Жылдарға арналған бурабай ауданының аумағын дамытудың бағдарламасы


 Бурабай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатының талдауы



бет10/14
Дата09.04.2018
өлшемі2,75 Mb.
#40111
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

2.3. Бурабай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатының талдауы


Бурабай ауданының аумағын дамыту бағдарламасын іске асыру кезеңінде 4 мемлекеттік, 6 салалық және 2 өңірлік бағдарламалар іске асырылуда.

«Экономикалық дамыту» бағыты бойынша іске асырылуда:

«2010-2014 жылға арналған Қазақстан Республикасының жылдамдатылған өнеркәсіпті-инновациялық дамуы бойынша мемлекеттік бағдарлама»

Салалық «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы»

Өңірлік «2011-2015 жылдарға арналған Ақмола облысында етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы»



«Әлеуметтік сала» және «Мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» бағыттары бойынша:

«2011‑2020 жылдарға арналған ҚР білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы»

«Саламатты Қазақстан» 2011-2015 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы»

«2011-2020 жылдарға арналған тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасы»

Салалық «2010-2014 жылдарға арналған балаларды мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиемен қамтамасыз ету бойынша «Балапан» бағдарламасы»

Салалық «Жұмыспен қамтудың 2020 бағдарламасы»

Өңірлік «2011-2013 жылдарға арналған Ақмола облысындағы құқық бұзушылықтың алдын алудың бағдарламасы»

«Инфрақұрылымдық кешен» және «Аумақтық (кеңістіктік) дамыту»бағыттары бойынша:

Салалық «2011-2020 жылдарға арналған ҚР тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңарту бағдарламасы»

Салалық «2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы»

Салалық «Қол жетімді баспана – 2020 бағдарламасы»


Сонымен қатар, 2011-2012 жылдарға арналған өңірлік аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру барысында 2020 жылға дейінгі Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамдық схемаларын орындауға «Өңірлердің дамуы» салалық бағдарламасы әзірленген және бекітілген, олардың шеңберінде «Бизнестің жол картасы 2020» және «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламаларымен қатар, барлық әлеуметтік-экономикалық дамыту бағыттары бойынша мақсаттарды іске асыруда және мақсаттарға жетуде оң әсер етуші Бурабай ауданы өңірлеріне мемлекеттік демеу көрсетіледі.

Бағдарламалармен әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату арқылы тұрақты және балансталған экономиканың өсуін қамтамасыз ету бөлімінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы; өңірлік кәсіпкерліктің экономиканың шикізаттық емес секторларында тұрақты және балансталған өсуі, жаңа тұрақты жұмыс орындарын жасау; тауарлық ірі қара мал табыны санын арттыру, ірі қара мал етінің экспорттық әлеуеттілігін дамыту реттеледі.

Жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткер, физикалық және рухани дамыған азаматын, оның білім алуында қажеттіліктерін қанағаттандыру, жылдам ауыспалы әлемде жетістіктерді қамтамасыз етуші, ел экономикалық амандығына арналған бәсекеге қабілетті адами капиталын дамытуды; 12 жылдық оқу үлгісіне көшуді; балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбиелеу және оқуытумен толық қамтуды қамтамасыз ету, мектепке дейінгі тәрбиелеудің әртүрлі бағдарламаларына балалардың бірдей қол жетімділігі және оларды мектепке дайындауына арналған оқытуды құру қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік тілдің және халықтың лингвистикалық капиталының дамуы; мемлекеттік тілдің толық масштабты жұмыс жасауын қамтамасыз етуші ұлттық бірлікті нығайтуда Қазақстанда тұратын барлық этнос тілдерін сақтаудың өте маңызды факторы ретінде үйлесімді тілдік саясат; тұрақты және өнімді жұмыс жолы арқылы халық табыстарын жоғарылату; қоғамдық тәртіп күзеті деңгейінің жоғарылауы және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қамтамасыз етілуде.



Тұрғындардың өмір сүруі және коммуналдық инфрақұрылым жағдайының жақсаруына шарттар жасау қамтамасыз етіледі; тұрғындарды сапалы ауыз сумен және су тарту қызметтерімен қамтамасыз ету; тұрғын-үй құрылысынын дамыту, бұқара халықтың тұрғын үйге қол жетімділігін қамтамасыз етуші; болашаққа өңірлердің өзекті әлеуметтік-экономикалық проблемаларының шешіміне; Щучинск-Бурабай курорттық аймағының орташа-және ұзақ мерзімді болашақта тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы қамтамасыз етілуде.


  1. 3. АУДАННЫҢ ДАМУ КӨРІНІСІ



Бурабай ауданы Астана қ. және Щучинск-Бурабай курорттық аймағында азықты белдік және туризм саласында инвестициялық әлеуеттілік және аграрлық секторды белсенді нығайтатын; бәсеке қабілетті, экспортқа бағытталған машина жасаушы, ауылшаруашылық өнім өңдеу және құрылыс материалдар өндірістері; адамдық әлеуеттілігі жоғары дәрежелі аймақ, заманауи деңгейлі сервистік қызметтермен қамтамасыз етуші бұқаралық туризм орталығы болады.
    1. 3.1 Маңызды индикаторлар:





  • 2015 жылы өндіруші өнеркәсіптің өнеркәсіп өндірісіндегі үлесі 84,5 % құрайды.

  • Жүйе құратын кәсіпорындардың тауар сатып алуларында жергілікті қамтамасыз ету үлесі 24 %, жұмыстар мен қызметтер – 85 % құрайды.

  • 2015 ж. күн көрістің ең төмен деңгейлі табысы бар тұрғындардың үлесі 4,2 % құрайды.

  • 2015 жылы 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытумен қамтамасыз ету 84 % құрайды.

  • 2015 жылы тұрғындардың медицина қызметтерімен қанағаттану деңгейі 90 % құрайды.

  • Тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы 2015 жылы 67,5 жылды құрайды;

  • 2015 жылы барлық жас деңгейіндегі дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде айналысатын тұрғындарды қамтамасыз ету 24,3 % құрайды.

  • 2015 жылы мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі – 55 %.

  • 2015 жылы жергілікті маңыздағы жақсы және қанағаттанарлық күйдегі автокөлік жолдарының үлесі 45 % құрайды.

  • 2015 жылы дамуы жоғары әлеуетті ауылдық елді мекендердің саны 15 бірлікті құрайды;

  • Жастарды (14-24 жас) техникалық және кәсіби біліммен қамту 2015 жылы 19,2 % құрайды.



  1. Каталог: sites
    sites -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
    sites -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
    sites -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
    sites -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
    sites -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
    sites -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
    sites -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
    sites -> Өмірбаяндық деректеме
    sites -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр


    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет