Жоспар І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім Мотивация түсінігінің мәні және даму кезеңдері Бірінші және екінші қажеттілік Мотивацияның маңызды теориялары ІІІ. Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Кіріспе



бет1/10
Дата20.10.2023
өлшемі154,5 Kb.
#187189
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Жансая Тфп-201К


Жоспар

І. Кіріспе


ІІ. Негізгі бөлім



  1. Мотивация түсінігінің мәні және даму кезеңдері

  2. Бірінші және екінші қажеттілік

  3. Мотивацияның маңызды теориялары

ІІІ. Қорытынды


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі




Кіріспе

Басшылар адамдарды ұйым үшін жұмыс істеуге тарту қажет екенін әрқашанда түсінген. Бірақ олар бұл үшін жай ғана материалдық сыйлықтар беру жеткілікті деп есептеді.


Бірақ бұл әдістен басқа әдістер бар екендігін адам қызметінің негізгі мотивациялары қарастырады.
Басшы жұмысты жоспарлау мен ұйымдастыру кезінде берілген ұйымның нақты не істеу керектігін, қашан, қалай және кімнің жұмысты орындайтындығын анықтап алады. Осы арада тиімді шешім қабылдай алса, басшы көптеген мүмкіндіктерге қол жеткізеді.
Мотив дегеніміз - адамдардың белгілі бір іс –қимыл (әрекет) жасауларына итермелейтін себеп (негіз). Мотив – адамның ішкі хал – ахуалының жеке тұлғалық сипат алуы болып табылады.
Мотив тек қана адамдарды іс - әрекетке оятып қана қоймайды, сонымен бірге, ол не істеу керек екендігін және оның қалай орындалатындығын да анықтайды.
Адамның мінез – құлқы тек бір ғана себеппен (мотивпен) анықталмайды, ол жиынтық ретінде қарастырылады. Сондықтан адамдардың мотивациялық құрылымы олардың іс - әрекеттің орындалу негізі ретінде қарастырылады. Адамның мотивациялық құрылымы негізінен тұрақты құбылыс ретінде қалыптасады, бірақ ол саналы түрде өзгеріп отырады. Мысалы, тәрбиелеу және оқу процесі үстінде.
Мотивациялау – бұл адамдардың бойындағы мотивтерді қозғау арқылы оларға әсер ету процесі.
Мотивациялау – адамдарды басқару негізін құрайды.
Мотивациялаудың екі типі бар:

  • сыртқы күштердің әсерінен адамдардағы белгілі іс – қимыл мотивтерін (ояту) қозғау. (мысалы сауда келісімі) Екі жақ бір – біріне мүдделі қарым – қатынаста болмаса мотивациялық процесс болмайды;

  • адам бойында белгілі мотивациялық құрылымның қалыптасуы. Бұл тип – тәрбиелеу және оқыту процестеріне байланысты. Адам еңбегінің нәтижесіне де байланысты.

Мотивация қызметтің төмендегідей сипаттамаларына ықпал етеді:

  • ынта – жігер;

  • талпыну, тырысу;

  • табандылық;

  • жауапкершілік;

  • бағыттылық.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет