Лекция мақсаты: Студенттерге Еңбекті қорғау пәнін түсіндіру, еңбекті қорғау саласының міндеті мен қағидаларын оқытып үйрету


Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға қатысуы



бет3/33
Дата20.10.2022
өлшемі184,08 Kb.
#154054
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Еңбекті қорғау курс

Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға қатысуы.
Лекция мәтіні. Қазақстан Республикасының Конституциясында адамдардың еңбегі мен денсаулығы мемлекетпен қорғалатыны

Қазақстан Республикасының Конституциясында адамдардың еңбегі мен денсаулығы мемлекетпен қорғалатыны, әрбір азаматтың қауіпсіздік және тазалық талаптарына жауап беретін жағдайда еңбек ету құқығы жарияланған. Мемлекет бұл талаптарды, ең алдымен, еңбекті қорғау және оларды орындауға қадағалау жүргізу туралы нормалар жүйесі арқылы орындайды.


Еңбекті қорғау саласындағы ұлттық саясаттың негізгі бағыттары ҚР «Еңбек кодексінің» 306-бабында көзделген.
Еңбекті қорғауды мемлекеттік басқаруҚР «Еңбек кодексінің» 307-бабына сәйкес, еңбекті қорғауға мемлекеттік басқаруды мыналар жүзеге асырады:
- Қазақстан Республикасының Үкіметі;
- ҚР Үкіметі арнайы құратын мемлекеттік орган және оның жергілікті жерлердегі бөлімшелері.
Ал, еңбекті қорғауға мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын органдар болып мыналар табылады:
- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, бұл орган еңбек, еңбекті қорғау, жұмыспен қамту туралы заңдардың орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
- Ауыл шаруашылық министрлігі, бұл министрлік машина-тракторлық парктердің техникалық жағдайына, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
- Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік, бұл орган орталық және жергілікті атқарушы органдардың табиғи және техникалық сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы ғылыми мекемелердің жұмысын үйлестіреді, сонымен қатар, өнеркәсіпте жұмыс жүргізудің қауіпсіздігіне қадағалау жүргізеді;
- Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімі жанындағы тәртіптік кеңес, бұл орган мемлекеттік тәртіпті нығайту және жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының жауапкершілігін қамтамасыз ету мәселелерін қарайды;
- Бас Прокуратура, бұл орган республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуына жоғарғы қадағалауды жүзеге асырады;
- жергілікті өкілдік және атқарушы органдар, бұлар тиісті аумақтың әлеуметтік және экономикалық даму бағдарламаларын орындауды, жергілікті жерлерде ҚР Конституциясының, ҚР заңдарының, Жоғарғы Сот қаулыларының, ҚР Президентінің және
Үкіметінің актілерінің, мәслихаттардың және әкімшілік басшыларының актілерінің орындалуын, республикалық және жергілікті билік органдарының өзара байланысын, халықты жергілікті істерді басқаруға тартуды қамтамасыз етеді.
Әрбір азамат еңбекті қорғау құқығына, яғни қауіпсіздік пен еңбек тазалығы талаптарына жауап беретін еңбек жағдайлары құқығына ие. Бұл ҚР Конституциясында және ҚР «Еңбек кодексінде» белгіленген негізгі құқықтардың бірі.
Еңбекті қорғауға құқық дегеніміз бұл:
1.Зиянды және қауіпті өндірістік факторлардан қорғаулы тиіс қауіпсіз жұмыс орны; мұндай факторлар өндірістік жарақатқа, кәсіптік ауруға немесе жұмысқа қабілеттің төмендеуіне келмеуі тиіс;
2. Қайғылы оқиғалар мен кәсіптік ауруларды міндетті түрде тергеу және мұндай жағдайларда әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету;
3. Ұжымдық және жеке қорғану құралдарымен тегін қамтамасыз ету;
4. Жұмыстың және еңбек тәсілдерінің қауіпсіз әдістеріне үйрету;
5. Өзінің жұмыс орнындағы еңбекті қорғау жағдайы туралы, денсаулыққа келуі мүмкін зақымдарға қатысты тәуекелдер туралы және оларды қорғау жөнінде қабылданған шаралар туралы шынайы ақпарат алу;
·6. Өзінің өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнген жағдайда осы қауіпті жойғанға дейін жұмысты орындаудан бас тарту;
·7. Кәсіпорындарды жобалау, салу және қолданысқа беру кезінде еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету;
8. Еңбекті қорғау бойынша мамандарды дайындау;
·9. Еңбекті қорғауды қаржыландыру.
Қауіпсіз жұмыс орнына құқық кәсіпорындардағы, әрбір жұмыс орнындағы еңбек жағдайлары еңбекті қорғауға қатысты стандарттарға, ережелерге және нормаларға сәйкес болуы тиіс екендігін білдіреді.
Мемлекеттік стандарттарға, еңбекті қорғауға байланысты нормаларға, ережелерге жауап бермейтін өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға, салуға және қолданысқа беруге, машиналарды, механизмдерді, жабдықтарды және өзге де өнімдерді, соның ішінде, шетелден .келінген құралдарды шығаруға жол берілмейді. Олардың адамның ағзасына және денсаулығына әсері туралы токсикологиялық, санитарлық-гигиеналық, радиациялық, медициналық-биологиялық бағалаудан өтпеген заттарды, материалдарды, шикізаттарды қолдануға тыйым салынады. Еңбекті қорғауды қаржыландыру мемлекеттік және жергілікті бюджеттер, бюджеттен тыс қорлар, кәсіпорындар қаржысы және өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады. Кәсіпорындардың қызметкерлері осы мақсаттарға қатысты шығындарды көтермейді.
Еңбекті қорғау туралы заңдарда қызметкерлер мен жұмыс берушілердің міндеттері де көзделген. Қызметкерлер өндірістік цехтардағы, құрылыс алаңдарындағы жүріс-тұрыс және жұмысты орындаудың белгілі бір ережелерін белгілейтін еңбекті қорғауға қатысты нормаларды, ережелерді және нұсқауларды сақтауға міндетті. Сонымен қатар, қызметкерлер ұжымдық және өзіндік қорғану құралдарын дұрыс пайдалануға және қолдануға міндетті. Егер жұмысқа кірісудің міндетті шарты болып қауіпсіздік техникасына қатысты арнайы білім алу, нұсқама алу немесе емтихан тапсыру болса, онда қызметкер бұл талаптарды орындауға міндетті. Бұл талаптарды орындаудан бас тарту еңбек тәртібін бұзу ретінде қарастырылады.
В.Н.Уваров атағандай, нормативтік құқықтық актілер екі түрге бөлінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет