Би «Қазақ биі»
1-жүргізуші: Фариза Оңғарсынованың жыры– айдын көл, шалқар теңіз емес, тылсым мұхит. Көкірекке сонша сыр, көңілге сонша жыр, тындыра білуге бір ғұмырдың бастан кешкендері аздық қылары даусыз.
2-жүргізуші: Әйел – Ана тақырыбы. Әйелдер жан дүниесіне барлау жасауда ақын жетістігі мол. Оны өзі де ашып айтады: «Адам деген күрделі жаратылыс қой. Соның ішінде әйел халқының жан-дүниесі өз алдына бір әлем. Менің өз жырларымды сол әйел жанының сан күйін мүмкіндігім жеткенше жеткізгім келеді. Менің бұл тақырыптағы лирикалық кейіпкерім – әйелдер. Олардың тағдыры, жан дүниесі, күлкісі мен көз жасы өлеңдерімнің арқауы», – дей келе:
Өз-өзіммен өртеніп барам жанып,
Жүректен жас ағады тарамданып.
Менде жоқ қой бұл күнде тым болмаса,
Ақтарылар алдыңда саған барып.
Жасқа ғана толады жанар налып,
Мен үшін тұр дүние қараң қалып, –
деп, әйелдің мұң-қайғысын сыр ғып шертеді.
1.Дана «Анама» (көрініс)
Анама
Достарыңызбен бөлісу: |