Жылдамдық және оның футболдағы орны



бет4/43
Дата01.03.2022
өлшемі99,85 Kb.
#133851
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
dip -oqu-zhattyqtyru-sabagynda-zhas-futbolshylardyn-zhyldamdyq-qacietin-damytu-2015-42 3

Жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі негізгі тараудан және қорытындыдан тұрады.
Бірінші тарауда орта мектеп жасындағы балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты жылдамдығын дамыту мәселесі қарастырылған.
Екінші тарауда орта мектеп жасындағы балалардың жылдамдығын дамытуға арналған жаттығулар мен әдістемесі сипатталған.
Диплом жұмысының соңында қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
Көлемі: 63 бет
1 ЖЫЛДАМДЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ФУТБОЛДАҒЫ ОРНЫ
Жылдамдық мүмкіншіліктерін дамыту жағдайына қолайлы жас– 12-13 жас болып табылады. Жылдамдық дегеніміз – адамның белгілі бір уақыт аралығында кеңістікте жылдам қозғалған әрекеті.
Қазіргі футболдың даму қарқыны футболшылардың ойын барысында көптеген техникалық-тактикалық және қозғалыс әрекеттерін доппен және допсыз үлкен күшпен жүзеге асыруы болып табылады. Сонымен қатар ойыншылардан жоғары жылдамдықта допты игеру қабілеті және ойын барысында бірнеше рет «шұғыл» әрекет ету талап етіледі. Жылдамдықты игермей, керемет командада ойнауды үміт ету өте қиын. Ойын барысында футболшылардың жылдамдығы қозғалыстарды жүзеге асыруда байқалады.
Ойынды жүзеге асыруға, қорғаушылардың санын көбейтуге байланысты уақыттың аздығы себебінен шабуылдың өте қауіпті орнында жылдамдық маңызын арттыра түседі.
Жылдамдық пен сенімділік, қарапайым және пайдалы ойын тәсілдері бүгінгі футболға қойылатын талаптардың негізі.
Тәрбиелеу кезінде мысалы жылдамдық туралы сөз болса, тек қана қозғалыс қана емес, сонымен қатар ойындағы өзгерістерге байланысты қозғалыс реакциялар жылдамдығы, қысқа дистанцияларда ең жоғарғы жылдамдық, жауап қайтару жылдамдығы, техникалық әдістерді орындау жылдамдығы, бір әрекеттен екінші іс-әрекетке көшу сияқты әрекеттер маңызды болып табылады. Футболшының қозғалу жылдамдығын үлкейту үшін арнайы күш, яғни динамикалық немесе жарылатын күш керек, олар қысқа уақыт аралығында көрінеді.
Бастапқы дайындық кезінде және жылдамдық төзімділікпен тығыз байланыста қалыптасып дамиды. Жылдамдық–жас футболшылардың дене қасиеттерін дамытудағы басты бөлік болып саналады. Жас футболшыларды дайындауда және жалпы футболда жылдамдықтың маңызы зор екендігі анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет