Кіріспе І тарау. Оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулудың ғылыми -теориялық негіздері


Кіріспе Зерттеудің көкейкестілігі



бет2/15
Дата05.02.2022
өлшемі2,17 Mb.
#22976
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Кіріспе


Зерттеудің көкейкестілігі. Оқу процесінде жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологияларын қолдану мен оны озық тәжірибемен сабақтастыра зерттеу- бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының маңызды міндеттерінің бірі. Осыған байланысты қазіргі кездегі білім берудің көкейкесті міндеті оқушылардың танымдық шығармашылық іс -әрекетке баулу болып табылады.
Осы орайда, Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында, елбасымыздың “Болашақ”, “Дарын” бағдарламаларында, “Қазақстан -2030” атты Қазақстан халқына Жолдауында, “Қазақстан Республикасында” білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында” білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басты принциптері ретінде жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелері айқындалып, басым міндеттер қатарына қойылған.
Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке кіру, демократиялық дәстүрге өту жағдайында халықтың ғасырлар бойы жинақтаған жалпы адамзаттық құндылықтар мұрасына ден қоюы адамгершілік, гумандық процестің айқын көрінісіне айналуда. Бұл мәселе соңғы жылдар ішінде ғалымдардың зерттеу объектілеріне айналумен қатар, мектеп мұғалімдерінің тәжірибесінде мектеп оқушыларын жеке тұлға етіп қалыптастыруда олардың шығармашылық іс -әрекетке баулу басты нысанға алынған.
Жеке тұлға өзіндік құндылық. Оның шығармашылық дамуы мен қалыптасуы мектепте оқыту мен тәрбиелеудің басты мақсаты болуы керек. Бұл жөнінде ежелден- ақ ұлы ойшылдарымыз Әл -Фараби, Ж. Баласағұн, ұлы Абай ерекше толғанған, сондықтан еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған. Д. Кішібеков, Р.Н. Нұрғалиев жеке тұлғаның дамуы қоғамдық қатынастардың нәтижесі деген философиялық тұжырым жасаған.
Көрнекті педагогтар К.Х. Ушинский, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский, Ы.Алтынсарин шығармаларында іс -әрекетке баулудың жолдары қарастырылса, оқушы шығармашылығына бағыт бағдар берудің ең алғаш білім мазмұнына енгізген белгілі педагог ғылым М.Жұмабаев болды. Психологтар мен педагог ғалымдар Ж.Пиаже, Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, Л.В. Занков, А.Н. Леонтьев, Д.Б. Эльконин, А.Г. Ковалевтың және қазақстандық көрнекті ғалымдар Т.Тәжібаев, С.Қ. Қалиев, К.Ж. Қожахметовалар өз еңбектерінде жеке тұлғаны дамыту мәселесіне теориялық және практикалық талдау жасаған.
Оқушыны шығармашылық іс -әрекетке баулуда оқу процесін гуманизациялау идеасын қолдану және оны жүзеге асыру бағытында бірқатар ғылыми -әдістемелік жұмыстарды, Ресейлік және Қазақстандық ғалым педагогтардың (С.Н. Шиянов, Л.В. Хазова, А.А. Столяр, А.А. Бейсенбаева, М.Ж. Жадрина, Х.М. Рахымбекова және т.б.) ғылыми зерттеулерін атауға болады.
Ал, оқу процесіне жеке тұлғаны шығармашылық іс -әрекетке баулуға дамуына бағытталған технологияларды енгізуді А.П. Беспалько, П.С. Селевко, С.С. Кашлев, В.М. Монахов, В.М. Волков, М.В. Кларин, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, Ш.А. Амонашвили т.б. қарастырса, Қазақстанда Ж.А. Қараев, Г.М. Құсайынов, М.М. Жанпейсова, Т. Галиев, Н.Н. Нұрахметов, ал Қазақстанда Г.С. Күдебаева, С.С. Құнанбаева, К.Ж. Жақсылықова, Л.Екшембаева, М.М. Жанпейсова т.б. теориялық және практикалық жағынан дәлелдеп беріп отыр.
Қарастырылған жұмыстар шығармашылық іс, еңбек сферасына байланысты қабілеттер және шығармашылық қабілеттерді дамыту, шығармашылыққа баулуды ұйымдастыру, бастауыш сынып оқушыларын шығармашылық іс -әрекетке баулу мәселелері әлі де ғылыми зерттеулерде өз дәрежесінде көрініс таппағандығын көрсетеді.
Демек, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс -әрекеті арнайы зерттеу нысаны болмағандығы айқын. Елімізде қалыптасқан әлеуметтік – экономикалық жағдайға сәйкес бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс -әрекетке баулу мәселесін педагогикалық тұрғыдан шешу қажеттілігі мен мәселенің мектеп тәжірибесінде өз дәрежесінде іске асырылмауы арасындағы қайшылықтар біздің диплом жұмысымыздың тақырыбын “Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылық іс -әрекетке баулу” деп алуымызға негіз болды.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет