Кіріспе Микробиологияның даму тарихы



бет6/69
Дата18.12.2023
өлшемі177,17 Kb.
#197487
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
Байланысты:
микробиология лекция (копия)

Бактериофагтар


Фагтарбактериялардың вирустары, кейбір жағдайда олар қожайынын ерітіп жібереді. Фагтардың әсері табиғатта кездеседі және тәжірибеде қолданылады.
Фагтардың морфологиясы: фаг – бастан өсіндіден тұрады. Олардың мөлшері әртүрлі. Химиялық құрамы бойынша нуклеин қышқылымен (ДНК) және ақуыздан тұрады. Нуклейн қышқылы спираль тәрізді фагтың басында орналасады. Фагтың қабықшасы және өсіндісі ақуызды заттан (капсид) тұрады. Өсіндінің соңында фермент лизоцим немесе гиалуронидаза болады.
Фагтар арнамалы болып келеді, олар 2 түрге бөлінеді:
1. түрлік
2.типтік
Түрлік фагтар тек қана бір түрлі микроорганизмдерде болады. Бір түрлі микроорганизмдерді ерітіп жіберетін фагтарды поливалентті фагтар деп атайды.
Фагтың жасушамен әсерлестігі бірнеше сатыдан тұрады.

  1. саты – фагтардың жасуша бетінде жинақталуы

  2. саты – фагтың жасуша ішіне енуі.

  3. саты – жасуша ішінде фагтың көбеюі.

  4. саты – кемелденген фагтың пайда болуы.

  5. саты – жасуша еріп, одан кемелденген фагтың шығуы.

Фагтардың тәжірибеде қолданылуы олардың арнамалы және микроб жасушасын еріту қасиетіне негізделген.


МИКРООРГАНИЗМДЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ


Физиология – микроорганизмдердің тіршілік функцияларын зерттейді: қоректенуін, тыныс алуын, өсуін және көбеюін.
Физиология негізінде үздіксіз зат алмасу процесстеріне жатады. Зат алмасу 2 қарама – қарсы процесске байланысты:
1.Ассимиляция (аноболизм) – қоректік заттарды сіңіруі және оларды жасуша құрылымының синтезіне пайдалануы.
2. Диссимиляция (катоболизм) – процессінде қоректік заттардың ыдырауы және тотығуы әсерінен микроб жасушаларының тіршілігіне қажетті энергияның бөлінуі.
Зат алмасу процесстері ферменттердің қатысуымен болады.
Микроорганизмдердің тіршілігі үшін энергия көзі қажет: егер энергия күн сәулесінен болса – фототрофты деп, ал химиялық реакциялардан болса – хемотрофты деп аталады.
Микробтар жасушасы негізінен судан және құрғақ заттардан тұрады. Су мөлшері 75-85%құрайды, ал құрғақ заттар 25-15% шамасында болады.
Құрғақ заттар түрлі минералдық және органикалық заттардан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет