Лекция. Тақырыбы: Этнодемографиялық үдерістер және ұлтаралық келісімнің нығаюы Лекция жоспары



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі296,96 Kb.
#94907
түріЛекция
1   2   3
Байланысты:
10-лекция

 
т
уралы мағлұмат беру. 
Лекцияның мәтіні: 
1. Кеңестік кезеңнен кейінгі республикалардың экономикалық және 
әлеуметтік жағдайының тұралауына КСРО-ның ыдырауы өзіндік әсер етті. 
Алып империяның құлауына байланысты қоғамның әлеуметтік құрылымы, 
адамдардың социалистік ұжым құндылықтарымен өмір сүру дағдысы 
өзгерістерге ұшырады. Бәрін бұрынғыша басқару мен қабылдау, сол қалыпта 
жүре беру мүмкін емес еді. Қоғам даму мен оның талаптарынан бұл көрініс 
айқын аңғарылды. Экономика деңгейі 55 пайызға төмендеді. 1991 жылы 
өнеркәсіп өндірісінің құлдырауы - 8%-ға жетті. 
1991жылғы 16 желтоқсанда Республика тәуелсіздік алды. Жоспарлы 
экономикадан нарықтық жүйеге көшу оңай тимеді. Бұрынғы КСРО-нің одақтас 
республикалары арасында экономикалық байланыстар үзіліп, бір бірінен 
алшақтай бастады. Республикалардың әрқайсысы шиеліністерден шығу 
жолында тек өз күші мен қабілетіне сүйенді. Баға босатылды. Негізгі тұтыну 
тауарлардың жетіспеушілігі байқалды. Республика азаматтарының тұрмыс 
жағдайы одан әрі нашарлап, халық қарапайым тіршілік үшін күресті. Жұрттың 
жалақысы тек азық-түлік алуға зорға жетті. Еуропалық ұлттар өкілдері өз еліне 
қоныс аударуы көбейіп, республика халқы едәуір азайды. Көптеген завод, 
фабрикалар 
жұмысы 
тоқтап 
қалды. 
Жұмыссыздық 
өсті. 
Отбасы 
қатынастарының бұзылуы, ажырасулар мен әлеуметтік проблемалар көбейді. 
1993-1994 жылдары өнеркәсіптік өндіріс көлемі екі есе, ауылшаруашылықта - 
үш есе, транспорттік жүк тасымалдау үштен екі есе қысқарды.
Халықтың кіріс денгейі күрт төмендеді. Инфляция денгейі 3000% және 
одан да жоғары болды. Нарықтық экономикаға көшуде 15000-дей өнеркәсіп 
орындарды жекешеліндіруде біраз қателіктер жіберілді. Мүлік талан-таражға 
түсіп, берекесіздік тудырып, ақыры экономикалық терең дағдарысқа 
ұшырауына басты себебіне айналды. Осындай жағдайда шешуші әлеуметтік-
экономикалық шаралар қажет болды.
1991 жылдың бюджет тапшылығы 20%-ға артты. 1992 жылдың қаңтар 
айында Ресей ТМД елдерімен алдын-ала кеңеспей, бағаны ырқына жіберді. Екі 
ел арасында ежелден сауда қарым-қатынасы қалыптасқандықтан, Ресейдің бұл 
қадамы Қазақстанға едәуір экономикалық шығын алып келді. Елімізде кейбір 
тауар түрлерінің бағасы шарықтап кетті. 1992 жылдың жазында елдегі 


экономикалық дағдарыс өрши түсті. Дағдарыс бұрынғы КСРО аумағында тауар 
өндірушілер тағайындаған монополиялық жоғары бағадан, халықтың 
табысының өсу қарқыны бағаның өсу қарқынынан кейін қалғандығынан болды. 
Халық табысын негізінен тамақ өнімдерін сатып алуға жұмсады. Соның 
салдарынан баға мен жалақы арасында қарама-қайшылық күшейе түсті. 
Табысты индексациялаудың тиянақты жүйесі жасалмады. Индексация 
уақытынан кеш, әрі ретсіз жасалды. Оның инфляцияға қарсы әсері жеткіліксіз 
болды. Бірыңғай ақша жүйесі күйреу жағдайына жетті. Республикада 
бюджеттік шығынды өз бетінше ұлғайту әрекеттері ақшаның одан сайын 
құнсыздануына әкелді. Инфляция деңгейі 1992 жылы 3061%-ды, ал 1993 жылы 
2265%-ды құрады.
Қазақстанда 1990-1994 жылдары өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі тең 
жартысына кеміді. Ауыл шаруашылығы саласы 3/1, көлік тасымалы 3/2-ге 
дейін құлдырады. Өнеркәсіп алыптары тоқтап, жұмыссыздық өршіді. 
Мемлекеттің кәсіпорындарды басқаруға мүмкіндігі болмады. Көптеген 
кәсіпорындарда өнім және тауар айналымынан түскен қаражат шет елдерге 
асып кетті немесе талан-таражға салынды. Халықтың кіріс деңгейі күрт 
төмендеді. Жұрт бірнеше ай бойы жалақыларын алмады. Зейнетақы мезгілінде 
берілмеді. Халықтың жинаған қоры шектен тыс инфляция салдарынан да 
кеміді. Банк жүйесінің жетілмеуі экономиканы тежеді. Дүкендерде азық-түлік 
пен тұрмысқа қажетті тауарлар тапшылығы байқалды. Осының бәрі 
қылмыстың өсуіне, жауапсыздыққа, немқұрайлылыққа әкеп соқтырды. 
Күнделікті қажеттілікті қанағаттандыру, отбасын асырау мақсатында 
жоғары білімді мамандар қызметтерін тастап, күнкөріс қамына кірісті. Еңбексіз 
табысқа бет бұрды. Сауда жасауға ауысты. Жоғары білімді, тәжірибелі 
мамандардың кәсіби мамандығынан кетуі білім беру, денсаулық сақтау 
салаларының сапасына айтарлықтай әсер етті. Алайда, жұмыссыздық пен 
нарық жағдайына бейімделген маман жұмысшы күшінің жеткіліксіздігі 
әлеуметтік маңызды мәселе күйінде қала берді. Жұмыссыздық көлемі: 1991 
жылы - 0,05%, 1992 жылы - 0,95%, 1993 жылы - 1,2%-ға жетті.
1993 жылдан жұмыссыздар санының біртіндеп ұлғаюы байқалды. 
Қазақстанда тұратын адамдардың өмір сүру, адам даму потенциалы көрсеткіші 
1992 жылғы мәлімет бойынша - 0,798. Бұл көрсеткіш бойынша еліміз 174 елдің 
арасында 64 орынды иеленіп, адам даму потенциалы орташа деңгейдегі елдер 
тобын бастап тұрды. 1993 жылы 0,740 немесе 72-орында. 1990-1995 жылдары 
Қазақстан Республикасы тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы - 4,7 жылға 
кеміді. Бұл - 1991-1995 жылдары адамдардың өмір сүру деңгейінің 
төмендегенін көрсетеді. 
Тұрғындардың әлеуметтік жағдайының нашарлауына мемлекеттің 
әлеуметтік инфрақұрылымда жасаған реформаларының да әсері болды. Тегін 
денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қызмет көрсету қысқара бастады. 
Сонымен қатар бұл салаларда мемлекеттік емес қызмет көрсету түрлері
қалыптасып үлгермеді. Егер еңбекақы, зейнетақы және басқа да төлемдер 
көлемі жыл сайын ұлғайып отырған жағдайда, бұрын тегін қызмет көрсеткен 
салаларды біртіндеп ақылы түрге көшіруге болар еді. Алайда, елдегі 


әлеуметтік-экономикалық қиын ахуал, халыққа қызмет көрсету салаларын 
жекешелендіріп, шағын бизнесті дамытуға мүмкіндік бермеді. 1993 жылдың 
қараша айынан, яғни ұлттық валюта енгізілген кезден бастап 1996 жылға дейін 
баға 35 рет өсті. 
 
2. Сондықтан өтпелі кезеңнен қиыншылығына қарамастан, егемендік 
алған кезден бастап, Қазакстанда білім жүйесінде көптеген оң өзгерістер орын 
алды. Ең бастысы, оқу мазмұны өзгерді. Білім стандарттары жасалды, 
окытудын жаңа әдістемесі енгізілді. Қазақстан Республикасындағы білім 
берудің жай-күйі алғаш рет 1995 жылы көктемде оку саласы қызметкерлерінін 
республикалық кеңесінде егжей-тегжейлі талқыланды. Кеңесте атап 
көрсетілгендей, халыкка білім беру саласында бірқатар оң өзгерістерге қол 
жеткені айтылды. Бірыңғай орта мектептердің орнына мектепте болашак 
ұрпакка білім беруде плюрализм орнап келеді. Соңғы жылдары гимназиялар, 
лицейлер, жеке және авторлық мектептер ашылып, жұмыс істей бастады. 
Тарих, Ана тілі және 1-5 сыныптар үшін оку пәндері бойынша оқулықтар 
шығарылды. Егер соңғы кезге дейін Қазақстан мектептерінде тек бұрынғы 
КСРО тарихы оқытылса, енді қазақ халқының өз тарихын терең талдап оқытуға 
көңіл бөлінді. 
Тәуелсіздік жылдары Қазақстан орта білім беру бойынша әлемде жетекші 
орынға шықты. Жалпы білім беретін мектептерде кітаппен қамтамасыз ету 
және компьютерлендіру мәселесе шешілді. Білім және ғылым министрлігі 
елімізде 12 жылдық білім беру жүйесіне көшудің қолға алынған болатын. 
Көптілді білім беру бағдарламалары іске қосылуда. Білімнің жаңартылған 
мазмұнының стандарттары енгізілді. 2009 жылдан бастап «Назарбаев 
Зияткерлік мектебі» (НЗМ) жоба іске қосылды. НЗМ-де білім беру халықаралық 
бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады. Олармен бәсекеге түсе алатын
қазақ-түрік лицейлері (КТЛ) жұмыс істейді. 2016 жылдан бастап КТЛ «Білім 
инновация лицейі» деп аталады.
1998 жылы «Дарын» Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы 
құрылды. Орталық дарынды балаларды анықтауда және қолдауда маңызды рөл 
атқарды. Қазақстан бойынша жекеменшік мектептер ашыла бастады.
2003-2004 оқу жылы мектеп бітірушілері үшін Ұлттық бірыңғай тест 
тапсыру енгізілді. Бұл еліміздің жастары үшін жоғары білімнің 
қолжетімділігіндегі ашықтықты қамтамасыз етудің бастамасы болды. 2018 
жылға дейін мектеп түлектері үшін ҰБТ мектеп аттестатын алуға және жоғары 
оқу орнына түсуге жарайтын. Бүгінгі күні ҰБТ тапсыру ережесіне біршама 
өзгерістер енгізіліп, жаңа форматта өтетін болды.
1980-ші жылдары қазақ тілінде оқытатын мектептер саны азайса, 
тәуелсіздік жылдары оқушылардың төрттен үш бөлігі жалпыорта мектептерде 
мемлекеттік тілде білім алады.
Халыққа білім беру саласын алға бастыруда оның материалдық-
техникалык базасын нығайтуда, әсіресе; 1996-1997 жылдары үкімет тарапынан 
едәуір айтуға тұрарлық жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, 1996 жылы білім 
беру саласына 65 миллиард теңге, немесе мемлекеттік бюджеттің 23,4 пайызы, 
1997 жылы 73,3 миллиард теңге, яғни мемлекеттік барлық бюджетгін 21,4 


пайызы бөлінді. Алайда одан кейінгі жылдары халыққа білім беру саласындағы 
орнықтылық және кейбірқ кезек күттірмейтін мәселелердің шешілуін желеу 
етіп, мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлу бірсыпыра азайды. Мәселен, тек 1999-
2001 жылдары білім беру саласына жыл сайын шамамен 12 миллиард теңге 
бөлініп отырғаню. Мұның өзі білім беру саласындағы кейбір келеңсіздіктерге 
алып келді. Балабақшалардың 82 пайызы қысқарып, окушылары аз көптеген 
ауыл мектептері жабылып қалған. 
Мектептерде жұмыс істейтін мұғалім кадрлардың сапалық құрамында 
келеңсіз жағдайлар қалыптасты. 2001/2002 оку жылында республика бойынша 
педагог кадрлардың тапшылығынан мектептерде тек орта білімі бар 3,5 мыннан 
астам мұғалім және 6 мың басқа мамандық иелері жұмыс істеген, мектептерден 
жалақыны азсынып, 43,6 мың мұғалім басқа салаларға жұмысқа ауысып кеткен. 
Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша 
2000/2001 оқу жылында елде жалпы білім беретін мектептердің саны 8007 
болған, Олардың 3545-і (44,2%) қазақ, 2356-сы (29,4%) орыс, 13-і үйғыр, 81-і 
өзбек, 3 тәжік, 1 украин. Бір ерекше атап көрсететін жайт, әсіресе, соңғы 
жылдары республикада қазақ тілінде оқитын оқушылардың саны едәуір артып, 
2003 жылы олар барлық мектеп оқушыларының 54,4 пайызын қамтыған. 
Республика 
мектептерінде 
техникалық 
ақпараттық 
және 
телекоммуникациялық технологияларын енгізуде де оң қадамдар өріс алды. 
2001 жылы елде орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың бірінші кезеңі 
негізінен аяқталды, нәтижесінде 58 оқушыға бір компьютерден келген. 
"Иитернет - мектепте" бағдарламасы аясында 1414 оку орны, оның ішінде 868 
ауыл мектебі ақпарат желісіне қосылған. 
Үкіметтің 2002-2004 жылдарға арналған Іс-қимыл бағдарламасында 
барлық деңгейдегі білім беру, оқытудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру, оқу-
әдістемелік кешенді қалыптастыру, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің 
санын арттыру көзделген. Ауылдық жерлердегі мұғалімдерді тұрғын үймен 
қамтамасыз ету, олардың біліктілік деңгейін көтеруіне жағдай жасау, тағы да 
басқа істерді жүзеге асыру нақтыланды. Сонымен бірге кәсіптік мектептер мен 
колледждерге керекті оқулықтар және оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу 
жайы да жан-жақты қарастырылған. 
Еліміз егемендік алған он жылдан астам уақыт ішінде республика 
жоғары және орта арнаулы білім беретін оку орындарында да бірсыпыра жана 
өзгерістер орын алды. Республиканың жетекші оқу орындары - әл-Фараби 
атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университеті, Абай атындағы Алматы 
университеті, Қазақ ұлттық техникалық университеті және басқалар 
Қазақстанның тәуелсіз ішкі және сыртқы саясатын жүргізуге қабілетті маман 
кадрлар даярлайтын жаңа факультеттер ашты. Түркістандағы Ахмет Ясауи 
атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Сыртқы істер министрлігі 
жанынан Дипломатиялық Академия ашылып, жұмыс істейді. Бұлардан білім 
алып, дайындалып шықкан кадрлар, Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатын 
одан әрі дамытып, біліктілікпен жүргізуде өздерінің лайықты үлесін 
қосатынына сенім артты. Өйткені олар қазақ, орыс тілдерінен басқа шет 
елдермен байланыс жасауда аса қажетті ағылшын, неміс, француз, араб, қытай, 


хинди және тағы басқа да тілдерді меңгеріп білім алады. 1997 жылы елімізде 
мемлекеттік 53 жоғары білім беретін және 40-тан астам жеке меншік жоғары 
оқу орындары жұмыс істеді. 2002 жылы мемлекеттік жоғары оқу орындары 47-
ге дейін азайды, оған керісінше ақы төлеп оқитын жоғары оку орындарының 
саны 160-тан асты. 2003 жылы Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің 
шешімімен 43 мемлекеттік, 130 жеке жоғары оқу орындары қалдырылды. 
Қазақстанның тәуелсіздік алуымен байланысты халықка білім беру 
жүйесінін халықаралық қарым-қатынасы кеңейді. 1991 жылы жуздеген 
республика оқушылары, студенттері мен аспиранттары оқуларын шетелдерде 
жалғастырса, қазірде олардың саны мыңнан асып отыр. Осы мақсатта 
Қазакстан Президенті жанынан "Болашақ" бағдарламасы бойынша арнаулы қор 
кұрылып, оны қаржыландырумен республиканың барлық жоғары оқу 
орындарынан жыл сайын жүздеген студент шетелдерге, соның ішінде АҚШ-ка, 
Ұлыбританияга, Францияға, Қытайға, Түркияға және тағы басқа да жерлерге 
оқуға жіберіледі. Соңғы он жылда "Болашақ" бағдарламасы бойынша 685 
студент жастар шет елдерден білім алып келді. Ал 2003 жылдың басында 
республикалық арнайы комиссияның шешімімен 25 жас жігіттермен қыздар 
шет елге оқуға жіберілетін болды. 
Егемендік алған жылдары еліміздің ғылымың дамыту салаларында үрдіс 
өзгерістер байқалды. Қазақстан Республикасы ғылым Академиясының 
құрылымы мен ғылыми ізденістерінің тақырыптары жана талаптарға сай 
қайтадан қарастырылды. Ә. X. Марғүлан атьндағы Археологиялық 
институт,ғарыштық зерттеу, Механика және машина, Информатика және 
басқару, 
Физика-техникалық 
проблемаларды 
зерттеу 
институттары 
ұйымдастырылды. Салалық ғылым академияларының жүйесі кеңейтілді. 
Қазақстан Республикасының Инженерлік академиясы жұмыс істейді, ал Ауыл 
шаруашылық академиясы Қазақстан ұлттық академиясының кұрамына 
енгізілді. Ғылыми дәрежелер тағайындау және ғылыми атақтар беру, 
диссертациялық жұмыстардың сапасын бақылап бекіту үшін республика 
Жоғары аттестациялық комитеті құрылды. 
Тәуелсіз Қазакстанның әдебиеті мен ұлттық тілінің мәртебесін көтеруде 
бірқатар шаралар іске асырылуда. 30-шы жылдары нәубетке, жазықсыз жазаға 
ұшыраған ғалымдарды, жазушыларды, мамандарды ақтау жүзеге асты. А. 
Байтұрсыновтың, М. Жұмабаевтың, М. Дулатовтың, Ш. Құдайбердиевтің, Ә. 
Бөкейхановтың, X. Досмұхамедовтың, Ж. Аймауытовтың және басқалардың 
кітаптары жарық көрді. Бұлардың шығармалары ұмыт болып, мектептерде, 
арнаулы орта және жоғары оқу орындарында соңғы кезге дейін оқытылмаса, 
енді оқу орындарының бағдарламаларына кеңінен енгізіліп, оқушы-студент 
жастарға олар жөнінде жан-жақты дәріс беріледі. Мемлекеттің жаңа кезендегі 
жүргізіп отырған ұлт саясатымен байланысты қазақ тілін қайта түлету 
мейлінше көкейкесті проблемаға айналды. 1989 ж. қыркүйектегі Тіл туралы Заң 
және Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша ол мемлекеттік тіл 
деп жарияланады. Іс жүргізуді казақ тіліне көшіру жөнінде жан-жакты шаралар 
белгіленіп, олар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Қазақстанның барлық 
жоғары және арнаулы орта оку орындарында қазақ, тілінде оқыту бөлімдері 


ашылды. Мұның өзі ауылдан қазақша оқып келген жастардың ана тілінде 
тиянақты білім алуына жағдай жасады. 
1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан үкіметі тұңғыш рет 
идеологиялық 
өктемдіктен 
бас 
тартатынын, 
мәдени-шығармашылық 
бостандықты жариялап, оны қорғау, өнерге қол жеткізуге көмектесетін 
жағдайлар туғызу, жариялылықты камтамасыз ету және шығармашылық 
қызметкерлерінің жұмысын халыққа жария ету жөнінде міндеттемелер алды. 
Міне, осының нәтижесінде экономикалык қиындықтарға қарамастан, 
республикада мәдениеттің басты ошағы болып саналатын мемлекеттік 
театрлардың бірде-бірі жабылған жоқ. Қайта жаңадан Көкшетауда қазақтың 
музыкалық драма театры, Актөбеде драма театры, Ақмолада музыкалық драма 
театры, Батыс Қазақстан облысында мәдениет институты, Мәдениет 
министрлігі жанынан күрделі мәдениет мәселелері бойынша ғылыми орталық 
ашылды. 
Өнердегі менеджменттің тиімді үлгісінің өмірге келген жайттары орын 
алды. Мәселен, Айман Мұсаходжаева "Солистер академиясы" оркестрін 
ұйымдастырып, бүкіл музыкалық білім беруді қайта құру жөнінде ұтымды 
жұмыс жүргізді. Соның нәтижесінде 1998 жылы Астана қаласьнда тұнғыш рет 
ұлттық музыка Академиясы құрылды. Жәния Әубәкірова музыкалық мектептің 
негізінде колледж, ал жазушы Әбдіжәміл Нүрпейісов "ПЕН-клубын" ашты. 
Осының бәрі өнер саласындағы дарынды адамдардың өз идеяларын жүргізу 
үшін сауатты нысандар тауып жатқанын көрсетеді. Соңғы жылдары Президеит 
Н. Ә. Назарбаевтың шығармашылық жастармен кездесуі дәстүрге айналды. 
Мәдениет және өнер қайраткерлеріне арналған Елбасының стипендиясы 
тағайындалды. Ол жыл сайын берілуде. 
Еліміздің көп ұлтты мәдениетін дамытуда 40 астам ұлттық мәдени 
орталықтар мен Қазакстан халықтарының біріккен Ассамблеясы бірсыпыра 
жұмыстар жүргізуде. Нарықтық экономика талаптарына бейімделе отырып, 
1996 жылы 22 жекеменшік киностудия мен 12 жеке меншік галерея 
мемлекеттің жәрдемінсіз жұмыс істеді. Соңғы кезде көптеген мәдени шаралар 
мемлекеттің қаржылай қолдауынсыз жүргізілуде. Республика мәдениет 
саясатын нақты жүзеге асыруда жоғары кәсіби мәдениет кадрлары мен 
мамандардың атқаратын ролі зор. Осы жағдайды ескере отырып, мәдениет 
саласына кажетті кадрларды дайындау ісі республиканың 5 жоғары 39 орташа 
арнайы оку орындарында жүзеге асырылып келеді. Сонымен қатар 
шығармашылық 
жас 
таланттарды 
тәрбиелеп 
өсіруде 
жазушылар, 
композиторлар, суретшілер, театр және кино онері тағы басқа шығармашылық 
одақтардың алатын орны ерекше. Олар тек мемлекет идеологиясын жүзеге 
асыру қызметімен шектелмей, шығармашылық жастардың өсіп-жетілуіне зор 
ықпал ететін шараларды іске асырып отыр. 
Қазакстан мәдениетінің дамып-жетілуіне соңғы кездерде өткізіліп 
жүрген республикалық және халықаралық конкурс-фестивальдің маңызы оте 
зор. Атап айтқанда, "Азия дауысы", "Жас қанат", "Дәстүрлер жүлдесі", "Шығыс 
маусымы", "Үкілі домбыра", "Жігіттің сұлтаны", "Ермек Серкебаев шақырады" 


классикалық музыка фестивалі, мемлекеттік "Қазақкино" компаниясының 
бастауымен шетелдік кино күндерін өткізу дәстүрге айналды. 
Соңғы жылдары еліміздің мәдениеті мен рухани өрлеуіне Президент Н. 
Ә. Назарбаевтың 2000 жылды - Мәдениетті қолдау жылы деп жариялауының 
үлкен маңызы болды. Бұл жылы мәдениет мекемелерін дамытуға, олардың, 
материалдық базасын нығайтуға бағытталған едәуір жұмыстар атқарылды. 727 
мәдениет мекемелері жаңадан ашылды. Оның қатарында 468 кітапхана, 239 
клуб, 5 жаңа театр мен 5 мұражай бар. Театрлар Астанада, Петропавлда, 
Оралда, Өскеменде және Түркістан қаласында ашылды. Корей музыкалық 
комедия театры, республикалық неміс драма театры, Н. Сац атындағы орыс 
академиялық балалар және жасөспірімдер театры жеке ғимараттарға кешті. 
Мәдениетті қолдау жылы аясында барлығы 2368 мәдени объекті: 1449 
кітапхана, 681 клуб үйі, 49 мүражай, 11 театр, 6 кинотеатр, 2 филармония және 
т. б. жөндеуден өтті. 
Мәдениетті қолдау жылының шын мәніндегі шарықтау шегі Түркістан 
қаласының 1500 жылдық тойын тойлаумен сабақтас келді. Бұл үлкен тойды 
өткізу барысында Қазақстан мемлекеті Күлтөбе, Отырар сиякты қалалардың, 
Қожа Ахмет Иассауидің кесенесін, Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени 
қорығын т. б. нысандарды қайтадан жаңғыртты. 
XXI ғасырдың басында ЮНЕСКО деңгейінде атап өтілген Түркістан 
қаласының 1500 жылдық мерейтойы, Тараз қаласынын 2000 жылдығы еліміздін 
беделіне бедел қосты. Өйткені Түркістан қаласы қазақ және Орталық Азиядағы 
басқа да халықтардың өзіндік бір рухани және мәдени орталығы, екінші Мекке 
болып саналады. Осы орайда, біздің мемлекетіміздің мәдениет жөніндегі 
саясатының басты назары ұлтымыздың рухани мүмкіндігін әлемге барынша 
танытуға бағытталып отырғанын айтқан жөн. Мұның өзі біздің халықаралық 
мәдени байланысымызды нығайтуға үлкен ықпалын тигізеді. 
Қазакстан тәуелсіздік алғаннан бері аз уақыттың ішінде, қазақ ұлтының 
және басқа халықтардың мәдениетін, оның қайнар қуатын тек ез елімізде ғана 
емес, сонымен қатар бүкіл әлемге таныта бастады. 1995-1997 жылдары 
ЮНЕСКО ауқымында Қазақстан Республикасының екі үлкен мерекесі атап 
етілді. Олар: ұлы Абайдың 150 жылдық және Мұхтар Әуезовтың 100 жылдық 
мерей тойлары. 1996 жылы Желтоқсан оқиғаларының 10 жылдығын, 1916 
жылғы ұлт-азаттық қозғалысының 80 жылдығын, дарынды ақын, дана тәлімгер, 
халықтар достығын жырлаушы Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық мерей тойын 
тойлау еліміздің тарихындағы жарқын оқиға болды. Ал 1997 жыл жалпы 
ұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп 
жарияланып, еліміздің барша қауымы 1932 жылы 3 миллион адамынан 
айырылған қазақ халқының ұлы қасіретінің 65 жылдығын және сталиндік 
қуғын-сүргінге түскен ұлттық интеллигенция қасіретінің 60 жылдығын атап 
өтті. 
Ұлы Абайдың 150 жылдық және Мұхтар Әуезовтің 100 жылдық мерей 
тойлары арқылы Қазақстан рухани тәуелсіздігін және әлемдік мәдениеттің 
үдерісіне тікелей қатыса алатынын көрсетті. Оған дәлел ретінде кемеңгер 
жазушы Мұхтардың шығармашылығының бүкіл дүние жүзінің 72 елінде 


жариялануын айтуға болады. Сөйтіп, Абай, Мұхтар шығармалары, оларға 
арналып өткізілген тойлар арқылы бұрын белгісіз болып келген қазақ халқы 
бүкіл әлемге танылды. 
2000 жылы қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғалары Сәбит Мұқановтың, 
Иса Байзақовтың, Бауыржан Момышұлының, Жұбан Молдағалиевтің, Әнуар 
Әлімжановтың мерей тойлары кеңінен атап өтілді. Жыл аясында Қазакстан 
мәдениетінің дамуына айтулы үлес қосқан республиканың белгілі өнер 
қайраткерлері Ғ. Жұбанованың, Ө. Жәнібековтің, С. Мұхамеджановтың, К. 
Күмісбековтің және тағы басқалардың есімдерін мәңгі есте қалдыру шаралары 
жүзеге асырылды. 
Еліміздің Президенті жарлығымен 1998 жыл - Халық бірлігі мен ұлттық 
тарих жылы деп атап өтілді. Тарих жылы тұтастай алғанда 23 ірі-ірі ғылыми 
форумдардың өткізілуімен ерекшеленді. Соның ішінде Республика ұлттық 
ғылым академиясы тарихында тұңғыш рет АКШ, Ресей, Қытай, Өзбекстан, 
Қырғызстан, Түркия, Жапония ғалымдарынын қатысуымен отандық тарих 
проблемаларына арнадған арнайы сессия өткізілді. Сондай-ақ, "Жібек жолы 
және Қазакстан", "А. Байтұрсынов - ғылым, ағартушы, қоғам қайраткері", 
"Құрманғазы және мыңжылдықтар тоғысын-дағы дәстүрлі музыка", 
"Қазақстанмен шекаралас аумақтардың тас дәуірі" сияқты халықаралық, "Шал 
Күлекеұлы және ақындық дәстүр", "Қоғамдық гуманитарлық ғылымдардағы 
қыпшақтану" және т. б. республикалык ғылыми конференциялар жоғары 
деңгейде ұйымдастырылды. 
XX ғ. соңғы жылы Қазақстан ғалымдары Мұхамед Хайдар Дулати, 
Қорқыт ата, Құрманғазы, Амангелді Иманов сияқты бірегей тұлғалардың, 
сондай-ақ Аңырақай шайқасының 270 жылдығы мен Қазақ хандығының 550 
жылдығы сияқты айтулы мерей тойларды өткізуге жан-жақты дайындық 
жұмыстарын жүргізді. Республиканың барлық облыстарына, сондай-ақ, көрші 
елдердің шекаралас аудандарына ірі-ірі 24 ғылыми экспедициялар 
аттандырылды. Олар кең байтақ республикамыздың 74 ауданын аралады. Қазақ 
деген халық ғұмыр кешкен жерлерде ең ірі, ен іргелі этномәдени зерттеулер 
жүргізілді. Сонымен қатар қазақ сахарасының ежелгі дәуірінсн мағлұмат 
беретіп археологиялық зертгеулер жасалды. Археологиялык экспедициялар, 
негізінен Оңтүстік Казакстан мен Жетісу өңірінде, Ордабасы тарихи-мәдени 
аймағында, Орталык Казакстан аумагындағы ортағасырлық отырықшылық 
орталықтары және т. б. жерлерде жұмыс істеді. Осының нәтижесінде Тараз 
қаласына таяу жерде тастан өріліп жасалған ғажап архитектуралык ғимарат -
Ақыртас кешені ашылып зерттелді. Халықаралық деңгейде Италияның Мантуя 
қаласында "Алтын адам: Қазақстан далалары қола дәуірінен халықтардың ұлы 
қоныс аударуына дейін" - атты көрмесі зор абыроймен өтті. Көрме өз жұмысын 
Венецияда жалғастырып, 1998 жылғы 23 қыркүйекте Рим қаласында Н. 
Назарбаевтың осы елге ресми сапарына орайластыра аяқталды. 
Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы "Ұлытау" мұражай-қорығына 
кіретін Алаша хан, Жошы хан кесенелері, Қызылорда облысындағы — Балтық 
мешіті, Қазалы қаласындағы Марал ишан кесенесі жөндеуден өткізілді. 
Көкшетауда - Шоқан Уалихановқа, Таразда - Мұхамед Хайдар Дулатиге, 


Ақтөбеде - Құдайберген Жұбановқа, Алматыда -Шәкен Аймановқа 
ескерткіштер орнатылды. 
Еліміздің рухани кемеңгерлерін қадір тұтып, оларға тарихи ескерткіштер 
орнату кейінгі жылдарыда жалғасты. Атап айтқанда, Жидебайда Абайдың 
мемориалдык кешені, Шымкентте Ордабасы тарихи қорығы ашылды. 
Алматыда, Көкшетауда Абылай ханға, Астанада әл-Фараби ескерткіші, 
Алматыда қазақ халқының қаһарман қыздары Кеңес Одағының Батырлары 
Әлия Молдағүлова мен Мәншүк Мәметованың, Қапыш Сәтпаев пен 
Жамбылдың, А. С. Пушкиннің, Т. Шевченконың ескерткіштері бой көтерді. 
Астанада жаппай қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориал орнатылды. 
Айыртауда - қазақ батырлары Қарасай мен Ағынтайға, Ресейдің Астрахан 
облысында - күй атасы Құрманғазыға, Ордада - Жәңгір ханға, Атырауда - 
Исатай мен Махамбетке, Бейбарысқа, Дина Нұрпейісоваға, Астанада - Абайға, 
Кенесарыға, Актөбеде - Әбілхайыр ханға, Қостанайда - Ахмет Байтұрсыновқа, 
Павлодарда Сұлтанмахмұт Торайғыровқа ескерткіштер орнатылды. 
Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері 
университетіне Абылай хан есімі берілді, Тараз Мемлекеттік университеті 
Мұхамед Хайдар Дулати атымен аталды, көптен көкейде жүрген толғақты бір 
мәселе –Мәдениет және мәдениеттану ғылыми-зерттеу институты Алматыда 
құрылды. 
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1999 жыл - 
ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы деп жарияланды. Осымен байланысты 
өткен ғасырлардан жеткен орасан зор мәдени-тарихи мұраны сақтап, оны 
жинақтап жаңа ғасырдың игілігіне айналдыру міндеті қойылды. Бұл жағдай 
бірінші кезекте мәдени-тарихи кұндылыктарды зерттеу, сақтау, рухани игеру 
бағытындағы іс-шараларға ерекше назар аударуға міндеттейді. Өйткені 
еліміздін аумағында 25 мыңнан астам жылжымайтын тарихи-мәдени 
объектілер бар, олардың 8 мыңнан астамы мемлекеттің қорғауына алынып, 10-
ы ЮНЕСКО-ның Бүкіл дүние жүзілік мұраларды сақтау орталығының жасалған 
тізіміне енгізілген. 
Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы саяси қуғын-сүргін 
құрбандарын ақтау жұмыстары одан ірі жалғасын тапты. Нәтижесінде 19114 
адам толықтай ақталса, республика бойынша зансыз жазаланған 215 мың адам 
өз атына жағылған қара күйеден арылды. Қазақстандық патриотизмді, 
отаншылдықты қалыптастыруға бағытталған кешенді әскери-патриоттық 
шаралар өткізілді. Республика Қарулы Күштерінің барлық бөлімдерінде 
"Батырларға бағышталды" атты шаралар белгіленіп,онда халық қаһармандарын 
еске алу кештері, салтанатты шерулер, театрландырылған көріністер, мерекелік 
концерттер, ұлттық мәдениет күндері болып өтті. Жастарды патриоттық 
тәрбиелеу ісінде, әсіресе, майдангер-жазушылар Б. Момышұ лының, Д. 
Снегиннің, Қ. Қайсеновтың, С. Бақбергеновтың және т.б. майдангер 
қаламгерлердің шығармашылық мұралары кеңінен пайдаланылады. 
Жеткіншектерді ұлттар достығы, ел бірлігі мен келісім рухында 
тәрбиелеуді мақсат еткен студенттік кештер дәстүрге айналды. Әсіресе, А. С. 
Пушкин мерей тойына орайластырған поэзия мерекелері, Евразия 


Университетінде "Алпамыс батыр" жырыныд 1000 жылдық тойына арналған 
ғылыми-теориялық конференция, ғұлама тарихшы, Орта ғасырдағы ірі 
мемлекет қайраткері Мұхамед Хайдар Дулатидің 500 жылдығына арналған 
мерейтой шараларының қоғамдық-саяси тұрғыдан тәрбиелік үлкен маңызы 
болды. М. X. Дулатидің өлмес мұрасы "Тарихи-и-Рашиди" еңбегі қазақ тілінде 
жарық көрді. "Ұлытау" қоғамдық козғалысы ұйымдастырған "Алтай-Дунай" 
халыкаралық археологиялық-этнологиялық экспедициясы сәтті аяқталды. 
Қазақстан мәдениетін дамытуда Бұқаралық ақпарат құралдары, Баспа мен 
полиграфияның алатын орны ерекше зор. Олардың алдында, әсіресе, сонғы 
жылдары мәдени мұраларды кеңінен насихаттау міндеттері қойылған. 2001-ші 
жылы республикада 1754 Бұқаралық ақпарат кұралдар орындары, соның 
ішінде, 1167 газет, 451 журнал, 121 теле және радиокомпаниялар, 15 хабар 
тарататын компаниялар, бірнеше ондаған баспалар жұмыс істеді. Олардың 80 
пайызы мемлекеттен тыс, жекешеленген ұйымдар. 
Қазакстан полиграфиялық баспаларынан тарихи-мәдени мұраларды, әлем 
әдебиетінің ең үздік үлгілерін жарыққа шығару жандана түсті. Соңғы жылдары 
алты томдық "Қазақстан ұлттык энциклопедиясының" 4 томы, Н. Ә. 
Назарбаевтың "Ғасырлар тоғысында", "Сындарлы онжылдық" т.б. еңбектері, 10 
томдық "Тарихи және мәдени ескерткіштер" жинағы, Мұстафа Шоқай 
шығармаларының екі томдығы, Қытай мұрағаттары негізінде қазақ тарихына 
арналған бес кітап, бес томдық Қазақстан тарихының үш томы жарық көрді. 
Қазақ халқының 125 томдық ауыз әдебиетін, "Алаш мұрасы" атты көп томдық 
серияларын, Әлкей Марғұлан еңбектерінің 14 томдығын, М. Әуезов, С. 
Мұқанов, Ғ, Мүсірепов, Ғ. Мұстафин тағы да басқа қазақ әдебиеті 
классиктерінің көп томдық серияларын басып шығару қолға алынды. 
Халықтың білім бұлағы болып саналатын кітапханалар жаңа талапқа сай 
жұмыс 
істей 
бастады. 
Оларды 
жаңа 
әдебиеттермен 
жабдықтап, 
компьютерлендірудің, осы заманғы ақпараттық жабдықтармен қамтамасыз 
етудің 
мүмкіндіктері 
қарастырылды. 
Кітапхана, 
мұражай, 
демалыс 
орталықтары қызметкерлерін қазіргі ғылыми-техникалық және әдістемелік 
талапқа сай оқыту, мамандығын жетілдіру, ірі мәдени орталықтарға тәжірибе 
алуға жіберу шаралары белгіленді. Мәдениет комитетінің жұмыс жоспарына 
сәйкес Түркістан қаласында мұражай қызметкерлерінің, Орал қаласында 
кітапхана ісі жөнінде, Қостанай, Қарағанды, Көкшетау, Актөбе қалаларында 
ауыл мәдениетін дамытуға арналған республикалық және аймақтық 
конференциялар мен семинарлар өткізілді. 
2003 жылы кітапханалар қорындағы кітаптардың жалпы саны 67,7 
миллион данаға, 8,4 миллион газет пен жорналдар, ондағы оқушылардың 
катары 4 миллионға жетті. Әсіресе, ауыл кітапханаларының жағдайы біршама 
түзеліп, кітап сақтауға қолайлы жаңа ғимараттарға көшті. 
Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі 2001 жылы жарық 
көрген 198 кітаптың 96700 данасын ауыл кітапханаларына тегін таратты. Бұл 
бастама кейінгі жылдарда да өзінің жалғасын тапты. Мұның өзі мәдениет 
саласындағы орталықтардың бірі болып саналатын кітап-ханалардың санын 
көбейтіп, олардың жұмыстарын жандандыруда едәуір игі әсерін тигізді. 1992-


1995 жылдар аралығында республика бойынша мыңға тарта кітапханалар 
жабылып қалса, соңғы жылдары олардың көпшілігі қайтадан қалпына 
келтірілді. 2003 жылы елімізде 3312 кітапхана, оның 2742-сі ауылдық жерлерде 
жұмыс істейді. 
Мәдениет салаларының дамуында, әсіресе, халық өнерінің алатын орны, 
атқаратын ролі ерекше. Халық өнері ел ішінде руханиятты жаңғыртуда, 
жоғалған дәстүрлерді қалпына келтіруде, мәдениеттің мәнін және адамның 
руханиятты зерделеуін барынша қамтамасыз етуге қызмет етеді. Сондықтан 
соңғы жылдары халық өнерінің қайнар көзі-ауыл мәдениетінің дамуына ерекше 
көңіл бөлінген. Осының нәтижесінде қазіргі кезде ауыл мәдениетінің үлкен 
аясы қалыптастырылды. 2003 жылы республикада 7838 көркемөнерпаздар 
ұжымдары жұмыс істейді, олардың жұмысына бірнеше ондаған мыңнан астам 
адам белсене қатысады. Олардыд басым көпшілігі фольклорлық және 
отбасылық ансамбльдер, хор және драма ұжымдары. Хореографиялық және 
отбасылық ансамбльдер Қазақстанда тұратын халықтардың этникалық 
мәдениеті дамуының негізі болып табылады. Олар еліміздің көпұлтты 
мәдениетінің қайта жаңғыруы мен дамуы ісіне өздерінің лайықты үлесін қосып 
келеді. Міне, осы жағдайларды ескере отырып, 370 тен астам көркемөнерпаздар 
ұжымына "халықтық" деген құрметті атақ берілген. 
Алдағы кезенде республика мәдениетін дамыту үшін барлық 
мүмкіндіктерді барынша пайдаланып, қолайлы жағдай жасау міндеті тұр. Бұл 
елімізде шығармашылық ахуалын, өресі биік өнерге деген қажеттілікті, оны 
ұлттық тұрғыда өркендету, мәдени бағдарламаны жүзеге асыру, жас 
дарындарды тәрбиелеп өсіруде өзінің тиісті нәтижелерін беруге тиіс. Осы 
орайда Президент Н. Ә. Назарбаев "Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға 
арналган негізгі бағыттары" Жолдауында мәдениетті дамытудың айкын 
жолдарын "Мәдени-тарихи мұраны сақтау" деген бөлімінде ерекше атап 
көрсетеді. Ондағы басты қағидалар: 
Біріншіден, халықтың орасан мол мәдени мұрасын, соныц ішінде осы 
заманғы ұлттық мәдениетін, фольклорын, дәстүрлері мен салттарын 
зерделеудің біртұтас жүйесін жасау. 
Екіншіден, ұлттық тарих үшін ерекше манызы бар елеулі мәдени-тарихи 
және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді қамтамасыз ету. 
Үшіншіден, ұлттық әдебиет пен жазудың санғасырлық тәжірибесін 
қорыту және кеңейтілген көркем, ғылыми, емірбаяндық дестелер жасау. 
Төртіншіден, мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойдың, мәдениет пен 
әдебиеттің үздік жетістіктері негізінде гуманитарлық білім берудің толымды 
қорын жасау. 
Қорытып айтқанда, мұның барлығы Қазақстанның экономикасы оңала 
бастаған тұста әдебиет пен мәдениет, жалпы руханият мәселелеріне айрыкша 
назар аударатын кез келгендігін, елдің болашағы мәдениетпен астасып 
жататындығын тағыда қадап көрсетеді. 2003 жылы республикалық бюджеттен 
мәдениет саласына бөлінетін қаржы көлемі 2002 жылмен салыстырғанда 52 
пайызға өскен. Соңғы екі жыл ішінде бұл салаға бөлінген қаржы екі есеге дейін 
көбейді. Бұл қаржы мәдени саланы түгел қамтып, едәуір аяғынан тік тұрып 


кетуіне әсер етеді. Сондықтан үкіметтің басшылығымен мәдениет салалары 
алдағы уақытта да өзінің дұрыс шешімін тауып, одап әрі дами беретініне зор 
сенім білдіруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет