Лекция 1 Бірыңғай конструкторлық құжаттама жүйесінің (БКҚЖ) стандарттар кешені. Бұйымдар түрлері. Конструкторлық құжаттаманың түрлері мен жиынтығы. Сызбаларды әзірлеудің жалпы ережелері. Форматтар. Масштабтар


Конструкторлық құжаттардың түрлері



бет4/8
Дата22.04.2022
өлшемі3,45 Mb.
#140398
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
лекция 1 каз-1
Зерт жұмыс 4, Зерт жұмыс 4, Кур час, Протокол НИРС РУС 2020, Карта обеспеченности, Карта обеспеченности, Карта обеспеченности, химия лекция тапсырма, химия лекция тапсырма, 1 зертханалық жұмыс, Күн энергиясы, Күн энергиясы, Документ, Күн энергиясы, Күн энергиясы

1.2 Конструкторлық құжаттардың түрлері

МЕСТ 2.102-68* өндірістің барлық салаларының бұйымдарына арналған конструкторлық құжаттардың түрлерін тағайындайды.


Конструкторлық құжаттар деп графикалық (сызба, схема) және мәтіндік (сипаттізім (спецификация), техникалық шарттар, механизмнің сипаттама жазуы) құжаттарды атайды.
Олардың жеке түрлері немесе бірнешеуі бұйымның құрамы мен құрылысын анықтайды және бұйымды жасап шығаруға, тексеріп алуға, қабылдауға, пайдалануға және жөндеуге керекті берілгендерден тұрады.
Жиі кездесетін конструкторлық құжаттардың анықтамаларын берейік.
Тетікбөлшектің сызбасы – тетікбөлшек кескіні мен оны жасап шығаруға және тексеріп алуға керекті берілгендері бар құжат.
Құрастыру сызбасы (ҚС) – бұйымның кескіні мен бұйымды құрастыруға (жасап шығаруға) және тексеріп алуға керекті берілгендері бар құжат. Сондай-ақ, құрастыру сызбаларына гидро-пневмо және электр жабдықтарын орналастыру сызбалары да жатады.
Жалпы түрдің сызбасы (ЖС) – бұйымның құрылымын, оның негізгі бөліктерінің өзара әсер ету әрекеттерін анықтайтын және бұйымның қалай жұмыс істейтінін түсінуге мүмкіндік беретін құжат.
Габариттік сызба ( ГС)- бұйымныңсыртқы мөлшері, қондыру және жалғастыру өлшемдерімен берілген контурлық кескіндері болатын құжат.
Теориялық сызба (ТС) – бұйымның геометриялық тұрпатының және құрама бөліктердің координаттарын анықтайтын құжат.
Сұлба – бұйымның құрамдық бөліктері шартты түрде кескінделген немесе белгіленген және олардың арасындағы өзара байланысты көрсетілген құжат (мысалы: құрастыру бірлігінің структуралық схемасы).
Сипаттізім (спецификация) – бұйымның құрамында енетін тетікбөлшектер, құрастырылған бұйымдар және материалдар туралы негізгі мәліметтер көрсетілген құжат.
Түсіндірме хат (ТС) – бұйымның құрылғысы мен әсерлік принципінтүсіндіретін және қабылданған техникалық және техника-экономикалық шешімдерді негіздейтін құжат.
Конструкторлық құжаттарды дайындау кезеңдеріне байланысты жобалау және жұмыс құжаттары деп ажыратады.
Жобалау құжаттарына техникалық ұсыныстар, нобайдер, техникалық жобалар, ал жұмыс құжаттарына тетікбөлшек сызбалары, құрастыру сызбалары және т.б. жатады.
Конструкторлық құжаттарды орындау тәсілдеріне және пайдалану жолдарына қарай оригиналдар,түпнұсқалар, дубликаттар және көшірмелер деп ажыратады.
Оригиналдар деп олардың тұпнұсқаларын жасауға арналған құжаттарды айтады. Мысалы, тығыз қағаздарға салынған сызбалар.
Түпнұсқаларға тиісті қолдары (конструктордың, тексерушінің, бекітушінің және басқалардың) қойылған және құжаттар көшірмесін бірнеше рет қайталап түсіріп алуға жарайтын құжаттар жатады. Мысалы, мөлдірқағаздағы орындалған сызбалар.
Дубликаттар – көшірме алуға болатын, кез келген материалда орындалған, түпнұсқаны ұдайы өндірудің барабарлығын қамтамасыз ететін түпнұсқаның көшірмелері. Мысалы: мөлдірқағаздағы сызба.
Көшірмелер – түпнұсқамен барабарлығын қамтамасыз ететін әдіспен орындалған, өндірісте тікелей бұйымды жасау, пайдалану және өңдеу кезінде қолданылатын құжаттар. Мысалы, түпнұсқаның фотосуреті, сызбаның синькасы (сәуле сезгіш қағаздардың көмегімен түпнұсқадан көшіріп алынған сызбалар).
Конструкторлық құжаттарының қажетті және жеткілікті құрамын анықтағанда мыналарды ажырату керек:
Негізгі конструкторлық құжат;
Конструкторлық құжаттардың негізгі жиынтығы (ол бұйымға қатысты конструкторлық құжаттарды біріктіреді);
Конструкторлық құжаттардың толық жиынтығы (ол берілген бұйымға жасалған конструкторлық құжаттарының негізгі жиынтығынан және барлық құрама бөліктеріне жасалған негізгі емес конструкторлық құжаттардан тұрады).
Негізгі конструкторлық құжаттарға: тетікбөлшектер үшін – оның сызбасы; құрастыру бірліктері, кешендері мен жинақтары үшін – сипаттізім жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет