Тексеруге дайындық: әйелді қатты кушетка үстіне аяқтарын созып жатқызады.
Техникасы: Нәрестенің жүрек соғысы акушерлік стетоскоппен іш пердесіне тығыз қойылып, жүйелі түрде тексеріледі.
Нәресте басымен келуінде жүрек соғуы кіндіктен төмен, нәрестенің позициясына қарай – І-ші позицияда сол жақта, ІІ-ші позицияда оң жақта естіледі. Нәресте көлденең орналасқан жағдайда, нәрестенің позициясына қарай – І-ші позицияда кіндік тұсында сол жақта, ІІ-ші позицияда кіндік тұсында оң жақта естіледі. Ал жамбаспен келгенде кіндіктен жоғары – І-ші позицияда сол жақта, ІІ-ші позицияда оң жақта естіледі.
Қалыпты жағдайда нәрестенің жүрек соғысы минутына 110-160 рет.
Көп ұрықты жүктілікте нәрестенің жүрек соғысы екі нүктеден естіледі.