Компьютерлiк оқытушы жүйесiне қойылатын негiзгi педагогикалық-психологиялық талаптар



бет4/7
Дата11.12.2021
өлшемі26,73 Kb.
#79117
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Компьютерлiк оқытушы жүйесiне қойылатын негiзгi педагогикалық

Тепе-тендiк (баланс) принципi. бейнелердiң оптикалыќ салмағының бiркелкi таралуын талап етедi. Кейбiр объектiлер көзге ең ауыр болып, ал кейбiреулерi ең жеңiл болып көрiнгендiктен, бейнелеудiң екi жағына бұл оптикалық салмақты тең қылып бөлу керек. Аќпарат экранның бiр жағына жинақталмау керек, ақпараттың логикалык топтары кеңiстiкте д±рыс орналасып, тақырыптары центрленген болуы керек. Керi байланысты ұйымдастыруға ќой­ылатын талаптарды ќарастырайық. Компьютерлiк оқыту программаларында керi байланыстыњ негiзгi функциялары:

оқушыны жiберген ќатесi жайлы хабардар ету:

қатенi түзету үшiн қажет көмек беру;

оқушының ж±мысының нәтижесiн баѓалай отырып, оныњ мотивациясын арттыру функциялары жатады.

Б±л функцияларды iске асыру үшiн объектiлi бағытталған программалауда керi байланысқа келесi талаптар қойылады:

1. Ќате жiберiлгеннен кейiн мiндеттi түрде керi байланыс болуы керек, ќате жiбергеннен кейiнгi жайлы хабардан дұрыс жауап бергеннен кейiнгi хабарға ќараѓанда үлкен педагогикалыќ манызы бар.

2. Kepi байланыстын, тиiмдiлiгi оқушыға қателердi тауып, оларды түзетуге көмектесетiн қаншалықты ақпараттың" бар екендiгiмен анықталады. Сондықтан әдетте хабарландырудың мынадай типi «дүрыс емес» немесе «шешуде ќате жiберiлген» тиiмдi емес. Мәлiметтер жеткiлiктi болу ке­рек, жауаптың дұрыс еместiгiн түсiндiру керек, және сонымен бiрге соншалықты «қуатты» болмау керек

3. Оқушы жаңа дұрыс емес жауапты енгiзгенде ғана немесе

көмек сұраѓанда ғана қосымша мәлiмет беру керек.

4. Оқушыға жiберген қатесi жайлы мәлiмет бермес б±рын оны өз бетiнше түзетуге ±сыныс жасау тиiмдi.

5. Керi байланыс арнасы бойынша мәлiмет оқушының жас ерекшелiгi мен жеке бас ерекшелiгiне сәйкес болу керек.

6. Жаңа материалды оқудың алғашқы кезеңi кейiнгi кезеңiне ќараѓанда керi байланысты оқытуға үлкен єсер етедi.

7. Керi байланысты артық пайдалану оќушының өздiк жұмысын азайтып, онын iс-әрекетiн шектен тыс регламенттеп, шығарма-шылық iзденiс диапазонын азайтады.

8. Өздiк бағалауы төмен оқушылар, өзiне сенiмдi оқушыларға ќараѓанда керi байла­ныстын жиi болуын ќажет етедi.

9. Керi байланыс арнасы бойынша мәлiмет бiрнеше секунд бойы берiлуi керек. Мәлiметгi 30 с кешiктiру және оданда көп кешiктiру оқытудың қорытындысына және оқушылардың компьютердiң көмегiне көзқарасына керi әсерiн тигiзуi мүмкiн. Б±л талапты iске асыруда Timer компонентiн және оның қасиеттерiн қолдану керек.

10. Сол мезеттегi және кешiгiңкiреген байланыстың єсерi шығарылатын есептiң типiне және шешу кезеңiне байланысты бола­ды. Еске сактау есептерiн шешкенде сол мезеттегi керi байла­ныс тиiмдi ал, ұғып түсiнуге берiлген есептерде кешiгiңкiреген байланысты қолдану тиiмдi. Шығарылатын есептiң (моделiн) қүры-лысын жасауда сол мезеттегi керi байланыс, есептiң шығарылуын жоспарлағанда және оның д±рыстығын тексергенде кешiгiңкiреген байланысты қолдану тиiмдi.

11. Егер есеп күрделi болмаса немесе дұрыс жауап алар алдында көп қателерi болса, оқушылардың бiлiмiне катысты хабарландыру-ларда оларды көп мақтамау керек.

12. Дұрыс амалдарды бекiту функциясы пайда болады тек сонда ғана егер, бiрiншiден оќушыға қиын есептер берiлсе, екiншiден есептердiң шешуi оқушылар үшiн жетiстiк деп қабылданса.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет