Жедел контрацепция жиі қолданылмауы тиіс. Жедел контрацепция қолданатын әйелдерге міндетті түрде ретті контрацептивті әдісті қолдануды таңдауды ұсынып , түсіндіру керек.
Жедел контрацепцияны қай кезде қолдануға болады:
қорғанусыз жыныстық қатынас кезінде ;
мүше қаптың бүтінгінің бұзылып, тайғанақтауы кезінде;
сексуальдық зорлауда;
фертильді күндері жыныстық қатынасқа түскенде;
егер әйел жүкті болудан қорықса (басқа әдістерді мысалы: таблетканы уақытынсында ішуді ұмытса т.б.).
ЖАТЫР ІШІЛІК СПИРАЛЬ (ЖІС).
Жатыр ішілік сайман жүкті болып қалмау үшін қолданылады. Оның тиімділігі 97%. Өзге шаралардан айырмашылығы ол жұмыртқа жасушасының ұрықтану- ын болдырмайды, ұрықтың жатыр қабырғасына бекінуіне жол бермейді, яғни оны мезгіліне жетпей түсікке айналдырады. Кейін бұдан жүктілікке жеткізбейтін әдет қалыптасуы мүмкін. Сондықтан, бұрын бала тумаған әйелдердің мұны пайдаланбағаны жөн.
а. ЖІС тиімділігі.
нәтижелігі жоғары;
басқа жүйелердегі зат алмасу процестеріне зиянды әсері;
жатырішілік сайманның бір реттік процедурасын ұзақ уақыт (3-5 жыл) қолдануға болады;
егер әйел бала көтергісі келсе, ЖІС –ды алдырғаннан кейін 4-6 айдан соң оны қайта салдыруға рұқсат етіледі және осы аралықта жүктіліктен сақтануға өзге тәсілдерді қолдануға болады;