Қыдыршаев indd



Pdf көрінісі
бет8/73
Дата07.02.2022
өлшемі4,53 Kb.
#85808
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   73
Байланысты:
Қыдыршаев

«шешендік»
өнер ретінде қалыптасты. 
Шешендіктанудың гүлдену кезеңі мемлекеттегі жетекші рөлді халық 
жиналысы, бесжүздік кеңесі, халық соты сияқты үш ұйым атқарған 
афиндік құл иеленушілік демократияның өркендеуіне сәйкес келеді. 
Барлық үш ұйымда да жанды сөз өнері істің мәнін айқара аша оты
-
рып, оның сәтті шешілуіне көмектесе келе, аса мәнді рөл атқарады, 
ал сотта шешендік соттық талқыламалардың ойдағыдай аяқталуына 
маңызды жағдай туғызды. 
Антикалық шешендік туралы толыққанды алғашқы түсінікті Пе
-
рикл дәуірінің (б.э. дейінгі V ғ.) мәлімет көздері береді. Бұл мемлекеттік 
қайраткер өз сөздерінің адамдарға әсер ету күшінің басымдылығына 
ие атақты шешен ретінде белгілі болатын /Мәселен, оның Пелопо
-
несс соғысының алғашқы жылында қаза тапқан афиндықтарды жер
-
леу кезінде сөйлеген атақты «Қабір басындағы сөзі»/. Ежелгі дүние 
шежіресі Афиннің құл иеленуші демократиясына Периклдің /б.з.д. 
490-429 ж.ж. / ұзақ жылдар бойы көсемдік еткенін біледі. ол туралы 
тарихта гректердің: «Әрі салмақты, әрі салауатты жан еді. Ашына 
сөйлегенде, Күнді күркіретіп, дұшпандарына жай отын шашатын 
Зевске ұқсап кететін», - деген сипаттамасы сақталған. Периклдің 
мемлекет басқаруы тұсында – дәлірек айтсақ, б.з.д. 440 жылы - 
афиндіктердің аяусыз билеп-төстеуіне шыдамаған Самос аралының 
халқы қарулы көтеріліске шығып, екі жақтан да көп адам қаза таба
-
ды. Әскері шайқасты үлкен шығынмен басқан Перикл соғыс дала
-
сынан оралмағандарды еске түсіру, халықтың ауыр қазасына көңіл 
айту мақсатымен қолма-қол елін жиып, мінбеге көтеріледі. Афин 
көсемі сөзінің өте әсерлі болғаны туралы деректерді зерделеуші 
_______________________

Коракс еңбектері бізге дейін жетпеген. Біз ол туралы өзге антикалық 
дәуір авторларынан білеміз. Бұл дәйексөз де солай.


18
19
М.Б.Буташевич-Петрашевский: «Бұл сөздің халықты ерекше баурап 
алғаны соншалық – барлық ана һәм жесір біткен өздерінің алтыннан 
ардақтыларының ажалына себепкер болған күнәһарды гүлге бөлеп, 
киген киімінің етек-жеңін шаттана сүйгіштеп, қала ішімен салтанат
-
ты түрде қолдарына көтеріп алып жүріпті», - деп жазады. 
Тап осы тұста шешендіктану теориясы пайда болды. оның 
негізін салушылар – 
Коракс, Лисий және Горгий
.
Ежелгі Грециядағы шешендіктің майталман шеберлері софистер 
болды. олар әртүрлі көзқарастағы адамдар арасында сөз жарысын 
ұйымдастырады, сиқырлы сөзді мың құбылта қолданудағы алғырлық 
пен тапқырлық танытудан жарысады. Софистер жастармен жүргізер 
өз теориялық және практикалық сабақтарының мақсаты ретінде 
оларды қоғамдық өмірге әзірлеу деп есептеді. Сондай-ақ риторлар
-
ды /кәсіби шешендер/ әзірледі. Пікірталас /дискуссия/ ұйымдастыру 
өнерін, дәлелдеуді үйлестіре білуді дамытты, логикалық ойлау 
мәдениеті деңгейін көтерді. Шешендік туралы тұңғыш оқулықтардың 
бірін софист Горгий жазған. 
Грек философтары Платон 
(б.э. дейінгі 427-347 ж.ж.)
мен Арис-
тотель 
(б.э. дейінгі 384-322 ж.ж.)
шешендіктің теориясына орасан 
зор үлес қосты. 
Платон
: «Шешендік – сендірудің шебері, оның бар мәні де, 
міндеті де осында», - деп шешендіктану ілімінің салмағын анықтайды 
[5,265].
Шешендіктану теориясы дамуының тұтас дәуірін ежелгі грек 
философтарының феномені болған Аристотель шығармашылығы
алады. Шешендік өнерін дамыта келе Аристотель шешендіктану пәнін 
оған дейінгі айтылған көзқарастармен салыстыра отырып, біршама 
деңгейде кеңітті. Аристотель шешендіктануды белгілі бір жекелеген 
пәндердің тобына қосылмайды деп үйретеді. ол әрбір пәнге сәйкесті 
сендіру құралын таба білуге қабілетті. Бұнымен ол емдеу ісі, ариф
-
метика, геометрия сияқты т.б. арнайы ғылым салаларынан бөлектене 
көрінеді. Риторика - диалектикаға сәйкесті өнер. оған жалпылылық 
характері тән. Риторика әрбір қадам сайын қолданылады: ол жеке 
адамның күнделікті өмірлік қажеттіліктеріне қатысты істерінде де, 
сондай-ақ мемлекеттік мәндегі істерінде де бірдей керектігі даусыз. 
Риториканың мақсатын, оның жан-жақтылы қалпын түйіндей 
келіп, Аристотель шешенді өз мақсатына жету үшін нені қолдануы 
тиістілігіне үйретеді. Шешеннің қолдануындағы сендіру амалда
-
рын қарастыра келіп, Аристотель өз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   73




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет