Курстық жұмыс Тақырыбы: «Бірінші сынып оқушыларынa ағылшын тілін оқытудың маңыздылығы»



бет3/8
Дата14.12.2022
өлшемі98,21 Kb.
#162768
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Фарира Курс раб
PDF‑документ, Фарира Курс раб
Зерттеу мақсаты: 1 сынып оқушыларына ағылшын тілін оқыту әдіс тәсілдерімен таныстыру.
Зерттеу міндеттері:

Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


1. Бірінші сынып оқушыларынa ағылшын тілін оқытудың маңыздылығы
1.1 Бірінші сыныптарда ағылышын тілінен үйретудің маңызы және алғашқы шарттары


«Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ,
ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дагдысы»
А. Байтұрсынов
Еліміздің қарқынды даму саясатының негізінде қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіліп жаңа талаптар қойылып отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік негіздегі сапалы білім беру мақсатына орай ҚР-ның білім беру жүйесіне жаңаша көзқараспен қарау міндет болып табылады.
Бүгінгі таңдағы ұстаздардың міндеті - жас үрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру. Яғни, заман талабына сай білімді де, білікті маман иелерін даярлау.. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бүлынғыр болмайды» - дегендей жас үрпаққа саналы, мән мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім бүгінгі күннің талабы. Шетел тілі біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарды дамытуға мүмкіндік беретін тұлға аралық және мәдени аралық қарым-қатынастың аса маңызды қүралы болып табылады. Мемлекеттердің халықаралық байланыстарының сапалық өзгерістері адамның практикалық жэне зияткерлік іс-әрекетінде шетел тілінің сүранысқа ие болуын қажет етіп отыр.
«Жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандартының» талабына сай ағылшын тілін оқыту қазіргі мектептерде төменгі сыныптан басталады. Ағылшын тілін оқытудың мақсаты - оқушының ағылшын тілінде қарым-қатынас алу, негізін менгеру болып табылады. Ерте жастан шетел тілін оқыту оқушылардың коммуникативтік даму біліктілігін, оқушының қызығушылығын үйымдастыруға мүмкіндік береді, бірден көп тілде сөйлеуге мүмкіндік алады. Шетел тілін оқытуда, тәрбиелік мақсатқа да көңіл бөлген жөн. Текстерді оқыған кезде оқушыларда интернационализм сияқты түсінік қалыптасады. Шетел тілін оқығанда әр уақытта сөздік пен справочник қолдану керек. Сондықтан ағылшын тілі сабағы оқушылардың өздігінен ізденуіне көмектеседі. Қазіргі таңда жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне көңіл аудара отырып, сапалы білім беру талаптары алға қойылып отыр. Бүгінгі білім жүйесі бүкіл әлем деңгейінде қоғамдық дамудың негізін құрайтын басты тетіктердің бірі болып саналады. Шет ел тілін оқытуды жақсарту - заман талабы. Менің бірінші сынып оқушыларына ағылшын тілін үйрету барысындағы алдыма қойған мақсатым: «Оқушыларға ағылшын тілінде ауызша сөйлеу іскерліктерін дамыту». Осы мақсатты алдыма қоя отырып, әр сабағымды қазіргі жаңа технологиялық әдістерді қолданып, түрлендіріп өткізуге тырысатын боламын.
Жаңа технологияларды игеру мүғалімнің танымдық, кәсіптік, берік қарым қатыныастарының, адамгершілік рухани азамматтық және басқа да көптеген адами қабілеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді: өзін-өзі дамитын оқу-тәрбие үрдесін тиімді үйымдастыруына көмектеседі. Оқу процесін жеделдетумен байланысты шетел тілдерін оқытуда жаңа әдіс тәсілдерді қолдану қажеттілігі туып отыр. Бұдан бұрынғы әдіс тәсілдерді қолданбау керек деген пікір тумайды. Қайта бұл жаңа методиканың дамуына негіз салады. Атап айтқанда әртүрлі сөйлемдерді меңгеру, қайталату, текстті жаттату, бірнеше рет естеріне түсірту және тағы басқа жұмыс түрлері оқушыны жалықтырып шаршататыны мәлім. Сондықтан ағылшын тілін оқытуда төменгі сыныптарда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру барысына ойын түрлерін пайдалану өте тиімді. Қазіргі кезде оқушыларға ойын түрлерін қазақ халқының үлттық ойындарымен байланыстыру, оқушыларды ұлттық тәрбиегеде үйретеді. Мысалы: «Орамал тастау» ойыны сөздік қорын кеңейту мақсатында қолдануға болады. Орамалды бір-біріне үйлестіріп беру арқылы, сөздерді аудармасымен айтады, білмей қалған оқушы ойыннан шығады.
Ойын элементтерін пайдалана отырып, оқушыларды сөйлеуге үйрету, олардың шығармашылық қабілеттері мен пәнге деген қызығушылықтарын арта түсетіндігін сабақ кезінде байқауға болады. Мыс: “Әдемі доп” ойыны. Оқушылар сыныптың ортасына дөңгелене түрады. Бір оқушы допты екінші оқушыға лақтыра отырып сұрақ қояды:
- Have you a dog? - Yes, I have.
- Are you a teacher? - I ’m not a teacher. I’m a student.
Мұғалімдер бұл жастағы оқушыларға өз бетінше іздендіру мақсатындағы жұмыстарды беріп, ойын түрлерін творчестволық мәніңде ұйымдастыру пайдалы екендігін атап көрсетеді. Бүл жүмыс түрлері оқушылардың білім алуына үлкен әсері бар. Демек мұғалім әр оқушыға қамқорлықпен қарауға тиісті. Оқушыға қашан өздігінен білім алу жолдарына жаттығып төселгенше мүғалім оған көмек жасап оның жолдарын көрсету керек, яғни оқушының өздігінен орындайтын жүмыстарына сенімділікпен қарау дұрыс. Өйткені ол психологиялық ситуация туғызумен қатар білімді саналы меңгеруге жағдай жасайды. Мұндай икемділік дағдыларын ұлы педагог В.А.Сухомлинский дәлелдеп корсеткен болатын. Жалпы оқытудың білімділік мақсатын түсіну үшін, шетел тілі пэнінің ерекшелігін түсіну қажет. Ағылшын тілі пәнін үйретуде ауызша сөйлеу іскерліктерін дамыту барысында диалог пен монолог түрлерін қолданған дұрыс. Диалог - бүл екі не одан да көп адамдардың кезіндегі қарым - қатынасы. Біреуі тыңдаушы, біреуі сөйлеуші болып табылады. Монологтық сөйлеу логикалық қүрылған сөйлемдердің бір-бірімен байланысты болуы. Жалпы бүл әдісті қолданғанда оқушының өз өмірімен байланыстырып алған тиімді. Мыс: -Who is your friend? What is his/her name?
Ал, монологтық тәсілде өз досы жөнінде айту I have friend. His name is Mike. He is eleven. Осындай жүмыс түрі оқушыға тиімді, әрі қызықты өйткені оқушы тек кітаптан оқып қана қоймай өзі туралы айтуға үйренеді және ағылшын тілінде еркін сөйлеуге үйренеді.
Ағылшын тілін үйрету барысында ең басты мақсат көбірек грамматикаға көңіл бөлу керек. Оқушылар грамматиканы дүрыс білсе, ағылшын тілінде сөйлемдерді де дүрыс құра алады. Оқушыларға бірден барлық грамматикалық құбылыстарды меңгеру мүмкін емес. Соңғы кезде сөйлеуде грамматикалық қүбылыстардың еріктен тыс еске сақтау процесіне көп мән беріліп келеді. Негізінен 2 процеске көңіл бөлгеніміз жөн: Еске сақтау, Меңгеру.
Мектеп программасында грамматикалық материалдар лексикалық материалдармен тығыз байланысты. Грамматикалық тапсырмаларды беру мүғалімнің өз әдіс - тәсіліне байланысты. Мүғалім оқушыға қандай тапсырма арқылы тез үғындыра алады. Ол тест, ойын, карточка т.б болуы мүмкін. Жалпы грамматиканы төменгі сыныптан бастаған жөн. Мен көбіне тест тапсырмасына көп көңіл бөлемін. The ABC test Ағылшын әліпбиіндегі әріпті түгел жазып, дауысты дыбыстардың астын сыз.
Грамматиканы үйретуде топпен жүмыс жүргізуде тиімді. Грамматиканы түсіндіргеннен кейін оқушыларға сөйлем құратасыз немесе сөйлемді өзіңіз құрап карточка арқылы бересіз, оқушылар өздері топталып отырып құрайды, қанша сөйлем қүрағаның тексересіз.
Қазіргі елімізде оқыту мазмұны жаңартылуы, жаңа жүйеге көшуі әрбір мүғалімнің жаңаша жүмыс істеуін, батыл шығармашылықпен жүмыс, ізденіс оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын талап етеді. Ұлы неміс педагогы А.Дистервергтің әйгілі «Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық» атты еңбегінде: «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мүғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді» - деген.
Шығармашылық қабілетті дамыту түлғалық дамытушылық оқытудың мақсаты. Шығармашылыққа үйрету түлғаның интелектуалдық аспектісі ғана емес, оның психологиялық мінез қүлық ерекшеліктерінде көздейді. Оған жігерлілік жаңа жағдайларға бейімделуге икемділік, қажырлылық пен табандылық, іздену, өзіне деген сенімділік жатады. Бірінші сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыруда сыныптан тыс шаралар, сурет салу, жеке тапсырмалар орын алады.
Үздіксіз іздену - бүгінгі таңда ұстаздарға қойылып отырған басты талаптардың бірі. Мүғалімнің әрбір созі мен ісі, киімі, жүрісі, көзқарасы, психологиялық және ізгілік түрғысынан шәкірт жүрегінен орын алады. Егер мүғалім оқушыға білім бергенде ешқандай мақсатқа жетпесе, оқушылардың шетел тіліне деген ықыласын қызықтырмаса, онда оқыту процесі ешқандай нәтиже бермейді. Сонымен қорытып айтқанда шет тілін оқытудың, оқу процестерінің компоненттерінің дүрыс әрекет жасауының нәтижесі болып табылады. Сондықтан әрбір ұстаз үшін оқутәрбие процесін үйымдастыру да мол біліктілікті, ақылдылықты, дүрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдану қажет етеді. Осындай тиімді әдістерді жиі қолданып, сабақ беру барысында дүрыс ізденіспен әзірленсе мектептерде ағылшын тілін оқытудың нәтижесі де көрінеді деп ойлаймын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет