Группа: 1601-10 Орындаушы: Кошер Н. Қабылдаушы: Исамет Н


Феодалдарға қарсы ауыл және қала тұрғындарының наразылығы



бет3/4
Дата02.04.2022
өлшемі0,67 Mb.
#137682
1   2   3   4
Феодалдарға қарсы ауыл және қала тұрғындарының наразылығы
XVII ғасырдың бірінші онжылдығында қолданыстағы жер мен егістік көлемі ұлғайды, Хидэеси кезінде орныққан 2-3 егістік көлеміне салынатын салық нэнегу Токугав кезеңіне қарағанда 40 пайызға төмен болған. Ауыл шаруашылық мәдениеті дамып, тәтті картоп өсіру, темекі, шай, қант өсіретін жерлер ұлғайған болатын.
Токугав тұсында феодалдық биліктегілер ауыл шаруашылығында қатаң тәртіп орнатты. Бұл тәртіп бойынга адамдарға тамақ ретінде күрішті пайдалануға тиым салды, мерекелік күндерде ғана күріштен тамақ жасалды, басқа күндер тамақты сұлы, арпадан жасады. Қымбат бағалы мата жібектен киім киіуге рұқсат етілмеді. Әр отбасына тұрғын үйдің көлемі өлшеніп берілді және көңіл төтеруге, театрға баруға, мерекелер өткізуге тиым салынды. Үйлену тойы, өлген адамдарды жерлеу сияқты қарапайым түрде өткізілді.
Феодалдар ауылдарды басқаруда ауыл жұмысшыларын биліктерге бөлді, әр бөліктің өз басшысы болды. Қиын жағдайларда ауылдан қашқан шаруалар үшін басшылары оның бөліміндегі басқа адамдарға салық салды.
Токугав сегунатының қатал полицейлік тәртібі феодалдарға қарсы бас көтерулерді тоқтата алмады. Сегун шаруалардың осы кезде әр ауданда болған 2726 бас көтеруін басқан еді. Сегундық билікке қарсы шыққандарды жанұясының алдында қатаң жазалады.
XVII ғасырдың 50 жылдарында әйгілі болған шаруалар арасында шыққан Согороны айтуға болды. Сегунның қатаң тәртібіне наразылық білдіргені үшін оның 4 баласын көз алдында өртеп, өзі ағашқа шегелеген.
Шаруалар даймелер мен байларға қарсылықтарын жалғастыра берді. Ауыл байлары феодалдардан рұқсат алып ауыл кедейлеріне салық салып, тонай бастады. Тарихи деректерде бұл оқиға XVII ғасырда болған шаруалардың феодалдарға қарсы бас көтерулерінің ішіндегі ірі қозғалыс еді, олар феодалдардың кеңсе, қоймаларын қиратып, олардың жақтаушыларын өлтірген.
  • Қала халқы феодалдар құрамына кірмеді, олар Токугавтың әлеуметтік жіктелуде төменгі сатыны иемденді. Олар көбінесе қолөнершілер мен саудагерлер еді, олардың басқа сословиялерге қарағанда құқықтары төмен болды. Сегун мен даймелер қала байлығына көз тігіп, қалада феодалдық тәртіпті орнатуға тырысады. Қалаларда ішкі сауда ісі өркендеді, ірі қалалар экономика мен саясаттын қызған орталықтарына айналды. Жапонияда мұндай қалалар саны 17-ге жетті. Маңызды сауда орталықтары Эдо, Осака, Киото, Сакай, Нагасаки болды. Сегундық астана Эдода байлардың кәсіпорындары жоғары биліктегілерге бағынды. Киото-император астанасы болды. Осака үлкен сауда орталығына айналды, онда саудагерлермен көпестер табыстарға жетті және де мұнда жұмысшылардың әр түрлі цехтары ашылды.
  • Осака қаласында жапонияның басты базары ашылды, көпестер мен даймелер онда өздерінің қымбат товарларын: күріш, жібек мата, фарфор, қағаз т.б. заттарын апарды. Осы жерде күріш қоймасы ашылып, адамдар жерлерін кепілдікке қойып күріш алды. Сонымен қатар балық, жеміс қоймалары да ашылды. Бірақ басты құндылық әлі де күрішпен өлшенді. Солтүстік және Онтүстік-батыс Кюсюда фарфор және қағаз өнірілді; Киота ауданы Нарада-жібек мата, сакэ, металдан жасалған бұйымдар; Нагоя Сэто аудандарында-керамика мен фарфор; Наганода-жібек мата; Сацумада-қант; Тоса мен Тесюда-қағаз өндірілді.
  • Мемлекетті басқару үшін үлкен аппарат құрылды. Оны жоғарғы мемлекеттік кеңес (додзекан) басқарды. Ол кеңеске 8 министрлік бағынды. Ел провинцияға (кундер) уездерге (корлер) бөлінді. Жалпыға бірдей әскери міндеткерлік енгізілді. Білім беру жүйесі Қытай үлгісімен құрылды. Қытай тілі үкімет басшыларының тілі болды. Мықтылар қытай тілінде сөйледі.
  • Жапониядағы феодализмнің дамуы самурайлардың қалыптасу тарихымен тығыз байланысты. Өйткені самурайлар феодализмінің негізін қалады. Сондықтан олардың қалыптасу тарихын қарастыру қазіргі таңда шығыс елдері тарихының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
  • Жапон қоғамындағы самурайлар Европа елдерінегі рыцарлардан экономикалық көзқарастары бусидо этникалық ілімдері және діндеріне байланысты ерекшеленген. Алайда екеуі де қоғамның әлеуметтік сатысында ерекше орын алады.
  • Самурай деген не? Бұл сөз жапон тілінде «Ұлы адамға, жоғары топқа қызмет ету» немесе «қожасына қызмет ету және оны қорғау» мағынасын береді екен. VII –VIII ғасырлардың аяғында самурай деген сөз «Жеке құл» деген мағына берген. Жапониядағы Тайхорицуре заңы бойынша 60 жастан асқан және науқас адамға бір самурай, 90 жастан асқан адамға екі самурай, 100 жастан асқан адамға бес самурай қызмет ететін болған.
  • ІХ ғасырда самурай деп сарайда қызмет ететін ханзадалар мен уәзірлердің жеке құлын атаған. Ал Х – ХІ ғасырларда самурай терминімен көп жағдайда вассалы, жасағы және атқа шаба білетін жоғарғы және орташа әскери феодалдардың құлын атаған. Самурай деп ХІІ ғасырдың соңында әскери феодалды, билеуші сёгунның тәуелді вассалын атаса, XVII ғасырда олай деп хамота – жоғарғы және артықшылығы бар әскери феодалдар тобының бір бөлігін атаған.
  • Самурай тарихының қалыптасу кезеңі төртке бөлінеді. Біріншісі – самурай тобының пайда болу және қалыптасу – VІІ – ХІ ғасыр; екінші кезең–топтың нығаю және дамуы – XI – XIV ғасыр; үшінші – самурай тобының толығымен қалыптасуы және кемелдену сатысы – XV –XVII ғасырлар; төртінші кезең – XVIII ғасыр -самурай тобының ыдырай бастауы және оның тап ретінде жойылуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет