ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕГІ ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ҚЫСҚАША НҰСҚАУЫ - Жер сілкінуіне дейін:
Жағдайды көз алдыңызға елестетіңіз: қатты жер сілкінісі болған кезде егер сіз жұмыста, үйде, ал балаларыңыз сол кезде мектепте немесе балалар бақшасында болса? Өзіңіз бен отбасы мүшелерініз осындай жағдай бола қалған кезде жіті зерттеңіз: тығылу үшін ең қауіпсіз жер қайда, жер сілкінісі біткеннен кейін қай жерде кездескен дұрыс т.б. Сіздің алдын-ала құрған «сценариіңіз» апат болған жағдайда көмекке келеді. Алдын-ала дайын болыңыз: - Алдын-ала дайын болыңыз:
- Рюкзак немесе сөмке
- Құжаттар
- Үш күнге жететін тамақ пен су
- Алғашқы медициналық дәріханасы мен медикаменттер
- Жылжымалы электр фонары мен сіріңке
- Жылы киім мен аяқ киім
Алғашқы жер сілкінісі кезінде: Алғашқы жер сілкінісі кезінде: - Есте сақтаңыз: жер сілкінісі басталған кезде үрейленбеңіз және басқалардың да үрейленуіне жол бармеңіз;
- Газ, су және жарықты сөндіріңіз;
- Жер сілкіну төменгі баллмен жай болса, онда қорықпаңыз, сол жерде тұрыңыз, яғни күтіңіз.
Егер күшті жер сілкінісі болған кезде сіз үйдің ішінде болсаңыз (дүмпу күші 5 және одан жоғары болса): - Егер күшті жер сілкінісі болған кезде сіз үйдің ішінде болсаңыз (дүмпу күші 5 және одан жоғары болса):
- Екінші және одан да жоғары қабатта болсаңыз ол жерден ешқайда кетпеңіз;
- Ішкі қабырғаның қауіпсіз жеріне, бұрышқа, есіктің жақтауына, ваннаға жатыңыз;
- Кереуеттің, столдың астына кіріңіз, себебі бұлар сізді құлайтын заттар мен сынықтардан қорғайды. Өзіңізді ауыр жиһаздар мен терезелерден аулақ ұстаңыз;
- Лифтіні пайдаланбаңыз.
Егер көшеде болсаңыз: - Егер көшеде болсаңыз:
- Ғимараттар мен электр желілерінен алшақ, ашық алаңда тұрыңыз, үзілген электр желілерінен алшақ тұрыңыз;
- Ғимараттың алдың кесіп өтпеңіз және оған кірмеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |