Жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге қатысты
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, даму карталарына сай әзірленудегі жобалау-сметалық құжаттамалардың сараптама қорытындысын алу бойынша қала және аудан әкімімен бекітілген іс-шара жоспары құрылыс басқармасына ұсынылмаған.
2021 жылға дейін әзірленуі аяқталмаған (Тараз-47, Байзақ-5, Жамбыл-16, Қордай-8, Меркі-18, Т.Рысқұлов-4, Жуалы-15, Сарысу-1, Шу-14, Мойынқұм-3) жобалар бойынша 1 ай мерзім ішінде сараптама қорытындысын алуға тапсырамын. Орындалмаған жағдайда жауапты тұлғалар мен салаға жауапты аудан әкімі орынбасарының жауапкершілігін қарау бойынша шешім қабылданатынын қатаң түрде ескертемін.
Құрылысы
Бұдан бөлек, Жамбыл облысы әкімінің 2018 жылғы 27 наурыздағы №50 қаулысымен бекітілген «Бюджет заңнамасының орындалуының тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының» 7.11-тармағына сәйкес, әзірленген жобалау-сметалық құжаттамалардың техникалық көрсеткіштері сараптамаға тапсырар алдында бюджеттік бағдарлама әкімшісі облыстық құрылыс басқармасына келісуге жолданбауда. Соның салдарынан орта есептік құны қымбат жобалар әзірленіп, бюджеттен қолдау таппай, әзірленуіне кеткен қаражаттар орынсыз жұмсалған (примеры по районам).
Сонымен қатар, 2020 жылдың 1 мамырынан бастап барлық қосалқы объектілермен бірге техникалық параметрлерді ескере отырып, ірілендірілген нормалар негізінде әлеуметтік объектілер құнының шекті лимиттері нормативтік түрде белгіленіп, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу кезінде Тапсырыс беруші жобалауға арналған тапсырмада (задание на проектирование) инвестициялық жобаны іске асыруға арналған қаражаттың лимитін көрсету талабы қойылған (ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық істер комитетінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №24-02-24/757-И хаты).
Алдағы уақытта құрылыс басқармасына келісуге жолданатын жоблау-сметалық құжаттамаларда міндетті түрде нысанның іске асыруға арналған қаражаттың лимитін көрсету қажеттігін тапсырамын.
Достарыңызбен бөлісу: |