Клара Қабылғазина


БАЛАҒА ХАТ Эпистолярлық эссе



Pdf көрінісі
бет110/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf

БАЛАҒА ХАТ
Эпистолярлық эссе
Өмір-өзен ағып кетіп жатыр. Өтіп жатқан күндер анау мидай 
даладағы құмға сіңгендей жоқ... Қайтып оралта да, көре де алмайсың... 
Алайда, санаңда сағымдай бұлдырап, сол күндердің естеліктері 
қалады. 
Тағы да өз- өзімнен жымиып, езу тарттым. Сендердің томпиған түр-
лерің, қолдарың, барбиған саусақтарың қандай тәтті еді... Күні бойы 
сәл қышқылы бар уыз иістеріңді иіскеп, сүйе беретінмін. Алғаш тіл-
дерің шыққандағы сәтке ештеңені айырбастамайтыным хақ. Қандай 
бақытты күндер еді... 
Сәбидің ана бойына біткеннен бастап тіршілігі бірге жүреді, жүрегі 
бірге соғады. Тұла бойынан бөлініп шыққаннан нәрестенің ары қарайғы 
тірлігі де сол ананың қамқор-құзырында. Абайдың әжесі Зеренің 
аузына салынған (мүмкін шыққан) мынадай бір сөз бар екен: «Бала 
тапқанның бәрі ана бола алмайды» деген. Сол айтқандай, бүгіндері 
жатырынан шыққан нәрестені қоқысқа лақтырып, өлтіріп жатқан, ба-
лалар үйіне тастап кетіп, өз қарабасының бағы үшін өгей әке қолына 
тапсырып, аяусыз ұрып-соғып жатқандар қаншама?! Оларды ана деу-
ге ешкімнің де аузы бармас... Бірді айтып, бірге кеттім-ау... 
Балапандарым, менің... Сендердің алғашқы уілдегендерің, маған 
келгілерің келіп талпынғандарың, неше түрлі қылықтар шыға бастаған 
сәттерің бәрі-бәрі көз алдымда. Қаңғалақтап қадам басып бара жат-
қаның 
да құлап түсер ме екен деп, жан-дәрмен, жүрегім аузыма 
тығылып, талай ұмтылдым-ау... Жазатайым құлап қалсаң, соғып алған 
жеріңнің ауырғанын жаныммен сезініп, жанарға жас үйіріліп, жазатай-
ым шікірттеніп, ауыра қалсаңдар бірге ауырдым ғой... Әлдебір тәтті, 
дәмді бірдеңе қолға түсе қалса «құлындарым жесінші» деп титтәй 
түйіріне дейін сендерге сақтап, тәбетке тиым салушы едім... 
Жылға жыл қосылып есейе бастадыңдар. Хат танытып, сабақ-
тарың 
ды қаратып, білгенімді үйретіп әбігер болушы ем... Сондай 
бір күндерде қатты ұрысыппын ғой, оны анадағы бір әңгімелеріңнен 
байқап қалдым. Майлы жерден бір тартатыным бар еді, әбден сендер 


229
Тіршілік
есіріп кеткенде. Сөйттім бе екен? Өйткенше, қолы құрғыр неге түсіп 
қалмады екен?! Енді соған өкініп отырмын. 
Ең кішкентайымды бір қолтығыма қысып, біреуіне етегімнен ұста-
тып, бір қолыммен ас дайындап, күнде ауыстыруға жетіспейтін киім-
кешектерді түнімен жуып, кептіріп, өтектеп, ертеңгісін әп-әйбат қып 
біріңді мектепке, біріңді балабақшаға жеткізіп, әрі қарай тіршіліктің 
қарекетіне беттеп, «кешікпейін, бастықтан сөз естімейін» деп емпең-
деп, жартылай жүгіріп, екі өкпемді қолыма ап қызметіме жетуші едім... 
Жұмыстан қайтқанша сағынып, ет жүрегім елжіреп, сендерді көр-
генше асық болатынмын. Жол-жөнекей кешкі ас мәзірлерін ала-ма-
ла, бір қолыммен сендерді жетектеп, қазақтардың қабатына (5-қабат) 
көтеріліп, күні бойғы шаршау бар, әлсіреу бар (қай бір тоя тамақ іштік 
дейсің...) үйге кіретінмін, сонда да бақытты едім. Өйткені, менің дем 
беретін қуат күшім сендер бар едіңдер. 
Кешкі дастарханда бас қосып бірге ас ішкен қандай мереке еді... 
«Тамақ дайын боп қалды, ішіп бірақ кетіңдерші», – деп үлкендеу 
ыдысқа құйып жіберіп, әрлі-берлі шайқап, суытып үлгеретінмін. Бірақ, 
сендер асығып тұрғансыңдар, сонан соң да менің асыма қарамадыңдар. 
Ертеңгісін бәріңді шығарып сап, кешкісін қарсы алу, үй ішінен тәтті-
дәмді бір иістерді шығарып, сендердің көңіл-күйлеріңді жадыратар 
әрекет жасайын деп жанталасып жүгіретінмін... Алайда, кешке қарай 
қарсы алатын да ешкім болмай қалушы еді... Өйткені біреуіңді дос-
жолдастарың, біріңді қыз, жігіт күтіп дегендей, әркімнің өз шаруасы 
табылатын. Мұңая отырып, бір өзім шай ішетінмін. 
Шаш ағарды, бетті әжім басты. Денсаулық сыр бере бастады. Аяқ-
тардың баяғы жылдамдығы азайып, шау тарттым. Сонда да балала-
рыма қызмет етейін, соларға жылы болсын, солар тоқ болсын, солар 
қиналып қалмасын деп әрекеттене бердім. Қызметтен оралған ба-
лаларымды қарсы алғым-ақ келеді..., бірақ табиғаттың заңдылығын 
аттауға құқым жоқ, әйелі қарсы алады. Есіктен шығып бара жатқанда 
да зайыбымен қоштасып алсын, кедергі жасамайын деп бөлмеме кіріп 
кетемін. «Анашым, мен кетіп барамын» деген бір ауыз сөзді естіп, 
«Жасаған жолыңды оң қылсын, Алладан шапағат болсын!» дегенді ай-
тамын деп күтіп отырамын. Бірақ, олай болмай қалады, іштей тілеп 
тілектерімді, налып, көзіме жас тығылады. «Ананың көңілі балада, 
баланың көңілі далада» деп бабаларымыз осының бәрін бастарынан 
өткерген соң айтқан екен ғой... 
Сонан соң тағы да бөлмемнің есігі ашылып: «Анашым, қалың қалай?» 
деген сөзді біреуі болмаса біреуі айтар деп күтемін. Жарайды, заман-


230
Клара Қабылғазина
ның өзі де арпалысқан күндерге алмасып кеткен ғой, мүмкін шаршап 
жүрген болар... Осы мен де қызықпын! Өкпелегім келіп тұратыны несі? 
Қартайғанның белгісі ғой... Оны айтасың, кейде еркелегім де келеді. 
«Ана жерім ауырып, мына жерім ауырып, мазамның болмай тұрғаны-
ай!... «деп қаламын сөз арасында. Ондағы қулығым: «Ой, қай жеріңіз? 
Не боп қалды? Ауырмашы, анашым, сен бізге керексің...», – деген 
бір ауыз шипалы, дуалы сөзді күту болатын. Алайда, оны естімеймін, 
мүмкін естімей қалармын... 
Дәлізде қыбыр-жыбыр көбейіп, әлдебір көлемді қапшықтарды 
қолына алып, келін өте шықты. Мойнымды бұрып қарап жатырмын 
мен де. Сәлден соң немерелер жаңа бірдеңелерді киіп, қолдарына 
әлдене заттарды ұстап шығып жатты... «Е..., дүкен аралап келген екен 
ғой... Анашым, мына орамалды сізге алдым...», – деп маған да бірдеңе 
беретін шығар деп дәмеленіп қалдым. 
– Төріңнен көрің жуық қой, бейбақ, саған дүниенің не керегі бар?- 
дейді сайтан ой. 
– Жоға... дүниенің керегі не маған? Әншейін көңіл ғой, – деймін. 
Балапандарым, менің... Балаларыңнан өздеріңді көріп, сендердің 
бал шақтарыңды есіме қайта алып, іштей рахат сезімге бөленіп, көз 
алдыма елестетіп, әдемі күй кешіп жатып көзім ұйқыға енеді. Түн ұзақ. 
Бірер сағат қалғимын, көңіл ояу жатады. Күні бойы отыра-отыра кей-
де зерігемін. Асүй жақтан сылқылдап күлген дауыс естіледі. «Е, бала-
лар бір қызық әңгіме айтып жатыр-ау, шамасы» деп қыбырлап, мен 
де үстелдің шетіне келіп жайғасамын. «Бір қызық әңгіме айтып жатыр 
едік, сізге айтып берейік» дей ме деп, орамалымды құлағымның сыр-
тына сырып, дайындаламын. Бірақ, бекер дайындалыппын... 
– Аш емес, жалаңаш емес, отырған жерінде отырмай ма, кедергі 
жасамай, – деген ойды келіннің алая қараған көздерінен оқыдым. Әлде 
солай көрінді ме? Солай көріне салса екен... Ой-бой,... талай көздердің 
сырын, пенделердің ойын сезіп, біліп қоятын қалге жетіппіз ғой... 
Әрі аунап, бері аунап, әлсін-әлсін балапандарымның өмір кезең-
дерін кезегімен еске алып жатамын. Біреулері кештеу оралды-ау ша-
масы... есік ашылды. Жабылғанын, бөлмелеріне қарай өткенін сезіп 
жатырмын. Жол жөнекей есікті ашып: «анамыз ұйықтап жатыр ма 
екен, әлде бір жері мазалап ұйықтай алмай жатыр ма екен?» деп есік 
ақырын ашылып, біреуі қарайтын шығар деп күніге күту де әдетке 
айналған. «Алла, сақтай гөр, өстіп жатып өліп қалсам, балаларыма 
бір ауыз жылы сөзімді де айта алмай кетем бе?» деген қорқыныш та 
ұялай қалады. Сондықтан, мұндайдың алдын алып, бәрінің басы жина-


231
Тіршілік
ла қалғанда оларды жанымнан да жақсы көретінімді, олардың өмірін, 
денсаулығын күніне бәлен рет Алладан тілеп, дұға оқитынымды, тек со-
лар үшін өмір сүріп келгенімді айтпақпын. Айтқандай, «зейнетақымды 
алғандарыңда «мынау әжелеріңнің әпергені» деп немерелерге де 
бірдеңе әперіп қойсаңдаршы» дей салайын... Немерелер дегендей 
олардың тәрбиелеріне де іштей алаңдап, жақсы адам болып өссе екен 
деймін... Кейбір кемшіліктерін байқап, келіндердің бала тәрбиесіндегі 
олқылықтарын түзегім келеді. Кейде әкелері жоқ сәтін пайдаланып, 
ұрып жіберіп жатқандарында жүрегім шаншып кететіні бар. Мен өзім 
бала ұрып, жанын ауыртқан емеспін, оларды әлпештеп-ақ өсірдім. 
Күні бойы көгілдір жәшіктің қазақшасын қараймын ғой, баяғы. 
Бір хабарда қарттар үйінде тұратын көген көздер жайлы айтып жа-
тыр екен, көпшілігінің бала-шағасы бар көрінеді. Біразы келінге 
жақпаған, соның шешімімен әкелініпті. Бір кемпір: «Өзімнің мінезім 
шайпау, бетің бар, жүзің бар демей айтып салатыным бар еді, содан 
жақпадым», – деп отыр. Япырай, айтса балаларының кемшіліктерін 
айтқан шығар... Сонда сүйретіп, көзін жәудіретіп, біреудің қолына 
телмеңдетіп, ажалын күткізіп осында апарып тастай ма екен? Алла, 
сақтай гөр мұндайдан! Қой.., ойымдағы кейбір жайларды айтамын 
деп едім ғой... Енді айтпаймын. Балаларымның босағасында (қандай 
жағдай болса да) жүре бергім келеді. Қартаяйын дедім-ау... қит етсе 
көзге жас үйіріледі. «Әй, текке жылағаны несі, басыңа көрінгір!» деп 
баяғыда үлкендер қарғап жатушы еді. Құдай-ай, сақтай гөр, балапан-
дарымды! Отбасына жаманшылық көрсетпе! Немерелерден мейірім, 
шапағат бере гөр, Аллаһ!
Ананың хатын әдіптеп жеткізген 
Клара


232
Клара Қабылғазина


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   115




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет