Компьютерлік желілер



бет5/28
Дата11.09.2020
өлшемі169,65 Kb.
#77678
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
компьютерлік желілер

Желі топологиясы д\з– компьютер, кабель, желінің басқа да компоненттерінің физикалық орналасуы. Барлық желілер базалық үш топология негізінде құрылады:

1)«Шина»комп\р магистраль бойымен бір-біріне тізбектей қосылған. «Шина» желісіндегі деректердің осал жері— бүкіл желінің деректері әр желілік компьютерден өтеді. Кабельді үнемдейді. Беріліс ортасын пайдалану құны төмен, қарапайым, сенімділігі жоғары. Желіні жеңіл ұзартуға болады



2)«Жұлдызша»–компьютерлер кабель сегменттеріне бір нүктеден қосылады. Негізгі жетістігі:комп\р мен концентратор арасындағы жекелеген жалғағыштар  істен шыққанмен, бүкіл желі жұмыс істей береді. Кемшілігі:егер концентратор бұзылса, онда ол бүкіл желіні түгел істен шығарады.



3)«Сақина»–кабель өзіне қосылған компьютерлермен сақинаға тұйықталған. «Сақинаның» «Жүлдызшадан» бір ерекшелігі—оған барлық желілік компьютерлер арасында үзіліссіз жол қажет, өйткені желінің бір жері істен шықса, бүкіл желі тоқтап қалады. «Сақинаның» осал жері-бір компьютердің істен шығуы желіні түгелдей тоқтатады. Желі конфигурациясын өзгерту үшін оның жұмысын тоқтатуға тура келеді.



2. Кабель типтері. Коаксиальді кабель. Айналмалы жұп. Оптоталшықты кабель. Сигналдарды жіберу. Сымсыз желiлер. Желiлiк адаптер платасы.

Кабель(голл. kabel – канат, сым арқан), электрлік– сырты қорғағыш қаптамамен қапталған, бір не бірнеше оқшауланған өткізгіштерден (ток өткізетін талсымдардан) тұратын өткізгіш. Кабель электр энергиясын және сигналдарды қашықтыққа жеткізу үшін пайдаланылады. Кабель арналу мақсатына орай күш кабелі (электр энергиясын тасымалдайтын), байланыс кабелі (сигналдарды тасымалдайтын), радиожиіліктік кабель (жоғары жиіліктік) болып бөлінеді. кабельдің құралымы оны тарту (су және жер астында, ауада, зиянды ортада, т.б.) және пайдалану ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болып жасалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет