Пәні: Киімді конструкциялау Лекция №6. Кеңдікке берілетін қосымшалар, олардың сызба аймағы бойынша бөлінуі.
Ережеге сай, киім адам тұлғасына тығыз қона кетпейді, дене мен киімнің арасында сәл-пәл кеңдік қалады. Қосымша дегеніміз - осы адам тұлғасының өлшемдері мен киім өлшемдерінің айырмасы.
Киім сызбасын және оның бөліктерін конструкциялау үшін адам тұлғасының өлшемдерінен басқа оларға берілетін қосымшаларды білу қажет.
Қосымша мәндері:
Қмк - минималды қажетті қосымшалар адамның демалу және қозғалыс еркіндігін қамтиды. Бұл өлшемдерге бұйымның енін анықтайтын кеудеге, белге, мықынға берілген қосымшалар жатады.
Қдк - декорациялың-конструкциялың қосымша модельдің түрпішіні мен сұлбасын анықтау үшін беріледі. Ол суретшінің ойына, сән бағытына және стиліне байланысты. Одан басқа декорациялық-конструкциялық қосымшаға бой мен өлшемдер үлкен әсер береді.
Қт - технологиялың өңдеу қосымшасы құрылым есебінде тігіс пен етек бүгілуіне қосымша байланысты қолданылады. Әр өлшемдік нышан бұйымның конструкциялау учаскесінің өлшенгемінен біріккен қосымша шамасына ажыратылады. Қуч = Өн + Қбір ,
Бұл жердегі Қуч - конструкциялау учаскесіңдегі шама.
Өн - өлшемдік нышан шамасы. Қбір - біріккен қосымша шамасы.
Киімді конструкциялау үшін біріккен қосымша екінші бөлімнің қажетті деректері болып саналады. Сән бағытына байланысты жылдан жылға негізгі модельдеу ұйымдары біріккен қосымшалар шамасын ұсынады. Көп жылдар бойы әдеттегі сұлбалар үшін, әсіресе ерлер киімдеріне қосымшалар тұрақты қалыптасқан.