1. Гипофиз гормондарының препараттары
а) Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормондарының препараттары.
Гипофиздің алдыңғы бөлігінің өнімін күшейтеді. Шеткерлі эндокриндік бездерді қуаттандырады. Қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және иммунодепрессивті әсері бар.
кортикотропин (Б): Әсері, жанама әсері, қолдануға қарсы көрсеткіштері глюкокортикоидтарға ұқсас. АКТГ-ң өнімінің жетіспеушілігінде, бүйрек үсті безінің гипофункциясында,
в) Гипофиздің артқы бөлігінің препараттары.
Окситоцин, питуитрин («Миометрияға әсер ететін дәрілер» тақырыбына қараңыз) жатырдың бұлшық етін жиырады. Босанудың әлсіздігінде қолданылады.
Адиурекрин (құрғақ питуитрин) (Б): 5 мл флаконда (1 мл-де - 20 ӘБ бар)-2-3 тамшыдан тәулігіне 2-3 рет қант диабетіне, энурезде, мүрын қуысына енгізу үшін белгіленеді. Гипертониялық ауруларда колдануға болмайды. Себебі, құрамында ағзада сұйықтықты ұстап қалатын, АҚ жоғарылату қабілеті бар антидиуретикалық гормон вазопрессин бар.
Достарыңызбен бөлісу: |