Ингаляциялық емес наркозға арналған заттар


Этил спирті, әсер етуі, қолданылуы



бет3/4
Дата25.12.2021
өлшемі18,28 Kb.
#105540
1   2   3   4
Байланысты:
Кесте Наркоз Этил спирті

Этил спирті, әсер етуі, қолданылуы





Орталық жүйке жүйесіне резорбтивті әсерімен этил спирті наркотикалық әсерлі заттарға жатады. Этил спирті аналгетикалық қасиетке ие. Этил спирті терморегуляция процесстеріне әсер етеді.

Жергілікті қолданғанда, этил спирті микробқа қарсы әсер етеді, антисептикалық зат ретінде сыртқа 70%; 90% немесе 95% спирт қолданылады. Этил спиртінің микробқа қарсы әсері, оның микроағза ақуыздарының денатурациясын (ұюы) болдыруымен байланысты.

25% этил спиртін хирургиялық аспаптарды, инелерді, катетерлерді тазалау үшін қолданады. 70% спирт хирург қолын және операциялық аймақты тазалағанда қолданылады, жоғары концентрациялы спирт ақуызды заттарды ұйытады, терінің терең қабаттарына өте алмайды, тек терінің беткей қабатын зарарсыздандырады.

Этил спирті концентрациясына байланысты тітіркендіргіш немесе бырыстырғыш әсер көрсетеді. Бырыстырғыш әсері күйікті емдегенде қолданылады, осы мақсатпен 95% спиртті пайдаланады. 40% спирт тітіркендіргіш әсерімен ішкі мүшелер, бұлшық еттер, нерв талшықтары, буын қабыну ауруларында спиртті компресс үшін қолданылады.

Аз концентрацияда (20% дейінгі) этил спирті тәбетті ашады, ас қорыту бездерінің секрециясын күшейтеді. Кейбір жағдайларда (төменгі концентрацияларда) тым арық науқастарға тағайындайды, себебі оның энергетикалық мәні бар.

Этил спиртінің анальгетикалық әсері жаралану, жарақаттану кезіндегі шоктың алдын-алу шараларында қолданылады. Бұл жағдайда шокқа қарсы сұйықтар құрамында спирт көк тамырға енгізіледі.



Көп мөлшерлі концентрацияда этил спирті ас қорыту ферменттерін бұзады, ас қорытудың бұзылуларына алып келеді. Ұзақ қолданғанда oғaн бейімделу және дәріге тәуелділік дамиды.

Спиртті iшімдіктердi қабылдау, этил спиртінің қандағы концентрациясына байланысты жедел улануларға әкелуі мүмкін. Этил спиртімен созылмалы улану (маскүнемдік) түрлі көріністермен сипатта­лады. Әcipece жоғарғы жүйкенің қызметі, интеллект ауыр зардап шегеді. Ақыл-ой қабілеті, назары, есте сақтау төмендейді. Психикалық бұзылыстар дамуы мүмкін. Күрделі бұзылыстар iшкi мүшелер жағынан да байқалады. Мысалы, маскүнемдікте созылмалы гастрит, бауыр циррозы, жүректің және бүйректің майлы дистрофиясы бipгe жүреді.

Маскүнемдікті емдеудің нeгiзгi мақсаты этил спиртін қабылдауды тоқтату және oғaн тepic көзқарастарды туғызу. Этил спиртін қабылдауды біртіндеп тоқтату керек, өйткені оны қабылдауды күрт тоқтатқанда түрлі психикалық бұзылыстарды шақыруы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет