Байланыс түзу кезінде кез келген элемент өзінің сыртқы қабатын 8 электронмен (октет) толтыруға тырысады;
Коссель теориясы (1916 ж):
Әрекеттесу кезінде электртерістілігі төмен химиялық элемент электрондарын беріп, оң зарядталған ионға (катионға), ал электртерістілігі жоғары элемент электрондар қосып алып, теріс зарядталған ион (анионға) айналады. Олардың бір-біріне тартылуы нәтижесінде химиялық байланыс түзіледі.
Валенттік байланыс теориясының негізгі қағидалары (В.Гайтлер, Ф.Лондон (1927 ж):
Коваленттік байланыс атомдардың спиндері қарама-қарсы екі электрондарының қарама-қарсы ядроларға жұп түзе тартылу нәтижесінде түзіледі;
Байланыс түзілу кезінде электрон бұлттары бүркеседі. Электрон бұлттарының бүркесу дәрежесі неғұрлым жоғары болса, солғұрлым байланыс энергиясы жоғары (мықты), ал байланыс ұзындығы қысқа болады.
(Коваленттік) байланыс қанымдылығымен, полюстілігімен және бағытталуымен (валенттік бұрыш) сипатталады
Коваленттік байланыстың түзілуі (В.Гайтлер мен Ф.Лондон есептеулері)