Химия пәнінен қызықты тәжірибелер


Қышқылдармен және сілтілермен жұмыс істеу ережелері



бет9/53
Дата05.10.2023
өлшемі41,84 Mb.
#183866
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   53
Байланысты:
ХИМИЯ ПӘНІНЕН ҚЫЗЫҚТЫ ТӘЖІРИБЕЛЕР

2.5. Қышқылдармен және сілтілермен жұмыс істеу ережелері



  1. Күйдіргіш затпен жұмыс істегенде тек нұсқауда көрсетілген тәжірибені жасау керек.

  2. Тәжірибе жасайтын ыдыстың тазалығын тексеру керек.

  3. Жұмысқа қажет емес заттарды алып тастау керек.

  4. Қышқылдармен және сілтілермен қорғаныс көзілдірігінсіз жұмыс істеуге жол берілмейді.

  5. Вакуум-эксикаторларда су сіңіруші құрал ретінде күкірт қышқылын қолдануға жол берілмейді.

  6. Төгілген қышқылдарды немесе сілтілерді құм сеуіп, бейтараптандыру және осыдан кейін ғана жинау қажет.

  7. Сілтілерді суға үздіксіз араластыра отырып заттың кішігірім кесектерін баяу қосып отыру жолымен ерітеді, сілті кесектерін қысқыштармен алу қажет.

  8. Пайдаланылған қышқылдар мен сілтілер жеке-жеке ыдысқа жинақталады және бейтараптандырылғаннан кейін канализацияға, шұңқырға немесе жергілікті жағдайларға сәйкестікте осы мақсатқа арналған басқа орынға тасталыну керек.

  9. Қ ышқылдарды сұйылтқанда мына ережелерді есте ұстандар: Суды шайқай отырып, оған қышқылды жайлап сыздықтатып құю керек, қышқылға су құюға болмайды!

  10. Қышқылмен, сілтілермен жұмыс істегенде сақ болыңдар! Егер байқамай қолыңа немесе киіміңе тиіп кетсе, қолма-қол суды көбірек пайдаланып жуып жіберу керек.

  11. Раковинаға қышқыл қалдығын төгуге болмайды және тәжірибеден қалған ерітіндіні арнаулы ыдысқа құю қажет.

  12. Егер, қолыңа қышқыл тамызып алсаң, раковинадағы сумен жуып жіберу керек және сода ерітіндісімен байтараптау қажет.



2.6. Жеңіл тұтанатын заттармен жұмыс істеу ережелері



  1. Жеңіл тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды (қайнаудың төменгі температурасына ие заттарды қоспағанда) зертханалық бөлмеде тығындары жабылған жуан қабырғалы банкілерде сақтау қажет. Банкілерді тығыз жабылатын қақпақшалары бар, қабырғалары мен түбіне асбест төселген металл жәшікте орналастырады.

  2. Жеңіл тұтанатын сұйықтықтарға арналған шыны ыдыс көлемі 1 литрден аспайды, одан үлкен ыдыс болған жағдайда ол ауа өткізбейтін металл қаптамамен жабдықталады.

  3. Жеңіл тұтанатын затпен жұмыс істегенде, спиртшам мен электрқыздырғышты өшіріп қою керек.

  4. Жеңіл тұтанатын сұйықтықтарды 0,5 литрден астам көлемде қыздыру кезінде құрал астына сұйықтық құйылуының алдын алу үшін жеткілікті сыйымдылықтағы кюветті қою қажет.

  5. Жанғыш сұйықтықтармен жұмыстар жүргізілген ыдыстарды зерттеу аяқталғаннан кейін жуу қажет.

  6. Жанғыш сұйықтықтарды канализацияға құюға жол берілмейді. Пайдаланылған жанғыш сұйықтықтар тұмшаланған жабық ыдыста жинақталады және жұмыс күнінің аяғына қарай регенерациялау және осы сұйықтықты жою үшін зертханадан шығарылып тасталынады.

  7. Спиртшамды жанып тұрғанда ашық тастап кетуге болмайды, қақпағын жабу арқылы өшіріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   53




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет