Лекциялар курсы Редакциясын басқарған



Pdf көрінісі
бет16/78
Дата04.01.2022
өлшемі1,82 Mb.
#109053
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   78
Байланысты:
тарих тарих
Big Ben қазақша
 
1.  Шығыс  хандық:  оның  жері  Оңтүстік  Шығыс  Қазақстан  мен    Шығыс  Түркістан, 
астанасы – Баласағұн, кейде Қашқар қаласы болып тұрған.
 
2. Батыс хандық: Мәуеренахр жерлері. Оның орталығы Самарқан қаласы болды.
 
Шығыс  хандық  Қарахандықтардың  негізгі  бөлігі  болып  саналған.  Сондықтан  оның 
ханы дәстүр бойынша жоғарғы Ұлы қаған болып есептелген. Бірақ екі хандықтың арасында 
онша бірлік болмай, олар жиі   жеке – жеке бөлініп кетіп отырған. 1056 жылы Қадырханның 


 
26 
ұлы  Йинал  -  тегін  өкімет  мұралығы  жолындағы  күресте  інісі  Сүлейменнің  иелігін  басып 
алады, бірақ ол көп ұзамай у беріліп өлтіріледі. Тәж – таққа Йинал – тегінің баласы Ибраһим 
ие  болады,  алайда  ол  да  біраздан  кейін  Барысхан  әміршімен  болған  соғыста  қаза  табады. 
Осыдан  кейін  Шығыс  қағанатты    15  жыл  бойы  (1059-1074  жж.)  Қадырханның  балалары 
Юсуф Тоғрұл мен Бограхан Харун басқарады. Олардың тұсында Ферғана Шығыс қағанатқа 
күшпен  қосылады,  ал  екі  қағанат  арасындағы  шекара  Сырдарияны  бойлай  өтеді.  Тоғрұл 
қайтыс  болғаннан  кейін  оның  еншілігі  Бограхан  Харунның  (1075-1102  жж.)  –  Қашғар, 
Баласағұн  мен  Хотан  қожалығының  қол  астына  көшеді.  Қарахан  мемлекетінің  әлсіреуін 
пайдаланып  1089  жылы  селжұқ  сұлтаны  Мәлік  шах  Самарқанды  басып  алады,  сөйтіп 
Бограхан  Мәлік  шахтың  кіріптар  вассалына  айналады.  1102  ж.  Бограхан  өлген  соң  көп 
ұзамай  Мәуеренахрға  Баласағұн  мен  Таластың  иесі  Қадырхан  Жабырайыл  шабуыл  жасап, 
Әмударияға  дейінгі  жерлердің  бәрін  басып  алды,  бірақ   Термез  қаласының  түбінде  жеңіліс 
тауып, өзі тұтқынға түсіп жазаланады. Құдіретті сұлтан Санжардың басқаруы кезінде (1118-
1157  жж.)  селжұқтар  Мәуераннахрға  шексіз  билігін  жүргізеді,  бірақ  бұл  кезде  Қарахан 
әулетінің саяси құлдырауының белгісі біліне бастаған еді. ХІІ ғасырдың ортасында қаптаған 
Қарақытай  (Қидандар)  Жетісу  мен  Баласағұнды,  сосын  Шығыс  Қарахандықтардың  қалған 
иеліктерін түгел басып алады. Сөйтіп, құдіретті Қарахан мемлекеті ХІІ ғасырдың ортасында 
өзінің өмір сүруін тоқтатады.
 
Қарахан мемлекетінің жоғарғы өкімет билігі – хақанның қолында болды, оған ең жақын 
кеңесші,  көмекші  –  уәзірі  болды.  Бұдан  басқа  күзет  бастығы,  есік  қорғаушылары, 
қазынашылар және елшілер қызмет істеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   78




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет