Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтін қандай да болмасын түрімен айналыса алады. Олар:
Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтін қандай да болмасын түрімен айналыса алады. Олар:
Шаруашылық-өндірістік;
Сауда-көтерме сату;
Жаңартпашылық;
Көрсетілетін консультация қызметтер;
Коммерциялық делдеалдық;
Құнды қағаздар операциялары.
Кәсіпкерлік нышандары қоғам дамуының барлық кезеңдерінде пайда болатын өзіне тән ерекшеліктері бар құбылыс.
Кәсіпкерліктің пайда болуының басты себебі – сауданың пайда болуы және өрленуі. Халықаралық сауданың дамуы өткізу нарықтарында қиыншылық тудыруымен байланысты көпестердің бірігуіне, сөйтіп алғашқы акционерлік қоғамдардың құрылуына – Ост-Индиямен, Гудзон шығанағымен сауда жасаған ағылшын және голландия компаниялардың пайда болуына алып келді.
Қазақстанның экономикалық өміріне сауда және коммерциялық қызметі үшін – Транссібір магистралі мен Орынбор-Ташкент темір жолдары елеулі қызмет атқарды. Осы және бірнеше осындай жергілікті темір жол нүктелері тек Қазақстан ішінде ғана емес, сонымен қатар шетке шығатын саудада да маңызды орын алды.
Кәсіпкерлік қызмет ЖЭС (жаңа экономикалық саясат) кезіне біршама дамыды. Алайда, нарықтық қатынастардың қысқартуы кәсіпкерлік қызметтің өтімділігіне де кері әсер етті. Жоспарлы экономикада да коммерция өте кең тараған құбылыс деген пікір бар. Оның өзіне тән ерекше формалары болды. Қазақстанда “кәсіпкерлік” заңды негізде тек 90-шы жылдары ғана еңгізілген.