Діннің анықтамасының көптігі Діннің дефинициясы жоғарғы күшке сенімі ретінде нақты емес. Діннің құдайға немесе құдайларға сенімі ретіндегі анықтамасы да тар болып табылады. Дін, сенім және конфессия. Мысалы Құдайдың барына сену, бірақ онымен байланысты іздемеу. Эпикур құдайлардың барына күманданбаған, оларды мойындаған, сонымен бірге құдайлар адамдардың істеріне араласпаған және көп адамдар мен құдайлардың арасында байланыс болмаған деп түсіндіреді. Сонымен қоса болмыстың толықтығына сену (эмпирикалық Мен ішіндегі абсолютті Мен, әлеуметтік София, Құдай) діннің эгоцентрлік, социоцентрлік немесе космоцентрлік діннің дүниені түсіндірудегі ортақ ядросы болып табылады.
Дінге берілген анықтамалар әлі күнге дейін қанағаттандырмайды. Тындаушы келесі бұрын және қазіргі кездегі берілген анықтамалар туралы ойлануы мүмкін: дін шексіздіктен адамдардың тәуелділік сезімі ретінде (Ф.Шлейермахер); табиғат туралы алғашқы мифтердің символикасы (М.Мюллер); көрінбейтін рухани мәндерге сенім (Э.Б.Тайлор); құдіреттік сенім (Дж. Хаксли); сенуші адамдардың мінез құлқын қайта жасауға мүмкіндігі бар ақиқаттар жүйесі (А.Н.Уайтхед); тағдырға сену (Д.Б.Пратт); және адамдардың діни таралған формулаларының соңы ғана емес.