Халықаралық құқық негіздері


г﴿ жарықтандыруға қатысты талаптар



бет3/6
Дата22.04.2020
өлшемі154,94 Kb.
#64145
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
№12 дарис

г﴿ жарықтандыруға қатысты талаптар цех ішін,жұмыс орындарын қажетті жарық спектірлік құрамымен қамтамасыз етуі тиіс.СН 245-71-ге сәйкес табиғи жарықтандырылуы жоқ ғимараттарда арнайы шаралар қарастырылып,олар жасанды жарықтандыруды алмастыра алуы тиіс.Табиғи жарықтың адамға қолайлы екендігі белгілі,сондықтан да жарықтандыру тәртібін таңдап алу жобалаудың ең маңызды сатысы болып табылады.

д﴿Акустикалық талаптар қажетті дыбыс деңгейін бейтарап дыбыстарды оқшаулауды қамтамасыз етуі тиіс,себебі,артық дыбыс технологиялық жұмыстарға кері әсер етіп,жұмысшылардың тез шаршауына әкеліп соқтырады.Аталған технологиялық талаптардың өндірістің түріне қатысты екендігі белгілі.

Мәселен кейбір өндірістер үшін ауа ортасы мен акустика пәлендей маңызға ие болмауы мүмкін, ал енді біреулеріне мұның маңызы ерекше болуы мүмкін. Бұған қоса өндірістік жұмыстардың қоршаған ортаға белсенді әсер етіп, оны қолайсыз жағына қарай өзгертуі әбден ықтимал, сондықтан өндірістік ғимарат ішіндегі жасанды жолмен жасалған ортаны ғана емес ,қоршаған табиғи ортаны да әрдайым ескеріп отыру қажет. Көптеген технологиялық іс-әрекеттер ауаны, зиянды заттармен бүлдірудің көзі болып табылады. Бұған ғимарат ішіндегі адамдар желдеткіштер, аэрация т.б арқылы қорғалған болса, тұрбалар, фонарлар, шахталар арқылы ауаға бөлініп шығатын зиянды заттар қоршаған табиғи орта мен адамдар денсаулығы үшін аса қауіпті.

Технологиялық іс-әрекеттер сондай-ақ дыбыстың, дірілдің, электромагниттік толқындардың, радиацияның, иондық сәулелердің де көзі болып табылып, қоршаған ішкі және сыртқы ортаға кері әсерін тигізеді. Сондықтан осындай өндірістер, оның ішінде жылу электр станциялары, қоймалар мен құрылымдар үшін санитарлық классификация (СН 245-71,8- тарау ) белгіленіп,оған сәйкес барлық өнеркәсіп кәсіпорындарын бес дәрежеге бөледі. Бірінші дәрежеге-аса зиянды қалдықтар бөлетін өндірістік кәсіпорындар, ал бесіншісіне –ең төменгі зиянды әсері барлары жатқызылады .Осы санитарлық классификацияларға сәйкес санитарлық-қорғаныс аймақтары белгіленеді, былайша айтқанда мұндай өндірістік кәсіпорындар айналасында адамдар жиі болатын қандай да болмасын нысандар салынбауы тиіс.

Санитарлық –қорғаныс аймақтарының өлшемі бірінші дәрежеде 100 м,бесінші дәрежеде-50 м құрауы тиіс.Зиянды кәсіпорындарда адамдарды қорғау құрылыстың сипаттағы шаралар арқылы, ғимараттың санитарлық-техникалық және инженерлік жабдықтары есебінен іске асырылады. Технологиялық жұмыстың өзін жетілдіру барынша тиімді,сондықтан СН 241-71-де жобаның технологиялық бөлігін жасағанда мынадай шаралар көзделуі қажет:зиянды заттарды зияны аздарымен алмастыру,қатты және сұйық жанар-жағармайды (отынды) газ тәріздесімен ауыстыру,цех ішінде зиянды заттар бөлінбеуін болдырмау үшін технологиялық жабдықтарды бүтіндеу,өндірістік жұмыстарда автоматтандырылған бүтіндегіштерді енгізу т.б.

Қазіргі заманғы технологиялық жұмыстары бар өндіріс құрылысында зиянды заттар бөлінетін жағдайларда оларды атмосфераға шығармай тазарту қондырғылары қарастырылады. Өндірістік бөлмелерде дыбыстық шуды құрылыс құралдарымен де (шуды оқшаулау және жұтып алу) азайтуға болады. Алайда шу шығаратын технологиялық іс-әрекеттердің өзін басқалай операциялармен ауыстыру әлдеқайда пайдалы да тиімді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет