Лекция Тақырыбы : Балалар әдебиетінің қалыптасу тарихы. Қазақ балалар әдебиетінің дамуы



бет9/18
Дата14.10.2022
өлшемі0,65 Mb.
#152952
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Байланысты:
358648 2
Есіркеп Ерасыл Қанатұлы 1504-11, Азықтандыру Дастан дайын, халикова махбуба, 358648, Қылмыстық құқық реферат, Дидар реферат 2.2 фтн, Логикалык есептер
6-дәріс: ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті Махамбет Өтемісұлының шығармалары. Ы Алтынсарин, А. Құнанбаев еңбектері.

Жоспар


  1. ХІХ ғасырдағы әдебиет тарихының даму жолдары.

  2. Махамбет өлеңдерінің мазмұны.

  3. Абай шығармаларының көркемдік ерекшелігі.

  4. Алтынсарин – педагог жазушы.

Пайдаланған әдебиеттер



  1. Қ. Жұмалиев ХҮІІІ – ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті

  2. Ы. Алтынсарин Таңдамалы шығармалары

  3. Х. Сүйіншәлиев Қазақ әдебиетінің тарихы

Қазақ халқының ауыз әдебиеті, тарихи әдебиеті, жазба әдебиеттерінің мазмұн байлығы мен көркемдік құндылықтары ХІХ ғасырдың бас кезінде кітап шығару жұмыстарын қолға алған татар буржуазиясының назарларын аудара бастады. ХІХ ғасырдың бірінші жартысының аяқ кезінде өмір сүрген кейбір ақындардан шағатай, түрік, татар тілінде басылып шыққан әдеби шығармаларға еліктеушілік байқалады. Бірақ, жалпы алғанда, қазақтың жазба әдебиет үлгісінің өсу жолындағы алғашқы өнегесі қазақтың ауыз әдебиеті болды. ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысынан басталатын әдебиетіміздің тарихын бақылап қарасақ, оның да негізгі арнасы – ауыз әдебиеті. Әрине, әр кезең, әрбір әлеуметтік құрылысқа байланысты, ақындардың белгілі бір таптың жыршысы болуына байланысты, өздерінің таптық тілегіне, мүддесіне қарай өз ара ерекшеліктері бар. Бірақ бәрінің де ұшқан ұясы, негізінде, ауыз әдебиеті деп қарау орынды. Қазақстанның қай өлкесі, қай облысында болсын шығармалары өз атымен аталып, өзінің авторлығын толық сақтаған, сол кезде өмір сүрген бірінші ақын, тарихи тұлға – Бұхар жырау. Сондықтан ол әдебиет тарихының басы болып саналады. Бұхардан бергі ақындардың көпшілігі хат білген. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген Махамбет Өтемісовтың 1839 жылғы жазылған хаты қолжазба күйінде бүгінге дейін сақтаулы. ХҮІІІ – ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті өзінен бұрынғы ауыз әдебиетінің негізінде, оның ежелгі дәстүрін дамыта отырып өсті. Жарқын талант, ер жүрек батыр, ісінен де, сөзімен де кейінгі ұрпақтарын таң қалдырған Махамбет Өтемісов қазақ әдебиетінің тарихынан ерекше орын алалды. М. Өтемісов 1804 жылы Батыс Қазақстан, бұрынғы Орал ауданы, Бекетай құмы деген жерде дүниеге келді.


Махамбет шығармалары саны жағынан көп болмаса да, оның сапасы, идеялық көркемдігі жағынан мәні зор. Махамбет өлеңдері – ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы хан, сұлтан, би-феодалдарға қарсы Исатай бастаған шаруалар көтерілісінің айқын айнасы. Оның өлеңдерін оқығанда шаруалар көтерілісінің алғашқы өрлеу кезеңдері де, күрес жолдарындағы халық батырларының ерлік қимылдары да, көтерілістің апатқа ұшырағаны да,күресушілерге жауларының қолданған қатал шаралары да, жеңіліс тапқаннан кейінгі ауыр хал, қиын жағдайлардың бәрі десол қалпында суреттелінеді.
Махамбет шын мәнінде өз халқын, өз отанын сүйген патриот ақын. Халықтың ауыр тұрмысын жеңілдету үшін ақын өзінің «Жәңгір ханға айтқан сөзі» деп аталатын өлеңінен бастап қарулы күреске шақырады.
Халықтың ауыз әдебиетінде әсіресе эпостық поэмаларда, отаны үшін өлімге басын байлаған батыр образдары аз емес. Бірақ ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиетіміздің тарихын алсақ, ерлікті дәріптеп, батырлардың образын жасауда Махамбет шын мәніндегі реалистік образ жасады. Ол бізге Исатай образын қалдырды.
Исатай – тек әдеби герой емес, тарихи адам. Исатай образы арқылы ақын, бір жағынан өзінің адам образын жасауға шеберлігін айқындаса, екінші жағынан, өз халқының шын патриоты екенін, жұрт тілегі үшін қандай қиыншылыққа болса төзе біліп, сол жолда ерлікпен күресе алатынын көрсетті.
XIX ғасырдың 20-жылдарында бір орталыққа бірікпей, әлсіреген қазақ елінің алауыздығын пайдаланып, Қоқан мен Хиуа хандары Ұлы жүздің бір бөлігін, Кіші жүздің оңтүстік өңірі мен Сырдария бойын өздеріне бағындырып, бірнеше бекіністер салып, қазақ ауылдарын ауыр алым-салықпен, бейбіт ауылдарға тонаушылық шабуылдарымен үлкен ауыртпалық әкеледі. Қоқан бекіністері Орта жүзге де өздерінің билігін орнатуға тырысады.
1822 жылғы «Сібір қазақтарының жарғысы» бойынша қазақтарда хан билігін жою, қазақ елін бөлшектеу, «бөліп ал да билей бер» саясаты жүргізіліп, қазақтарды тәуелсіздіктен, бостандықтан біржола айыру көзледі.
Жері құнарлы Жайық бойы атты қазақтардың қонысына айналады. Арқаның Көкшетау, Қарқаралы, Есіл, Ертіс, Нұра, Ақмола жерінен қазақ ауылдары қуылып, бекініс қоныстар салына бастайды. Америкаға қоныстанушылар жергілікті түземдіктерді жерлерінен қуу үшін ауру таратып, қырып аңдарды жаппай жойғаны сияқты патша өкіметі де қүнкөріс көзі мал болып табылатын елді жайылымдық жерлерінен қуып, құнарсыз, шөлейтті аймақтарға ығыстыруы қазақ ауылдарына өте ауыр соққы болып тиеді.
Көтерілістің басты мақсаты - Қоқан мен Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген қазақ өңірлерінің дербестігін сақтау, қазақ жерлерін бекіністер мен жаңа округтік билеу арқылы жан – жақты отарлауды тоқтату еді.
Көтерілістің қозғаушы күші – қазақ шаруалары. Бұл оған халықтық сипат береді. Сондай-ақ көтеріліске ірі ақсүйек өкілдері сұлтандар Шеген, Қанқожа, Уәлиұлы, Тани Торайұлы, Айғаным ханым, Ақмола округінен Күшік, Жадай, Жанай айшуақұлдары, Кіші жүзден Жоламан би Тіленшіұлы және халық арасында беделдері аңызға айналған батырлар Ағыбай, Аманкелді Имановтың атасы Иман, Бұхарбай, Бұғыбай Аңғал батыр, Жеке батыр, Байсейіт батыр, Саурық, Сұраншы, Тайшыбек қатысады. Тек қазақ шаруалары ғана емес, Қоқан мен Хиуа бектерінен, қырғыз манаптарынан, орыс помещиктерінен озбырлық көрген, пана іздеген, әділеттік, бостандықты
көксеген орыс, өзбек, қыргыз, қарақалпақ, ұлттарының өкілдері де болады. Алғашқы ашық қақтығыс 1837 жылы Петропавл ( Қызылжар, 1805 ж ) қаласынан шыққан керуенге еріп келе жатқан Ақтау бекінісінің қазақтарына шабуылдан басталады. Көтерілісшілер бұдан соң 1838 жылы 26-мамырда Ақмола бекінісіне тұтқиыл шабуыл жасап, оны қиратып, өртеп жібереді. Гарнизон басшысы Қарбышев пен аға сұлтан Қоңыр төре (Қоңырқұлжа) Құдаймендеұлы бекіністің өзен жақ есігінен зорға қашып құтылады.
Отарлау саясатын жүргізгенде патша өкіметі жалаң күш қана емес, ел басқарудың небір әккі айла – амалдарын қолданғаны мәлім. Қазақ сұлтандары мен төрлеріне кейінгі мұраға қалдыратын құнарлы жерлер, аға сұлтан, болыс, би сияқты әкімшілік қызметтерге тағайындау, алтын, күміспен ақы төлеу, алым – салықтан босату, адал қызметтері үшін сарыала шекпен, алтындатқан қылыш, зерлі ту, грамота (мақтау) қағаздар беру сияқты құйтырқы әрекет жасайды. Ал қарсы болғандары қарақшы, ел бұзар, тонаушы атанады.
Халқымыздың ардақты ұлдары, өз елін прогресс жолымен алға қарай бастаған Шоқан, Абай, Ыбырайлар да сол дәуірдің — қазақ даласына орыстың озық әдебиеті мен мәдениеті ізгі әсерін жая бастаған дәуірдің — жемісі болды. Өткен ғасырда Қазақстандағы қоғамдың ой-пікірлердің даму тарихы, негізінен алғанда, осы есімдермен байланысты.
Қазақстандағы педагогикалық ой-пікір XIX ғасырдың екінші жартысында негізінен қазақ халқының ұлы ағартушыларының әлеуметтік саяси, философиялық және этикалық көзқарастарымен қоян-қолтық, өзекті байланыста дамып жатты.
Қазақ халқы өзінің қоғамдық-экономикалық дамуы жағынан өте артта қалған еді. Бұл қазақтың кең сахара даласында нағыз патриархалдық әдет-ғұрыптар үстем болып тұрған кез болатынқы өзінің қоғамдың-экономикалық дамуы жағынан өте артта қалған еді. Бұл қазақтың кең сахара даласында нағыз патриархалдық әдет-ғұрыптар үстем болып тұрған кез болатын.
XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында әлеуметтік-саяси жағдай шиеленісіп тұрған кез болды. Ы.Алтынсарин халқының алдыңғы қатарлы ой-пікірлерін уағыздаушылардың бірі болды. Ы. Алтынсариннің ағартушы және педагог ретінде қазақ халқының тарихи даму жолына үлкен үлес қосарлықтай творчестволық еңбек етуіне орыс халқының прогресшілдік ықпалы көп көмегін тигізді. Бұл қағида Қазақстан үшін де солай еді. Ыбырай Алтынсарин орыс халқы мәдениетінің демократияшыл идеяларын, әсіресе Ушинскийдің педагогикалық мектебінің жаңалықтарын творчестволық жолмен қабылдай отырып, қазақ даласына білім таратушы, мектеп ашып, жастарды тәрбиелеуші мұғалім болды. Ол өз ісінде әрқашан адамгершілік туын көтеріп, көптеген педагогикалық бағалы мұралар қалдырды. Солардың ішінде оның тамаша өлеңдері мен өңгімелері де бар. Бірақ ол — ең алдымен ағартушы педагог. Ал оның ақындығы мен жазушылығы оның мақсатына сол ағартушылық-педагогтық істеріне бағынған. Әңгімелер мен өлеңдерін балалар тәрбиесіне арнап, оқу құралдары мен оқулықтарына енгізген.
Бұл -— қазақ феодалдарының балалары үшін, олардың ішінен патша өкіметіне сезімді чиновниктер даярлап шығару мақсатына арналып ашылған мектеп еді, сонымен бірге ол қазақ даласында орыс тілінде оқытатын тұңғыш мектеп болып саналатын.
: «Халық ағарту жұмысы бұл арада тек қана жаңа басталып келеді. Сондықтан жаңа салынып жатқан үйдің жақсы болуы оның іргесінің берік және мықты қалануына байланысты болатыны сияқты, біздің қолға алып отырған ісіміздің де, қазақ мектептерінің бар келешегі көбінесе, істің қазіргі басталуына байланысты. Сондықтан да мен қазір жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат көремін...»
«Халық мүдделері үшін ең керектісі оқытушы. Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілген инспекторлар бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды»,— деп мұғалімдердің беделін жоғары көтерді. Оның ауылдың мұғалімдерге арнаған нұсқау хаттары, сірә, жайдан-жай жазылмаса керек. Озық ойлы ұстаз өзі ашқан мектептерде алғашқы сабақты өзі еткізіп, жас мұғалімдерге үлгі көрсетіп, оларға тәлім-тәрбие беріп отыруы да, мектептердің көпшілігінде жылдың қорытынды емтиханды өзі алуы да, өзімен бірге өзгеге қатаң талап қоя білуі де оның асыл қасиеті екенін көреміз., Алтынсарин мектептерде орыс тілімен қатар қазақтың ана тілін де жеке пән ретінде қарап, оған баса назар аударды. Сейтіп, ол Қазақстанда ұлы орыс халқының озат мәдениетін таратып, мектептерді ұлттық кадрлар даярлайтын ортаға айналдырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет