Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысының батырлары, интерактифті тақта. Ұйымдастыру бөлімі: Мұғалімнің кіріспе сөзі


- слайд. Ауданымыздың өшпес жұлдыздары



бет4/6
Дата03.06.2020
өлшемі55,37 Kb.
#72184
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
жеңіс
жеңіс, жеңіс
5 - слайд. Ауданымыздың өшпес жұлдыздары.

6 - слайд. Туған өлкем – тұнған шежірем.
Мұғалім: 1418 күнге созылған Ұлы Отан соғысында жеңіп шыққанымыздың себептерінің бірі – тыл жұмысындағы еңбекшілердің ерен еңбектерінің нәтижесі еді. Егіншілік пен мал шаруашылығы шеберлерінің қатары өсті. Бүкіл халықтық «Жеңіс қоры» құрылып, оған өз үлестерін қосып жатты. Біздің Мұқыр ауылынанда көптеген аға - апаларымыз өз үлестерін қосты.

7 – слайд. Тыл еңбеккерлері.

Мұғалім: Соғыстың алғашқы күндерінен-ақ совет халқы жан – тәнімен өз Отанын қорғауға аттанды. Әр бір ауыл, әр бір қала үшін ұрыс болды. Жау алғашқы күннен-ақ Советтік Отанның жүрегі есепті болған ең негізгі қалаларға шүйелді. Соның бірі тарихи көркем қала Ленинград еді. Ленинград жау қоршауында қалды. Қала халқы 900 күн бойы соғысты. Ержүрек Ленинградтықтар өз қаласын қорғап қалды.

1944 жылы қаңтарда Ленинград жаудан азат етілді. Неміс фашист армиясының ең негізгі мақсаты Москваны басып алу еді. 1941 жылдың күзінде жау Москваға шабуыл жасады. Отанымыздың жүрегін бүкіл ел болып қорғады. Совет жауынгерлері қалалар мен ауылдарды жан қиярлықпен қорғады. Фашисттерді жер жастандырған батыр қала Москва, Ленинград, Киев, Одесса, Волгоград, Минск, Севостополь, Тула, қаһарман қамал Брест, Новороссийск, Керчьке Ленин ордені мен алтын жұлдыз тапсырылды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет