Қылмыс деп танылады. Қылмыстық теріс қылық



бет10/29
Дата07.02.2022
өлшемі71,63 Kb.
#84217
түріКодекс
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29
Байланысты:
ҚҚ 3,4,5 Қылмыс Құрамы
маршр.парақ, маршр.парақ, Физика СОР 7 сынып, Физика СОР 7 сынып, Физика СОР 7 сынып, Физика СОР 7 сынып, Физика СОР 7 сынып, Физика СОР 7 сынып, ҚҚ 7 Қ.Құқықбұз. көптігі, 1- күнгі праткикалық тапсырмасы 1
Интеллектуалдық кезеңде - адам өз iз-əрекетiнiң қоғамға қауiптi екендiгiн ұғынуы жəне оның қоғамға қауiптi зардаптарының болуын алдын ала көре бiлуi – қылмыс жасау жағын көрсетедi.

  • Ерiктiлiк кезеңде - қоғамға қауiптi зардаптың болуын тiлеу немесе зардаптарды жеткiлiктi негiздерсiз жеңiлтекпен болғызбау мүмкiндiгiне сенуiн көрсету арқылы анықталады.

  • Эмоцияналдық (сезiмдiк) кезең - кiнəнi құрайтын психикалық қатынастың бiр құрамы. Эмоция – бiрiншi –аяқ астынан пайда болған эмоциялық реакция ретiнде көрiнедi;

    Кейде эмоциялар интеллектуалды кезеңге əсер ете отырып қылмыстың жасалуына да септiгiн тигiзуi немесе жан күйзелiсi əсерiнен қылмыстың өзiн туғызуы мүмкiн.
    Абайсыздық менмендіктен және немқұрайдылықпен жасалады.

    • Егер адам өз әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) қоғамға қауiпті зардаптар туғызу мүмкiндігін алдын ала болжап білген болса, бiрақ бұған жеткiлiктi негiздерсiз жеңiлтектікпен бұл зардаптарды болдырмауға болады деп есептеген болса, қылмыстық құқық бұзушылық менмендiкпен жасалған деп танылады. Абайсыздық түрлерiнiң əрбiреуiне жеке-жеке сипаттама беру арқылы оларды ортақтастыратын немесе бiр- бiрiнен ажырататын белгiлердi анықтауға болады. Сонымен, қылмыс менмендiкпен жасалған деп танылады, егер:

    1. Адам өз iс-əрекетiнiң қылмыстық белгiлерiн ұғынса, оның қоғамға қауiптiлiгiн ұғыну мүмкiндiгi болса жəне оны ұғынуға мiндеттi болса;

    2. Өз iс-əрекетiнiң қоғамға қауiп туғызуы мүмкiн екенiн алдын-ала бiлсе;

    3. Зардаптарды болғызбау мүмкiндiгiне сенсе;

    4. Зардаптарды болғызбау мүмкiндiгiне жеткiлiктi негiздерсiз жеңiлтектiкпен сенсе.



    • Егер адам өз әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) қоғамға қауiптi зардаптар туғызу мүмкiндігін алдын ала болжап білмеген болса, дегенмен тиістi ұқыптылық пен сақтық танытқанда, осы зардаптарды алдын ала болжап білуге тиiс және біле алатын болғанда, қылмыстық құқық бұзушылық немқұрайлылықпен жасалған деп танылады. Қылмыстық немқұрайдылық кiнəнiң нысаны ретiнде сипатталады, егер:

    1. Кiнəлi өз iс-əрекетiнiң қоғамға қауiптi зардаптарының болуы мүмкiн екенiн болжап бiлмесе не алдын ала бiлмесе;

    2. Бiрақ ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап бiлуге мiндеттi болса;

    3. Зардаптардың болатынын болжауға мүмкiндiгi болса;



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет