Логарифм ұғымын меңгеру; оның қасиеттерін түсініп қолдана білу



бет2/4
Дата02.05.2020
өлшемі0,62 Mb.
#65567
1   2   3   4
Байланысты:
мат тарих

Көрнекіліктері: үлестірмелі таратпалар; тарихи дерек; математикалық нақыл сөздер, слайд, жұмбақтар, кубик, географиялық карта.

І.Ұйымдастыру кезеңі.
А)Амандасу.

Оқушылар зейінін аудару.
Б) Үйірменің мақсатын қою. 
ІІ «Ұшқыр ойдан - ұтымды жауап».

Логарифмнің даму тарихына байланысты

Логарифмді ойлап шығарған ғалымдар қай елден, олар кімдер? Жауабы: Шотландия маематигі Джон Непер (1550-1617), швейцариялық И. Бюрги және ағылшын математика профессоры Г. Бригг (1556-1630).

Натурал логарифмдердің алғаш таблицасын жасаған кім? Жауабы: Өзінің «Жаңа логарифмдер» (1619 жылы) деген еңбегінде ағылшын математигі Спейдель жасады.

Натурал логарифмдердің кемелденген кестесін жасаған кім? Жауабы: Голландия математигі Вольфрам, оның кестесі 1778 жылы шыққан.

Ресейде ондық логарифмдер кестесі қай жылдары шықты? Жауабы: Ресейде алғаш 1703 жылы, қайта басылып 1719 жылы шықты.Оны математика су қатынас мектебінің оқытушылары Л. Магницкий, А. Фархварсон және Т. Гвин жасады.

Натурал логарифмдерді басқаша қалай атайды? Жауабы: «Гиперболалық логарифм.»

Логарифмдік сызғышты ғылыми негізінде жасаған кім? Жауабы: 1623-1627 жылдар арасында Лондон университетінің профессоры Гунтер (1581-1626).

Гуетер сызғышын жетілдірген кім? Жауабы: 1633 жылы ағылшын ғалымы Оутред (1574-1660).

Тәжірибеде қолданылатын сызғышты алғаш жасаған кім? Жауабы: 1627 жылы ағылшын ғалымы Вейнсгат.

Жиі қолданылатын логарифмдік сызғыштың ұзындығы қандай? Жауабы: 250мм.

Логарифм теориясын жасаған қандай ғалымдар еді? Жауабы: Италия ғалымы Сент-Винцент (1584-1667), неміс ғалымы Н. Меркатор, ағылшын ғалымы Б. Тейлор (1685-1731), И. Ньютон (1643-1727), математик Л. Эйлер.

Кез келген логарифм ондық бөлшектен тұрады. Оның бүтін бөлігін характеристика, ал бөлшегін мантисса деп атайды. Осы мағынадағы мантисса сөзін математиктерге кім ұсынды? Жауабы: Л. Эйлер өзінің « Введение в анализ бесконечно малых» (1748) атты еңбегінде бұл сөзді логарифм ушін пайдаланды. Әрине, мантисса сөзі бұдан да бұрын колданылды. Мысалы, ағылшын математигі Дж. Валлис санның бөлшек бөлігін белгілеу үшін пайдаланады.

Натурал логарифм терминін ғылымға ұсынған кім? Не үшін алынды? Жауабы: Голландиялық картограф, ғалым-математик Герард Меркатор (1523-1594), Д. Непердің құрметіне осылай атаған.

Логарифмдік есептеудің идеясын алғаш кімдердің еңбегінен байқаймыз? Жауабы: Архимедтің «қиыршықтар есебі», әл-Кәшидің 1427 жылы жазылған «Арифметика кілті» деген еңбектерінде логарифмнің идеясы баяндалған.

Логарифм арқылы жоғарғы басқыш амлын төменгі басқыш амалына келтірудің негізгі идеясын кім, қандай еңбегінде баяндаған? Жауабы: Неміс математигі Штифельдің (1486-1567) «Всеобщая арифметика» (1544) деген шығармасында баяндалған.

Характеристика терминін математикаға кім енгізген? Жауабы: Генри Бергинст.

Натурал логарифмнің негізі үшін алынатын е таңбасын кім ұсынған? Жауабы: Л.Эйлер өзінің «Механикасында» 2,718... санын тұрақты белгілеу үшін «е әрпі натурал немесе гиперболалық логарифмнің таңбалаүы болады»,-- деп жазды.

Мантисса қай елдің, не деген сөзі? Жауабы: Латынның мантисса—үстеме, қосымша деген сөзі.

Логарифм қай елдің, не деген сөзі? Жауабы: Бұл «лог» және «арифм» элементтеріне құралған. Грек тілінде логос- ілім, аритмос- сан, қатынас. Сонда логарифм – сандар арасындағы қатынасты зерттеу деген сөз.

«Логарифм терминін ғылымға енгізген кім? Жауабы: Джон Непер



«Логарифмді ойлап табу бірнеше айлық есептеу жұмысын бірнеше күнге, ал астрономдар үшін өмірін екі есе ұзартқанмен тең болды»,-- дегенді кім айтты? Жауабы: Француз математигі С. Лаппас (1749-1827).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет