«Күлкімен өткен әрбір күн көңілді» ата-анамен тренинг Мақсаты


«Түйінді сөзді мен айтамын» стратегиясы



бет4/4
Дата26.01.2022
өлшемі16,5 Kb.
#114878
1   2   3   4
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word (2)

«Түйінді сөзді мен айтамын» стратегиясы

«Бала көңілін қалай табуға болады?» деген сұрақты әр ата - ана топтарында талқылап, бір байламға келіп, ой түйінін ортаға жеткізіп, айтып береді.



Ата - аналарға кеңес.

1. Отбасындағы психологиялық ахуал, татулық пен тыныштық, жайдары қабақ, бейіл береке - оның барлық мүшелерінің ырысы ойға алған істерінің өрге басып, мақсаттарының жүзеге асуының кепілі.

2. Бала - ата - анасының физиологиялық, психо - әлеуметтік көшірмесі. Ол бойындағы барлық нышандарды ата - анасынан тұқым қуалау арқылы алады. Ал дүниеге келіп, отбасындағы өмірлік ортаға түскенде ең алдымен, бала тұлғасының дамуына оның ата - анамен қарым - қатынасы әсер етеді.

3. Жанұяда балаға орынсыз ұзақ әңгіме айтып, шұбалаңқы ақыл айта беру де пайдасыз.

4. Бала ісіндегі кездейсоқ болған бір сәтсіздікті қазбалай бермей, ескерту жасаса жеткілікті.

5. Балаға аса байыппен қарау керек, мейлі ол әлжуаз немесе дәрменсіз болсын, болашағынан үміт үзбеген жөн.



Жүректен жүрекке (Ата - аналар шеңберге тұрып, бір шоқ гүлді кезек - кезек бір - біріне беру арқылы жылы - жылы тілектерін айтады)

Қорытынды. Бүгінгі тренингке қатысқан ата - аналарға алғысымызды білдіреміз.

Нәтиже: Ата - аналар өз сезімдерін өзгелерге көрсетуге, өз - өзін сыйлауға, баланың көңілін табуға, еркін пікір бөлісуге үйренді және бала тәрбиесі жайлы көп мағлұмат алады

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет