Қазақстан Республикасы білім және Ғылым министрі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» қоғамының филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАЙ
Жоба тақырыбы:
«Блум таксономиясы бойынша қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабағында дамытушы тапсырмалар дайындау»
Топ тыңдаушылар: Турмаханова Гульмира Мухтаровна
Сыдықова Нұрсұлу Бактылыевна
Сыдықова Гүлсанам Назаровна
Усербаева Альмира Орынбасаровна
Шымкент 2021жыл
Кіріспе
Еліміздің білім беру жүйелерінде ХХІ ғасыр жастарына білім беру мен тәрбиелеу бағытында сан алуан жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің ең өзектісі –бүкіл білім жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына жеке басты тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі әдістеме жасау. Ал ұстаздардың негізгі ұстанған мақсаты – білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу материалының қаншалықты меңгергенін бақылаудың сан түрлі жаңа тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабақты тиімді пайдалана білу.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс – оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі.Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формациямұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған,толысқан шығармашыл тұлға құзіреті.Жаңа формация мұғалім табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
М ---------- мен болашақта өз кәсібімде
Ұ ---------- ұтымды әдіс тәсілдермен
Ғ ----------- ғылыми түбегейлі өзгерістермен
А ---------- айқын талапқа сай
Л ---------- лайықты білім беретін
І ------------ ізденімпаз ұстаз болуды
М ----------- мақсат еттім.
Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Мұғалімдер алдында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына жағдай туғызу қажеттілігі тұр.
Таксономия - белгілі бір критериялар мен ұстанымдар бойынша объектіні жүйелеу, топтастыру немесе жіктеуді айтады.
Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінінайта кеткен жөн. Блум таксономиясы адамның ақыл- ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді. Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістердің мәні - оқушыларды кәсіби іс- әрекетті меңгеруге бағытталады.
Болжамы: Сабақта блум таксономиясын тиімді қолдану, сабақты жүйелі өткізу. Сабақ нәтижелі, сапалы болуына ықпал ету. Оқушы білімінің жетістігін саралайтын жұмыс бұл ұстаздың жоспары, ендеше осы жұмыстың бастауы негізі сабақ жоспарын блумды тиімді қолданып,жаңартылған білім мазмұнына сай жаңартып қолданып отырсақ қаланады.