Коммерциялық компаниялардың халыққа несие беруінің теориялық негіздері


Қазақстан Республикадағы несие нарығының қазіргі жағдайын бағалау



бет5/12
Дата30.06.2023
өлшемі2,23 Mb.
#179255
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
диплом Айдархан С
9116 микроэкономика, Алгебра ОГН
2 Қазақстан Республикадағы несие нарығының қазіргі жағдайын бағалау


2.1 ҚР-ң несие нарығындағы негізгі үрдістерді

Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының тұрақтылығын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіне деген сенімді қолдау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің негізгі мақсаты болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін Агенттік өз қызметінің ашықтығын және оның негізгі басымдықтарын қамтамасыз ету арқылы қаржы нарығына қатысушылармен диалог құрады.


Қазақстан Республикадағы монетарлық саясаттың қатаңдауы заңды тұлғалардың кредиттері бойынша мөлшерлемелердің өсуіне әкелді. Жеке тұлғалардың кредиттері бойыншамөлшерлемелер ақша-несие шарттарының өзгеруіне қатты әсер еткен жоқ.
2022 жылы берілген кредиттер көлемі ұлғайды. Жаңа тұтынушылық кредиттер жоғары инфляциялық күтулер аясында, ипотекалық кредиттер жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар жағдайында өсті.
Экономиканы кредиттеу (қалдық) негізінен жеке тұлғаларды кредиттеу есебінен елеулі өсуді көрсетті. Баяулағанына қарамастан, тұтынушылық және ипотекалық кредиттердің жылдық өсімі жоғары деңгейде қалды. Заңды тұлғалардың кредиттерінің өсуі ж/ж өткен жылдың қорытынды мәнімен салыстырғанда жеделдеді. Өсім барлық дерлік салаларда тіркелген.
2022 жылы базалық мөлшерлеменің өзгеруі аясында кредиттік ресурстардың құны өсті. 2022 жылғы желтоқсанда заңды тұлғалардың қысқа мерзімді (1 жылға дейінгі мерзіммен) және ұзақ мерзімді (1 жылдан астам мерзіммен) кредиттері бойынша орташа өлшенген мөлшерлемелер тиісінше 19,0% және 19,8%-ға дейін ж/ж 7,1 п.т. өсті (сурет 1).



Сурет 1 - Базалық мөлшерлеме мен ЗТ кредиттеу құны, %
Ескертпе – дереккөзі ҚРҰБ

Базалық мөлшерлеменің өзгеруі жеке тұлғаларға жаңа несиелердің құнына шектеулі әсер етеді. Тұтынушылық кредиттеудегі тауарларды бөліп төлеудің едәуір үлесі (номиналды нөл пайыздық мөлшерлемемен) тұтынушылық мақсаттарға берілген кредиттердің құнын бұрмалайды. Маркетингтік акциялардың жиі басталуы мөлшерлемелердің төмендеуіне және тұтынушылық кредиттеудің ұлғаюына әкеледі. Тұтынушылық қарыздар бойынша мөлшерлемелер бір жыл ішінде 1,7 п.т. төмендеп, 17,2% құрады.


Ақша нарығының мөлшерлемелерінің ипотекалық мөлшерлемелерге беру әсері мемлекеттік ипотекалық бағдарламалармен бұрмаланған. Ипотека бойынша орташа өлшенген мөлшерлеме жеңілдетілген ипотеканың едәуір үлесін ескере отырып базалық мөлшерлемемен салыстырғанда айтарлықтай төмен деңгейде болуда.
Нәтижесінде, 2022 жылғы желтоқсанда ипотека бойынша мөлшерлеме 9,7%-ға дейін ж/ж 1,2 п.т.-қа шамалы өсті (сурет 2).
Нәтижесінде желтоқсанда жеке тұлғалардың теңгелік кредиттері бойынша жалпы мөлшерлеме 17,4% (2021 жылғы желтоқсанда – 17,5%) құрады және базалық мөлшерлеменің мәніне жақын деңгейде тұр.



Сурет 2 - Базалық мөлшерлеме мен ЖТ кредиттеу құны, %


Ескертпе – дереккөзі ҚРҰБ

ЕДБ-ден 2022 жылы берілген жаңа кредиттердің көлемі 12,0%-ға артып, 24,1 трлн теңгені құрады. Жеке тұлғаларға берілген кредиттер 12,4 трлн теңгеге дейін 19,3%-ға өсті, байқаудың барлық кезеңінде заңды тұлғаларға берілген кредиттерден (11,7 трлн теңгеге дейін 5,1%-ға ұлғайды) асып түсті (сурет 3).


2022 жылы берілген жеке тұлғалардың кредиттеріндегі негізгі үлесті тұтынушылық кредиттер (69,2%) құрады. 2022 жылы берілген тұтынушылық қарыздары ж/ж 17,9%-ға ұлғайды (32-график). Өсуді ынталандырудың басты драйверлерінің бірі ірі банктердің шілде, қыркүйек, қараша және желтоқсан айларында өткізілген маркетингтік акциялары болып табылады. Халықты тұтынушылық кредиттеудің өсуінің қосымша драйвері «Қазақстанның даму банкі» АҚ (ДБ) мен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ бірлесіп 2022 жылғы мамырда жеңілдікті автокредиттеуді іске қосуы болып табылады.



Сурет 3 - Жаңа берілген кредиттер, трлн теңге


Ескертпе – дереккөзі ҚРҰБ

2022 жылдың басында жеңілдікті ипотекалық кредиттермен қатар зейнетақы жинақтарын алу үшін бастапқы шектің сақталуы ипотекалық кредиттердің айтарлықтай өсуін жалғастыруға әкелді. 2022 жылғы сәуірден бастап шектің көтерілуі ипотекалық кредиттердің өсуін баяулатты. Сондай-ақ ипотекалық кредиттеу нарығындағы басты ойыншылардың бірі Отбасы Банкі 2022 жылғы қазаннан бастап өзінің ипотекалық портфеліндегі негізгі үлесті құрайтын аралық қарыздарды беру талаптарын қатаңдатты. Алайда ипотекаға сұраныс «7- 20- 25» ипотекалық бағдарламасына байланысты жоғары деңгейде сақталды. Нарықтық мөлшерлемемен салыстырғанда төмен мөлшерлеме есебінен бағдарлама бойынша қаражат 2022 жыл ішінде, әсіресе жылдың екінші жартысында жедел қарқынмен игерілді. Осылайша, 2022жылы аталған бағдарламааясында берілген кредиттер көлемі 422,2млрд теңгені құрады (2022 жылдың екінші жартысында – 266,6 млрд теңге).





Сурет 4 - Мақсаттар бойынша ЖТ-ға берілген кредиттер, трлн теңге


Ескертпе – дереккөзі ҚРҰБ

Нәтижесінде 2022 жылда берілген ипотекалық кредиттер көлемі 14,2%-ға артты. Шикізат пен құрылыс материалдары құнының өсуіне әкелген жеткізу тізбектеріндегі іркілістер көлемінің өсуі және ипотекалық қарыздардың артуы аясында 2022 жылғы желтоқсанда бастапқы тұрғын үй құнының 15,6%-ға өсуі байқалды.


Салалар бойынша заңды тұлғаларға берілген кредиттер көлемінің өсуі 2022 жылы құрылыста (26,3%), көлікте (71,9%) және саудада (7,7%) тіркелді. Заңды тұлғаларға берілген.



Сурет 5 - Салалар бойынша ЖТ-ға берілген кредиттер, трлн теңге


Ескертпе – дереккөзі ҚРҰБ

Экономикаға ЕДБ-ден берілетін кредиттер (қалдық) 2022 жылы 23,3%-ға өсті. Кредиттеудің өсуіне жеке тұлғалардың кредиттері негізгі үлес қосты (2022 жылы өсу – 31,8%). Заңды тұлғалардың кредиттері (11,5% ж/ж өсуі) 2022 жылы 2012 жылдан бастап ең жоғары жылдық өсуді көрсете отырып, айтарлықтай оң үлес қосты.





Сурет 6 - Экономикаға берілетін кредиттердің өсу динамикасы, %


Ескертпе – дереккөзі ҚРҰБ

Жоғары база аясында жеке тұлғалар кредиттерінің жылдық өсімі 2021 жылғы желтоқсандағы 42,7%-дан 2022 жылғы желтоқсанда 31,8%-ға дейін баяулады. Сондай-ақ тұтынушылық кредиттерінің жылдық өсу қарқыны 25,3%-ға дейін баяулады (сурет 6).


Тұтынушылық қарыздарының өсуіне халықтың жоғары инфляциялық күтулері ықпал етті. Ипотекалық кредиттеудің және тұрғын үй жылжымайтын мүлік нарығындағы белсенділіктің айтарлықтай өсуі тұтынушылық кредиттеудің өсуінің тағы бір драйвері болып табылады, өйткені жылжымайтын мүлікті сатып алу кезінде ұзақ пайдаланылатын тауарларға сұраныс өсуде.



Сурет 7 - ЖТ-ны кредиттеу (қалдық), % ж/ж


Ескертпе – дереккөзі ҚРҰБ

Банктік емес заңды тұлғаларға кредиттердің жылдық өсімі 2021 жылғы желтоқсандағы 9,3%-дан 2022 жылғы желтоқсанда 11,5%-ға дейін жеделдеді. Салалар бойынша өсу құрылыс пен байланыстан басқа барлық салаларда тіркелген (сурет 7).





Сурет 8 - ЗТ-ны кредиттеу (қалдық), % ж/ж


Ескертпе – дереккөзі ҚРҰБ

2022 жылы банк секторының кредиттері (ҚДБ қоса алғанда) 24,8 трлн теңгеге дейін 20,6%-ға, оның ішінде бизнеске кредиттер (ЖК қоса алғанда) – 11,6 трлн теңгеге дейін 10,4%-ға, халыққа кредиттер – 13,2 трлн теңгеге дейін 31,3%-ға ұлғайды. Шағын кәсіпкерлікті кредиттеудің (ж/ж 22,0%-ға өсті) жаңа скорингтік кредиттік өнімдердің іске қосылуына байланысты ұлғая отырып, бизнесті кредиттеудің өсуіне негізгі үлес қосты. Сондай-ақ ірі кәсіпкерлікті кредиттеу 5,4%-ға өсті, ал орта кәсіпкерлікті кредиттеу 1,3%-ға төмендеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет