Клетка шырынының химиялық құрамы. Ол өсімдіктің түріне байланысты өзгеріп отырады. Негізгі құрам бөлігі -су. Құрамындағы заттар органикалық және минералдық заттар деп екіге бөлінеді. Органикалық заттар азотты және азотсыз заттар деп екіге жіктеледі.
Азотты орникалық заттар: белоктар (протеин, протеидтер), амин қышқылдары (аспарагин, тирозин, лейцин және т.бб.), алкалоидтар ( хинин, морфин, никотин, колхицин, кофеин, кодеин, папаверин, және т.б.), гликоалкалоидтар (голанин, дигиталин) жатады.
Азотсыз органикалық заттар: көмірсулар- моносахаридтер (глюкоза, фруктоза); дисахаридтер (сахароза, мальтоза); полисахаридтер, (инулин, пектиндер, декстриндер). Глюкозидтер - пигменттер (антоциандар, флавондар); синигрин, амигдалин, кумарин, сапонин, ванилин.
Илік заттар- таннин, катехин және т.б.. Органикалық қышқылдар (қымыздық қышқылы, алма қышқылы, шарап қышқылы, лимон қышқылы және т.б.). Органикалық қышқылдардың тұздары: кальций оксалатының кристалдары және т.б..Терпеноидтар, эфирлер және т.б..
Минералдық заттар: калий фосфаты, натрий фосфаты, кальций фосфаты, калий нитраты, натрий нитраты (селитралар), калий хлориді, натрий хлориді, кальций сульфаты, иод, бром .
Органикалық заттар: алкалоидтар (хинин, апаверин, морфин және кодеин, никотин, анабазин, аконитин); гликозидтер (амигдалин, сапонин, кумарин, франгулин, брионин).
5. Лизосомдар
Көлемі 0,5-2 мкм, цитоплазмадағы ұсақ денешіктер. Бір мембраналы органоид. Асқорыту (гидролитикалық) ферменттері бар бір мембраналы органелла. Көптеген қызметтер атқарады, қандайда бір құрылымды немесе молекуланы ыдыратуға қатысады.
Лизосомалардың шығу тегі эндоплазмалық тор және Гольджи аппаратына байланысты.
6. Клеткадағы туынды заттар
Қоректік заттар өсімдіктердің денесін түзуге жұмсалады да, олардың артық мөлшері қорға жиналады. Қорға жиналатын заттар химиялық табиғаты тұрғысынан үш топқа жіктеледі: көмірсулар, майлар және белоктар. Өсімдіктердің қоректік заттар қоры – майлар, белоктар, көмірсулар өсімдіктерге қажет және әртүрлі уақытта пайдаланылады.
Көмірсулар- қарапайым және күрделі көмірсулар деп екіге бөлінеді. Жай көмірсулар- моносахаридтер (глюкоза, фруктоза), дисахаридтер (мальтоза, сахароза), күрделі- полисахаридтер ( крахмал, клетчатка, инулин).
Көмірсулар өсімдіктерде кең тараған қоректік қор заты. Суда еритін көмірсулар – глюкоза, фруктоза, сахароза, инулин клетка шырынында жиналады.
Ассимиляциялық (алғашқы) крахмал хлоропластарда фотосинтез нәтижесінде түзіледі. Қорға жиналған (соңғы) крахмал түссіз пластидтер лейкопластар қатысуымен түзіледі және крахмал дәндері түрінде тамырда, түйнекте, тұқымда, сабақтың ішкі құрылысында жиналады. Крахмал дәндері лейкопластар ішінде пайда болады. Пластид ішінде түзуші орталық пайда болады да, айналасында крахмал қабаттары түзіледі. Крахмал дәндері түзуші орталық санына байланысты үшке бөлінеді. Жай крахмал дәнінде түзуші орталық саны біреу болады және айналасында крахмал қабаттары орналасады. Күрделі крахмал дәндері түзуші орталық саны бірнешеу болады және айналасында крахмал қабаттары болады. Жартылай күрделі крахмал дәндерінде түзуші орталық саны бірнешеу, әрбір орталықтың өз қабаты бар және барлық дәндерге ортақ крахмал қабаттары да болады.
Майлар май тамшылары ретінде клетка органелласы – сферосомода жиналады. Әсіресе, майға өсімдіктердің тұқымдары мен жемістері бай. Химиялық құрамы жағынан майлар үш атомды спирттің (глицерин), күрделі эфирлер мен жоғары молекулалы май қышқылдарының ( пальмитин, стеарин, олейн және т.б.) қоспасы болып табылады.
Белоктар протеиндер клетка шырынында жиналады. Вакуоль солғанда алейрон дәндері түзіледі. Құрамында тек қана аморфты белок бар алейрон дәні жай дән деп аталады. Сонымен қатар күрделі алейрон дәндері де кездеседі. Күрделі алейрон дәндері тұқымдарында қор ретінде май жиналатын өсімдіктерге (зығыр, күнбағыс, асқабақ, үпілмәлік, қыша) тән. Белоктарға астық (Poaceae) және бұршақтұқымдас (Fabaceae) өсімдіктері бай.
Бақылау сұрақтары:
Ядро құрылымы, химиялық құрамы, қызметін сипаттаңыз.
Митоз кезеңдері, маңызына тоқталыңыз.
Мейоз. Негізгі ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.
Вакуоля және клетка шырынына талдау жасаңыз.
Лизосомдардың қызметін атаңыз.
Клеткадағы туынды заттарды сипаттаңыз.
Дәріс 5-6
Тақырыбы: Ұлпалар
Ұлпалар туралы жалпы түсінік.
Ұлпалардың жіктелуі.
Түзуші ұлпалар немесе меристемалар.
Жабындық ұлпалар.
Эпидерма-алғашқы жабындық ұлпа.
Перидерма-соңғы жабындық ұлпа.
Қыртыс немесе ритидом
Достарыңызбен бөлісу: |