Исследование урока методические рекомендации Астана 2016 удк


Сабақты зерттеу үрдісі мен ашық сабақтардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары



бет3/13
Дата30.11.2023
өлшемі265,65 Kb.
#194227
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУДІ ҚАЛАЙ САПАЛЫ ЖҮРГІЗУГЕ БОЛАДЫ ДОРАБОТАННЫЙ
Ахмет Айтолкын СРС 2ФГМ
Сабақты зерттеу үрдісі мен ашық сабақтардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары

Т.Чичибу өзінің «Сабақты зерттеу әдісін мектептерде қолдану» таныстырылымында Сабақты зерттеу үрдісін Қазақстандағы ашық сабақтарға ұқсас екенін айтады. Енді бүгінгі күнге дейін Қазақстанның мектептерінде қолданылып жүрген ашық сабақтарға тоқталайық.


Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәліметтерге сүйенетін болсақ, ашық сабақ – басқа мұғалімдер мен шақырылған адамдар қатысатын сабақ. Ашық сабақты оқу тәрбие жұмысының неғұрлым тиімді амалдарын көрсету және тарату мақсатымен, әдістемеде қиын және жеткіліксіз өңделген оқу бағдарламасының тақырыбы бойынша білікті мұғалімдер өткізеді (https://kk.wikipedia.org/wiki). Келесі дереккөзде Ашық сабақ – әріптестерін білім беру саласындағы қандай-да бір жаңа әдіспен таныстыру мақсатында өткізілетін сабақ деп көрсетілген. Егер мұғалімде әріптестеріне таныстыратындай жаңалық болмаған жағдайда өзінің тәжірибесінде жоғары нәтиже беретін бұрыннан пайдаланып жүрген әдістерін пайдаланып ашық сабақ өткізу орынсыз екені айтылған.
Ал, нақты тәжірибеге сүйенетін болсақ, қазір Қазақстан мектептерінің басым көпшілігінде ашық сабақтар өткізу оның нақты мақсатынан алшақтап кеткен. Мектептерде ашық сабақтарды өткізу:

  • әріптестеріне таныстыратын жаңалықтары болмаса да кезекті аттестаттаудан өтетін мұғалімдерге міндеттелген;

  • мектептегі пән апталықтарында негізгі басымдық сол пән бойынша сыныптан тыс шараларға берілу керек екені белгілі болса да, негізгі басымдық бірлестік мүшелерінің барлығының міндетті түрде ашық сабақтар өткізуіне берілген;

  • әлі тәжірибе жинақтамаған жас мамандарға ашық сабақ өткізу міндеттеледі.

Ашық сабақтарға қатысу барысында көбінесе мұғалімдер әріптесінің тәжірибесімен бөліскеннен көрі, ашық сабақты өткізген мұғалімді бағалаумен шектеледі. Ашық сабаққа қатысқан мұғалімдердің ішінен сол сабақта танысқан педагогикалық әдістерді өз сабақтарына қолданып жатқандары өте аз. Сабақты зерттеу бойынша өткізген оқыту семинарларында: «Әріптесіңіздің өткізген ашық сабағына қатысу сізге қаншалықты пайдалы?» деген сұраққа мұғалімдердің 80 пайызға жуығы ешқандай пайдасы жоқ екенін, ал, өздері өткізетін ашық сабақтарына дайындық барысында көп ізденетіндерін, бірақ ашық сабақ бойынша әріптестерінің берген кері байланыстарын болашақта даму үшін пайдаланбайтындықтарын айтады. Ашық сабақты жылына бір рет өткізу өзінің міндеті ретінде қабылдайды.
Ал, Сабақты зерттеу үрдісі бойынша кем дегенде үш цикл арқылы қандай да бір оқыту әдісін зерттеп, оның тиімділігі мен қолдану алгоритмін анықтағаннан кейін, сол әдісті Сабақты зерттеу тобы ашық сабақ арқылы басқа әріптестеріне таныстырады және тәжірибелерінде пайдалануға ұсынады. Міне, ашық сабақ пен Сабақты зерттеу үрдісінің ұқсастығы осы.
Айырмашылығына тоқталатын болсақ, ашық сабақ мұғалімнің әрекетін, ал, Сабақты зерттеу үрдісі оқушының оқу процесін бақылауға бағытталады, ашық сабақта оқушыларға берілетін тапсырмалар мен жаттығулар жоспарланса, зерттеу сабағында оқушыларға берілетін тапсырма және жаттығулармен қоса, оқушының әдіс-тәсілді қолдану барысындағы болжамды жауаптары жоспарланады. Мұғалімнің өткізген ашық сабағы соңында бағаланатын болса, Сабақты зерттеу үрдісі мұғалімнің кәсіби дамуына бағытталады. Ашық сабақты өткізу ерікті түрде болса, мектептің даму жоспарына сәйкес зерттеу сабағын өткізу мұғалімге міндеттеледі.
Осындай ұқсастықтары мен айырмашылықтарын бағамдай келе, Қазақстан мектептерінде ашық сабақтардың орнына Сабақты зерттеу үрдісін енгізу XXI ғасырда мұғалімдер мен оқушылардан талап етіліп отырған дағдыларды дамытуға зор ықпалын тигізетінін айтуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет