IV-тоқсан БЖБ «Тұқымқуалаушылық және өзгергіштік» бөлімі бойынша Тапсырма №1 1.а Бос орынды толтырыңыз: 1.__________________ барлық организмдердің ата-тегіне тән белгілері мен ерекшеліктерін ұрпақтан-ұрпаққа беру қасиеті.
2. __________________ барлық тірі организмдерге тән жаңа белгілердің пайда
болуы.
b.Шындық, Жалған тапсырмасы
№
Сипаттамасы
Ж
Ш
1.
Тұқым қуаламайтын өзгерістер бұл көздің, терінің, шаштың түстері, бойы, жыныстық айырмашылықтар.
2.
Тұқым қуаламайтын өзгерістер кері сипатқа ие, олар модификациялық белгілер деп аталады.
3.
Егіздік әдіс-адамның хромосомалар санын және құрылымын микроскоптық зерттеп білуге негізделген.
4.
Генеалогиялық әдіс адамның көптеген белгілерінің тұқым қуалауын олардың шежіресін зерттей отырып анықтайды.
«Көбею. Өсу және даму» бөлімі бойынша Тапсырма №2 Суретте өсімдіктердің өсімді көбею тәсілдері бейнеленген.