I. Дәріс тақырыбы: Кіріспе. Аналитикалық химия пәні. Сапалық талдау әдістері.
Аналитикалық химия – затты талдау әдістері, заттардың химиялық құрамы мен олардың химиялық құрылымын анықтау әдістері және принциптері туралы ғылым.
Аналитикалық химия– затты талдау әдістері, заттардың химиялық құрамы мен олардың химиялық құрылымын анықтау әдістері және принциптері туралы ғылым.
Халық шаруашылығының көптеген саласында қолданылатын химиялық әдістің көптеген түрлері аналитикалық химияға негізделген. Сонымен қатар, өндірістің түрлі саласында да шикізаттың және өнімнің сапасын анықтайтын арнайы аналитикалық бақылау қызмет орындары бар.