1 желтоқсан –Елбасы күніне арналған бірнеше іс –шаралар жоспарланып өткізілді.Шығарма жазу байқауы, суреттер байқауы, спорттық ойындар өтті. «Әділет» оқушылар ұйымы салтанатты сап ұйымдастырды.
Тәуелсіздік күні
Тәуелсіздік күні қарсаңында біздің мектепте Қазақстан Республикасы, оның символдары мен дәстүрлері туралы балалардың білімдерін кеңейту мен тереңдету мақсатында іс-шаралар өтті.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралардың барлығы құрылған жоспарға сәйкес өтті. 1-11 сынып жетекшілері «Тәуелсіз Қазақстан», «Тәуелсіздік желтоқсанның жемісі» тақырыптарына тақырыптық сынып сағаттарын өткізді. Мерекеге орай салтанатты іс-шара өтті. Бұл іс- шараны мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Алиева Балапан Болатқызы мен 11 –сынып оқушылары өткізді. Әр сынып оқушылары патриоттық әндер орындалды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнін тойлау құрметіне мектебіміздің ең белсенді оқушылары «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына алынды. «Жасқырандықтар» мен «Жасұландықтар» жақсы оқуға, мемлекеттік рәміздерді сыйлауға, өз елінің лайықты азаматы болып өсуге ант берді. ... Іс-шара мақсаты патриоттықты, Отанға деген сүйіспеншілікті, балалардың қоғамның мәдени және шығармашылық өміріне қатысуға ұмтылысын тәрбиелеу. Іс-шара ойдағыдай өтті.
Достарыңызбен бөлісу: |