«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 020 жылғы шілдедегі №360-vi кодексі


-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті



бет3/41
Дата18.04.2022
өлшемі1,78 Mb.
#139768
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
Кодекс РК О здоровье народа на госуд. языке
Тыныс сро, Антибиотиктер, 1.Еңбек жағдайл-WPS Office, 1212, 3-апта СӨЖ Беккали, көші қон, патан тест рк база, Документ Merey, философия, 1. Қазақстан Ре-WPS Office, 8апта социология, серозды туберкулез Шакен Э 13-2, Бақылау сұрақтары мен есептер, Фарма, Микро бөж 3сабақ Шакен Э
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) төтенше ахуалдар, төтенше жағдай режимін енгізу кезінде халыққа медициналық көмек көрсету тәртібін, түрлері мен көлемін айқындайды;
3) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды;
4) бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін айқындайды;
5) Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелу жағдайларын айқындайды;
6) адамның өмірі мен денсаулығына зиянды әсерін тигізетін, күшті әсер ететін заттардың тізбесін айқындайды;
7) бірыңғай дистрибьюторды айқындайды;
8) денсаулық сақтау саласындағы ұлттық операторды, оның функциялары мен өкілеттіктерін айқындайды;
9) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Кодекспен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
7-бап. Уәкілетті органның құзыреті
1. Уәкілетті орган:
1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) саламатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды қалыптастыруды ұйымдастырады;
3) халыққа профилактикалық екпелер жүргізуді ұйымдастырады;
4) аурулар мен жай-күйлер профилактикасының, диагностикасының, емдеудің және медициналық оңалтудың, сондай-ақ оларды бақылаудың жаңа әдістерін ендіреді;
5) денсаулық сақтау саласындағы мониторингті жүзеге асырады;
6) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін қалыптастырады;
7) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмектің тізбесін қалыптастырады;
8) денсаулық сақтау саласындағы, оның ішінде денсаулық сақтау саласында білім беру және ғылыми қызмет мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
9) денсаулық сақтау саласындағы халықаралық жобаларды іске асырады;
10) халықаралық медициналық-санитариялық қағидаларды ендіру және іске асыру жөніндегі қызметті салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
11) медициналық оқыс оқиға жағдайларын (оқиғаларды) айқындау, оларды есепке алу және талдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
12) әлемнің жетекші фармакопеяларының талаптарын Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады деп таниды;
13) дәрілік заттарға бағаларды мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
14) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық бұйымдарға бағаларды мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
15) бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін айқындайды;
16) биомедициналық зерттеулердің басым бағыттарын айқындайды;
17) медицина және фармацевтика ғылымының, медициналық және фармацевтикалық білім берудің дамуын қамтамасыз етеді және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми және білім беру қызметін үйлестіреді;
18) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады;
19) осы Кодекстің 26-бабының 3-тармағында аталған адамдарды кәсіптік құзыреттілікке аттестаттауды жүргізеді;
20) пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер өз қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын кәсіптердің, жұмыстар мен мамандықтардың тізбесін әзірлеуге қатысады;
21) денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарын қалыптастырады;
22) денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарларын келіседі;
23) денсаулық сақтау саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық етуді жүзеге асырады;
24) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарының басшыларымен денсаулық сақтау саласындағы қызметтің түпкі нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған меморандумдар жасасады;
25) денсаулық сақтау субьектілерінің қызметін үйлестіреді;
26) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
27) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік заңды тұлғалардағы корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі қызметті үйлестіруді және мониторингтеуді жүзеге асырады;
28) тәуекелге бағалау жүргізуге және тәуекелге бағалау жүргізу тәртібін белгілеуге құқығы бар ұйымдар үшін бірыңғай әдіснаманы айқындайды;
29) денсаулық сақтауды цифрландыру стратегиясын әзірлейді және бекітеді;
30) денсаулық сақтау саласындағы электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді құрады және олардың жұмыс істеуін, оларға Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
31) өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және есепке алу мен есептік құжаттаманың нысандарын әзірлейді және бекітеді;
32) денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды әзірлейді және бекітеді;
33) денсаулық сақтау саласындағы нұсқаулықтарды, алгоритмдер мен регламенттерді әзірлейді және бекітеді;
34) пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында медициналық ұйымдарда қолданылатын техникалық бақылау құралдарын, байқау және тіркеу аспаптарын, фото-, бейнеаппаратураларды қолдану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
35) денсаулық сақтау саласында құрметті атақтар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
36) көтермелеудің салалық жүйесі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
37) денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің үлгілік жүйесін әзірлейді және бекітеді;
38) денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттауды жүргізу тәртібін айқындайды;
39) өңірлерді медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етудің ең төмен нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
40) денсаулық сақтаудың кадр ресурстары бойынша ұлттық үйлестіруші туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
41) денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
42) денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын әзірлейді және бекітеді;
43) медициналық бұйымдарға белгіленген шекті бағалар бойынша медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттары шеңберінде бірыңғай дистрибьютор сатып алатын медициналық бұйымдардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;
44) Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасына бағалау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
45) медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткiзуді хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
46) Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды әзірлейді және бекітеді;
47) Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды қалыптастыру қағидаларын, белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
48) дәрілік заттардың ұтымды пайдаланылуына бағалау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
49) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
50) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
51) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарға, сондай-ақ медициналық бұйымдарға бағаларды реттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
52) Қазақстан Республикасында медициналық бұйымдарға сервистік қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
53) медициналық бұйымдардың оңтайлы техникалық сипаттамалары мен клиникалық-техникалық негіздемесіне сараптамалық бағалауды жүзеге асыру әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
54) келісімшарттық фракциялау жөніндегі өзара іс-қимыл қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
55) алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамын әзірлейді және бекітеді;
56) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу және олардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау кезінде сараптаманы жүзеге асыру үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
57) денсаулық сақтау ұйымдарында шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету үшін қажетті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;
58) халықаралық медициналық-санитариялық қағидалар бойынша ұлттық үйлестіруші туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
59) ақылы медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) ұсыну жөніндегі шарттың үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
60) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) емдеуді отандық медициналық ұйымдарда жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 60-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
60-1) емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
61) денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерді қалыптастыру (есептеу) әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
62) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
63) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдерін жоспарлау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
64) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
65) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынылатын медициналық көрсетілетін қызметтерге тарифтерді әзірлейді және бекітеді;
66) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларды есепке алуды жүргізу және медициналық көмек алуға құқықтар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
67) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерін есепке алуды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
68) денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін әзірлейді және бекітеді;
69) денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарын қалыптастыру, келісу және бекіту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
70) денсаулық сақтау ұйымдарының номенклатурасын және олардың қызметі туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
71) денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ең төмен стандарттарын әзірлейді және бекітеді;
72) денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарттарды келіседі;
73) көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамдарға медициналық қарап-тексеруді жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
74) психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну фактісін және масаң күйде болу жағдайын анықтау үшін медициналық куәландыруды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
75) иондаушы сәулеленудің әсеріне ұшыраған адамдардың қаны мен тіндерін алу, сақтау және пайдалану тәртібін әзірлейді және бекітеді;
76) иондаушы сәулеленудің әсерімен байланысты аурулардың тізбесін және себептік байланысты анықтау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
77) психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар, өздеріне қатысты психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымға жолдама беру қолданылмайтын адамдардағы медициналық қарсы көрсетілімдердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
78) клиникалық хаттамаларды әзірлеу мен қайта қарау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
79) клиникалық хаттамаларды практикалық денсаулық сақтауға ендіру және ендіру тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
80) медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
81) жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық пойыздар арқылы медициналық көмек көрсету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
82) осы Кодекстің 120-бабында белгіленген түрлерге сәйкес медициналық көмек көрсету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
83) Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
84) қанды, оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, сапасын бақылау, сақтау, өткізу номенклатурасын, қағидаларын, сондай-ақ қанды, оның компоненттерін құю қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
85) ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау, донордан реципиентке трансплантаттау қағидалары мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 86) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
86) дербес медициналық деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды денсаулық сақтау саласындағы басқа да дерекқорлармен байланыстыратын телекоммуникация желілеріне қосу қағидаларын әзірлейді және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
87) цифрлық денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды, сыныптау жүйелерін, анықтамалықтар мен номенклатураны әзірлейді және бекітеді;
88) денсаулық сақтау саласындағы медициналық ақпараттық жүйелерге қойылатын ең төмен талаптарды әзірлейді және бекітеді;
89) қашықтықтан медициналық көрсетілетін қызметтерге арналған электрондық ақпараттық ресурстарға қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
90) сырқаттанушылық пен адам өлімін кодтау жөніндегі нұсқаулықты, халықаралық сыныптауыштарды пайдалану жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
91) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша денсаулық сақтау саласында білім беру бағдарламалары бойынша оқыту құнын қалыптастыру әдістемесін бекітеді;
92) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру тәртібі мен әдістемесін айқындайды;
93) бірлесіп төлеуді жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
94) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарға және (немесе) медициналық бұйымдарға арналған шекті бағалар мен үстеме бағаларды қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
95) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарға және (немесе) медициналық бұйымдарға арналған шекті бағаларды және үстеме бағаларды қалыптастырады және бекітеді;
96) бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына арналған шекті бағаларды әзірлейді және бекітеді;
97) үкіметтік емес ұйымдар үшін, оның ішінде халықтың негізгі топтары үшін азаматтардың денсаулығын сақтау саласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру, оның іске асырылуын мониторингтеу және оны бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
98) кәсіптік аурулардың тізбесін айқындайды;
99) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалу мониторингін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
100) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
101) медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіп саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
102) «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген төтенше жағдай кезеңінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
103) денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында тамақтану стандарттарын әзірлейді және бекітеді;
104) медициналық ұйымдарда құпия аудит жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
105) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
8-бап. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органның құзыреті
Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган:
1) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы құқықтық актілерді және есепке алу мен есептік құжаттаманың нысандарын өз құзыреті шегінде әзірлейді және бекітеді;
3) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды;
5) сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық сараптамаларды қоспағанда, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес медициналық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
6) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мәселелері бойынша денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
7) денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттау жүргізуді ұйымдастырады;
8) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;
9) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
10) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізу және аккредиттеу туралы куәлікті кері қайтарып алу қағидаларын, мерзімдерін әзірлейді және бекітеді;
11) медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына аккредиттелген денсаулық сақтау субъектілері жүргізетін тәуелсіз сараптамаға ақы төлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
12) адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беруді жүзеге асырады;
13) туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру тәртібін айқындайды;
14) туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін, адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруді жүзеге асырады;
15) медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына сараптама жүргізу кезінде тәуелсіз сарапшыларды тарту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
16) медициналық көрсетілетін қызметтерге (көмекке) тәуелсіз сараптама жүргізу бойынша қызметтер көрсетуге денсаулық сақтау субъектілеріне қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
17) жүкті, босанатын әйелдердің қайтыс болу жағдайлары, сондай-ақ босанған әйелдер босанғаннан кейін күнтізбелік қырық екі күн ішінде қайтыс болған жағдайда, пациенттерге жоспарлы медициналық көмек (медициналық-санитариялық алғашқы көмек және мамандандырылған көмек, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтер) көрсету кезінде олардың кенеттен қайтыс болу жағдайлары туралы ақпарат (шұғыл хабархат) беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
18) тәуелсіз сарапшылардың тізілімін жүргізу қағидаларын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылардың бірыңғай тізіліміне енгізу және одан шығару негіздерін әзірлейді және бекітеді;
19) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасына қанағаттануы бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастырады, оның іске асырылуын мониторингтеуді және нәтижелерін бағалауды жүргізеді;
20) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін сақтауына мониторингті жүзеге асырады;
21) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүргізетін, медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелер мониторингінің нәтижелеріне денсаулық сақтау субъектілері шағымданған кезде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
22) бірыңғай медициналық ақпараттық call-орталықтың қызметін ұйымдастыру қағидаларын және оның қызметінің регламентін әзірлейді және бекітеді;
23) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
9-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның құзыреті
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган:
1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) өз құзыреті шегінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы құқықтық актілерді және есепке алу құжаттамасы мен есептік құжаттаманың нысандарын әзірлейді және бекітеді;
3) кәсіптік аурудың еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен байланысын анықтау сараптамасының қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4) санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүзеге асырады;
5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
7) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында ведомстволық статистикалық байқауды қамтамасыз етеді;
8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді құрады және олардың жұмыс істеуін, оларға Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
9) жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметтің түпкі нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған меморандумдар жасасады;
10) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу тәртібін айқындайды;
11) Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған ықтимал қауіпті химиялық, биологиялық заттардың тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды;
12) қалдықтардың адамға және қоршаған ортаға әсер ету дәрежесі бойынша (уыттылық дәрежесі бойынша) олардың қауіптілік сыныбын айқындайды;
13) медициналық қалдықтар бойынша ақпарат беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
14) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға инфекциялық аурулар, улану оқиғалары туралы ақпарат (шұғыл хабархат) беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
15) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бірлескен халықаралық жобаларды іске асырады;
16) халықты гигиеналық оқытуды ұйымдастырады;
17) тағамнан улану, инфекциялық, паразиттік, кәсіптік аурулар кезінде өз құзыреті шегінде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
18) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалау объектісінің, қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды береді;
19) инфекциялық және паразиттік ауруларға, инфекциялық ауруларды қоздырғыштардың микробқа қарсы препараттарға төзімділігіне, халыққа профилактикалық екпелер жүргізуге эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асырады;
20) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды;
21) аурулардан таза немесе аурулардың таралу деңгейі төмен аумақтарды (оның бір бөлігін) айқындайды;
22) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік пункттерді құрады;
23) эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
24) техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
25) халықтың декреттелген тобының адамдарын гигиеналық оқыту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
26) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын, тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру және олардың тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды;
27) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртiппен осы Кодекстің 24-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдауды жүзеге асырады, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiн жүргiзеді;
28) Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындайды;
29) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына сәйкес келмейтiн өнiмдердің тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
30) санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
31) халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына радиациялық бақылауды жүзеге асырады;
32) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауға жататын өнімді, оның ішінде тағамдық өнімді мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
33) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын, өндірісінде йодталмаған тұз пайдаланылатын тағамдық өнімнің жекелеген түрлерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
34) йод тапшылығы ауруларының профилактикасы саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
35) нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес өнімнің сынамаларын іріктеп алады;
36) микронутриенттік жеткіліксіздікке байланысты инфекциялық емес аурулардың, оның ішінде йод тапшылығы және темір тапшылығы ауруларының профилактикасы саласындағы қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;
37) медициналық қалдықтарды жинау, сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату тәртібін реттеуді жүзеге асырады;
38) медициналық қалдықтардың айналысына бақылауды жүзеге асырады;
39) инфекциялық емес ауруларды эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады;
40) ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарға, жерасты жұмыстарына еңбек шартын жасасу үшін, сондай-ақ халықтың декреттелген тобына жататын адамды жұмысқа жіберу үшін медициналық қарсы көрсетілімдердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
41) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
10-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік органның құзыреті
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган:
1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
3) өз құзыреті шегінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы құқықтық актілерді және есепке алу құжаттамасы мен есептік құжаттаманың нысандарын әзірлейді және бекітеді;
4) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды;
5) осы Кодекстің 230-бабының 1), 2), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген фармацевтикалық қызмет түрлерін, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асырады;
6) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
7) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді және тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізуді, мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алуды жүзеге асырады, Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
8) Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуді (әкетуді) келіседі;
9) тиісті фармацевтикалық практикалардың стандарттарын әзірлейді және бекітеді;
10) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен, осы Кодекстің 24-бабы 1-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді;
11) фармацевтикалық өнімге сертификат (СРР) береді;
12) дәрілік затқа, медициналық бұйымға интервенциялық клиникалық зерттеу жүргізуге рұқсат береді;
13) дәрілік заттың, медициналық бұйымның тіркеу куәлігінің қолданысын тоқтата тұру арқылы дәрілік затты, медициналық бұйымды медициналық қолдануды тоқтата тұру, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сериясын (партиясын) медициналық қолдануға тыйым салу туралы және айналыстан алып қою немесе медициналық қолдануды тоқтата тұру туралы шешімдер қабылдайды;
14) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасының сараптау және бағалау жөніндегі монополиялық қызметті жүзеге асыратын сынақ зертханаларын аккредиттеуді жүргізеді;
15) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
16) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес реттелетін салада тексеру парақтарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру жүргізудің жартыжылдық графиктерін әзірлейді және бекітеді;
17) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында инспекциялауды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
18) фармацевтикалық инспекцияларды жүзеге асырады;
19) Қазақстан Республикасының фармацевтикалық инспекторатын қалыптастыру, фармацевтикалық инспекторларының тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
20) нарықтан, оның ішінде медициналық ұйымдарда тәуекелге бағдарланған тәсіл ескеріле отырып, сапасы бақылануға жататын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды іріктеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
21) тауарларды таңбалау тәртібін және таңбалауға жататын тауарлардың айналымына бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындауға қатысады;
22) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
11-бап. Әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелері бар орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдардың құзыреті
1. Әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелері бар орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде:
1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер жұмыскерлерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
3) әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелердің қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
4) әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
5) әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелердің басшыларын лауазымдарға тағайындайды және лауазымдардан босатады;
6) денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілердің құрылуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
7) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің құрылымын, олардың қызметі туралы ережелерді әзірлейді және бекітеді;
8) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелердің үлгілік штаттары мен штаттық нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
9) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган мен оның аумақтық бөлімшесін бір мезгілде хабардар ете отырып, әскерлердің, бөлімшелер мен ведомстволық ұйымдардың аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді белгілейді (оның күшін жояды);
10) уәкілетті органмен келісу бойынша әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
11) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, мемлекеттік авиацияда, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;
12) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердегі (ұйымдардағы) тиісті контингентке медициналық қарап-тексеру жүргізу тәртібі мен мерзімділігін белгілейді;
13) ведомстволық әскери-медициналық (медициналық) статистикалық есептілік нысандарын әзірлейді және бекітеді;
14) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі:
1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясында қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді.
3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі:
1) уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
2) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында және мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді.
5. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы:
1) ведомстволық бағынысты ұйымдарда медициналық көмек көрсету, оның ішінде медициналық оңалту қағидаларын;
2) ведомстволық бағынысты ұйымдардың медицина мамандарын шетелде оқуға, біліктілігін арттыруға жіберу қағидаларын;
3) білім беру іс-шараларын жүргізу, шетелдік консультанттарды тарту қағидаларын;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді.
12-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының құзыреті
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары:
1) ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды;
2) денсаулық сақтау мен медициналық білім берудің жергілікті бюджеттерін және олардың атқарылуы туралы есептерді бекітеді;
3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін немесе жеңілдікті жол жүруді ұсыну туралы шешім қабылдайды;
4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде халыққа медициналық көмек көрсетудің жүріп-тұру сипатындағы жағдайда көлікпен қамтамасыз ету немесе медициналық көмек көрсету үшін ауылдық жерге шығу кезінде көліктік шығыстарды өтеу бойынша шаралар қабылдайды;
5) Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және (немесе) жеңілдікті шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы шешім қабылдайды;
6) денсаулық сақтау ұйымдарын дамыту мен олардың жұмыс істеуіне бағытталған іс-шараларды бекітеді;
7) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі халық санына шаққандағы есеппен мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды айқындайды;
8) донорларға қосымша көтермелеуді ұсыну туралы шешім қабылдайды;
9) халықты медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын өңірді медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етудің уәкілетті орган бекіткен ең төмен нормативінен артық қосымша кадрмен және материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы шешім қабылдайды;
10) өңірді медицина қызметкерлерімен кадрлық қамтамасыз етуді жоспарлауды жүзеге асырады және медициналық білім беру ұйымдарында медицина қызметкерлерін даярлауға тапсырысты орналастырады;
11) медициналық білім беру ұйымдарынан келген жас мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудың, сондай-ақ олардың жұмыспен өтеуі мен оларды ұстап қалу мониторингін жүзеге асырады;
12) саламатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыруға жәрдемдеседі;
13) жергілікті бюджеттердің құрамында йод тапшылығы ауруларының профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізуге арналған шығыстарды бекітеді;
14) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары, денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының йод тапшылығы ауруларының профилактикасы бойынша жұмыстың жай-күйі туралы ақпаратын тыңдайды;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) адамдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;
3) уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарындағы адамдарды күтіп-бағуға бақылауды жүзеге асырады;
4) коммуналдық заңды тұлғалар болып табылатын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін қамтамасыз етеді;
5) саламатты өмір салтын ынталандыру жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастырады;
6) денсаулық сақтау ресурстарын тиімді жоспарлау мен пайдалануды қамтамасыз етеді;
7) медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдайды;
8) халықтың денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
9) қан мен оның компоненттерінің ерікті өтеусіз донорлығын дамыту жөніндегі шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
10) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге шығатын Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары айқындайтын тізбе бойынша ел ішінде жол жүру ақысын төлейді;
11) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарын құрады;
12) уәкілетті органмен келісу бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
13) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуіне бақылауды ұйымдастырады;
14) жас мамандарды әлеуметтік қолдау және ұстап қалу шараларын қоса алғанда, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын кадрмен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;
15) денсаулық сақтау ұйымдарының желісін салу және дамыту, оларды қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша, оның ішінде дәріханалардың мемлекеттік желісін дамыту және дәріхана қоймаларын құру бойынша шаралар қабылдайды;
16) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін үйлестіреді;
17) төтенше ахуалдар, төтенше жағдай режимін енгізу кезінде тегін медициналық көмек көрсетуді, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етеді;
18) денсаулық сақтау саласындағы өңіраралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
19) денсаулық сақтау саласында кадрлар даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды қамтамасыз етедi;
20) денсаулықты нығайтуға, аурулардың профилактикасына, саламатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыруға қажетті іс-шараларды жүзеге асырады;
21) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрі-дәрмектік қамтамасыз етуді қоса алғанда, халыққа медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың профилактикасын және емделуін ұйымдастырады;
22) мүмкіндігі шектеулі балаларды ата-анасының немесе өзге заңды өкілдерінің келісімімен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жіберуді қамтамасыз етеді;
23) өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
24) уәкілетті органмен денсаулық сақтау саласындағы қызметтің түпкі нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған меморандум жасасады және оны іске асырады;
25) туберкулезбен ауыратын Қазақстан Республикасының азаматтарын мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы сот шешімінің орындалуына жәрдемдеседі;
26) профилактикалық дезинсекция мен дератизацияның (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) тиімділігін бағалай отырып, оларды ұйымдастырады және жүргізеді;
27) фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда, аудан орталығынан шалғайдағы елді мекендерде амбулаториялық жағдайларда медициналық-санитариялық алғашқы көмек, мамандандырылған медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізуді жүзеге асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды оқытуды жүргізеді;
28) ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) ерікті өтеусіз донорлығын дамыту жөніндегі шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
29) уәкілетті органмен келісу бойынша денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарын әзірлейді және бекітеді;
30) әскери қызметтің мүддесінде Қазақстан Республикасының азаматтарын медициналық куәландырудан өткізу үшін медициналық комиссияларды құрады және олардың қызметін қамтамасыз етеді;
31) мектепке дейінгі ұйымдарды, білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарын йодталған ас тұзымен және басқа да йод қосындыларымен байытылған тағамдық өнімдермен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
32) үкіметтік емес ұйымдар үшін, оның ішінде халықтың негізгі топтары үшін азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру, оның іске асырылуын мониторингтеу және оны бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
33) паллиативтік медициналық көмекті қоспағанда, паллиативтік көмек беру жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырады;
34) «Кәсібі бойынша үздік» аталымын береді;
35) интерндер мен резидент-дәрігерлерге тұратын және медициналық көмек көрсететін орындарды беруді (егер денсаулық сақтау ұйымы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы бар басқа елді мекенде орналасқан жағдайда) қоса алғанда, интерндер мен резидент-дәрігерлерді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің денсаулық сақтау ұйымдарына орналастыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз етеді;
36) медициналық қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жаратуды ұйымдастырады;
37) денсаулық сақтау ұйымдарының желісін дамытуды және денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарларын орындауды жүзеге асырады;
38) денсаулық сақтау жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруды, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы іс-шаралардың және Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесі шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
39) денсаулық сақтау саласында өңірлік электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілердің құрылуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
40) Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асырады.
13-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының құзыреті
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары өз құзыреті шегінде:
1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының орындалуын қамтамасыз етеді;
3) адамдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;
4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарын қоспағанда, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
5) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады;
6) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялайтын) препараттарды, медициналық бұйымдарды сатып алуды және сақтауды жүзеге асырады;
7) медициналық бұйымдарды, санитариялық көлікті, сондай-ақ мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына күрделі жөндеу жүргізуге көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастырады;
8) өңірді денсаулық сақтау саласындағы кадрлармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
9) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес мемлекеттік медициналық ұйымдарды күтіп-ұстауды және пайдалануды қамтамасыз етеді;
10) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары үшін денсаулық сақтау саласындағы коммуналдық заңды тұлғалардағы клиникалық базаларды береді;
11) төтенше ахуалдар кезінде тегін медициналық көмек көрсетуді, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
12) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады және үйлестiредi;
13) гигиеналық оқытуды, саламатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды насихаттау мен қалыптастыруды ұйымдастырады;
14) халыққа әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың таралуы туралы ақпарат береді;
15) Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау мәселелері бойынша халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;
16) статистикалық әдіснама талаптарын сақтай отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық статистикалық байқауды жүзеге асырады;
17) әскери қызметтің мүддесінде Қазақстан Республикасының азаматтарын медициналық куәландырудан өткізу үшін құрылатын медициналық комиссиялардың дербес құрамын әзірлеп, бекітеді және олардың қызметін ұйымдастырады;
18) уәкілетті органға денсаулық сақтау жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын орындау бойынша, сондай-ақ денсаулық сақтаудың негізгі сандық және сапалық көрсеткіштері бойынша тоқсан сайынғы есепті ұсынады;
19) уәкілетті органға тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде денсаулық сақтау жүйесінің қызметін жақсарту жөнінде, оның ішінде медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту, ана мен баланы қорғау және әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша бағдарламаны іске асыру жөнінде ұсыныс енгізеді;
20) уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын кадрмен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
21) халыққа профилактикалық екпелерді ұйымдастырады және жүргізеді;
22) Қазақстан Республикасының заңнамасында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асырады.
14-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық оператордың өкілеттіктері
Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық оператор денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық жобалар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асырады.
15-бап. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссия
1. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссия стандарттауды, клиникалық хаттамаларды, денсаулық сақтау саласында көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін бақылау жүйесінің стандарттарын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау, сондай-ақ осы Кодекстің 25-бабына сәйкес субъектілерді аккредиттеу мақсатында құрылады.
2. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссия мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдерінен қалыптастырылады.
3. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияны қалыптастыру тәртібін және оның қызметі туралы ережені уәкілетті орган айқындайды.
16-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің ведомствоаралық өзара іс-қимылы
1. Мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және басқа да мүдделі заңды тұлғалардың ведомствоаралық өзара іс-қимылы инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың туындау тәуекелі факторларын төмендетуге, төтенше ахуалдар кезінде іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған.
2. Мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және басқа да мүдделі заңды тұлғалардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан консультациялық-кеңесші орган - Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесі құрылады.
Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің негізгі міндеті Қазақстан Республикасының аумағында азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері жөніндегі стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда көзделген іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты, Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы негізгі бағыттарды айқындау жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау болып табылады.
Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі құрады.
3. Жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдері басқаратын өңірлік үйлестіру кеңестерін құрады.
Өңірлік үйлестіру кеңестерінің құрамын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті өкілді органдары бекітеді.
Өңірлік үйлестіру кеңестері Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің алдында жүргізілген жұмыс туралы міндетті және тұрақты негізде есеп береді.
4. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау мәселелері жөніндегі іс-шараларды және денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарын ұлттық есепке алуды жүргізуді ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады.
5. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде өзара іс-қимыл жасайды және Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын сақтауға бағытталған функцияларды іске асырады.
6. Қоғамдық денсаулықты сақтау бюджет қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған қосымша қаржыландыру көздері есебінен әлеуметтік жобалар мен гранттарды іске асыру арқылы жергілікті өзін-өзі басқару органдарын, үкіметтік емес ұйымдар мен қауымдастықтарды тарта отырып жүзеге асырылады.
7. Азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктер дәрілік заттардың, тағамға биологиялық белсенді қоспалардың, медициналық бұйымдардың, арнайы емдік тамақ өнімдерінің және емшек сүтін алмастырғыштардың нақты саудалық атауларының жарнамасын жүзеге асыруға құқылы емес.
8. Қоғамдық бірлестіктер мен басқа да коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтік мәні бар аурулардың, айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың профилактикасы мәселелерімен, сондай-ақ саламатты өмір салтын насихаттаумен және қалыптастырумен айналыса алады.
9. Ведомстволық медициналық қызметтері бар мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына өзіне ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарының (бөлімшелерінің) қызметі және бекітілген контингенттің денсаулық жағдайы бойынша ведомстволық есептіліктің ұсынылуын қамтамасыз етеді.
3-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ РҰҚСАТТАР МЕН ХАБАРЛАМАЛАР


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет