Жай есептер арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру


Жай есептер арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру



бет5/9
Дата09.06.2023
өлшемі78,37 Kb.
#178551
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Жай есептер арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру (копия)
18.-Онтогенез-организмдердің-жеке-дамуы

2 Жай есептер арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру



2.1 Есептер арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру


Жаңа педагогикалық технологияны қолдану дегеніміз- келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді шығармашыл болуына жағдай жасау. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашыл ізденісі, өз пәніне сүйіспеншілігі, өз алдындағы шәкірттерді бағалауы ерекше орын алады.Осы жағдайларды ескере отырып, өз тәжірибеме академик П. М. Эрдниевтің «Дидактикалық бірліктерді ірілендіру» технологиясы бойынша жұмыс жасап келемін. Автор оқу материалына кіші көлемде берілетін ақпаратты алып тастамай, олардың құрамын өзгертіп, ірілендіріп беруді ұсынады. Бұл жағдайда материал терең меңгеріліп, ойлауға, дамуға өріс ашылады. Бүгінде ДБІ технологиясы ретінде кеңінен қолданылады. ДБІ әдістемесін жүзеге асырудың негізгі қағидалары төмендегідей:

  1. Қарама-қарсы ұғымдарды, әрі өзара байланысты операцияларды қатар оқыту.

  2. Тура есепке кері есеп ойлап табу, шығаруды кеңінен қолдану.

  3. Деформацияланған жаттығуларды пайдалану.

  4. Өзбетінше шығармашылыққа берілетін тапсырмалардың үлес салмағының артуы.

Оқыту практикасы қосу мен азайту, көбейту мен бөлу бұрынғыдай төрт бөліп, тақырып етіп өтілмей, қатар ұсынылуының тиімділігін көрсетіп отыр. Бұл арқылы оқу уақыты үнемделеді. Үнемделген уақыт білімді тереңдетуге қажет. Ойлау операциялары арқылы баланың дамуы жеделдейді. Оқытудың гумандық ізгіліктік принциптеріне сәйкес оқушы мен мұғалім арасында жаңаша қарым-қатынас қалыптасады. ДБІ –технологиясының басты ерекшеліктерінің бірі кері есептерді шығару. Кері есептерді шығару, тура есепті кері есепке айналдыру арқылы баланың белсенділігі артады, шығармашылық дербестігі пайда болады. Жаңа буын оқулыққа бес түрлі қосындыны табуға, қалдықты, бірнеше бірлікке артық не кем санды табуға, айырмалық салыстыруға берілетін есептердің кейбіріне кері болып табылатын есеп ретінде белгісіз қосылғышты, азайғышты табуға байланысты есептер 1-ші сыныптан бастап енгізілген. 3-ші сыныпта «көбейту мен бөлу» өзара кері амалдар тақырыбын өткенде 1 амалды есепке кері есептер құру қажет. Кері еесептер құру үшін, оқушылардың уақытын үнемдеу үшін сызбаны пайдаланамын Мысалы: мұғалім 15кітапты 3 оқушыға тең бөліп берді. Әр оқушы неше кітаптан алды? Кері есеп сызбасы:
15:3=5 (кітап саны)

15:5=3 ( оқушы саны)


5*5=15 (барлық кітап)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет