Локомотив паркының жұмысы мен қозғалысты басқару


-дәріс. Темір жолдың пайдаланым жұмысын шұғыл жоспарлау



бет5/6
Дата28.01.2018
өлшемі1,13 Mb.
#34322
1   2   3   4   5   6

7-дәріс. Темір жолдың пайдаланым жұмысын шұғыл жоспарлау
Темір жолдың пойыз және жүк жұмысын шұғыл жоспарлау, тасымалдау үрдісін ұйымдастыру жүйесінің маңызды құрылымдық бөлігі болып табылады және жүк түсіру мен тиеудің айлық мөлшерлерінің, пойыздар мен вагондарды жолдар мен тасымалдау бөлімшелерінің арасында беру мөлшерлерінің, бос вагондарды тапсыру бойынша реттеу тапсырмаларының, жылжымалы құрамды қолданудың техникалық мөлшерлерінің орындалуы мен шамадан тыс орындалуын қамтамасыз ету керек.

Шұғыл жоспарлаудың мақсаты болып:

-сұрыптау, телімдік және ірі жүк стансаларынан жөнелтілетін пойыз саны мен жөнелту уақытын анықтау;

-жолдың барлық телімдері бойынша жүру өлшемдерін және тасымалдау бөлімшелері мен жолдар арасында пойыздар мен вагондарды беру өлшемдерін анықтау;

-белгіленген жүріс өлшемдерін қамтамасыз ету үшін локомотив пен локомотив бригадаларының қажеттілігін анықтау;

-жүк түрі, жылжымалы құрам түрі бойынша және жалпы жүк тиеу көлемдерін анықтау;

-реттеу тапсырмалары бойынша тапсырылатын вагондар санын, оларды жөнелту мен жүргізу тәртібін анықтау;

-жергілікті жүкті және бос вагондарды тиеу үшін тарату тапсырмаларын анықтау;

-жылжымалы құрамды қолданудың көрсеткіштерін анықтау.

Пойыз және жүк жұмысын шұғыл жоспарлау. Пойыз және жүк жұмысын шұғыл жоспарлаудың құрамына станса, тасымалдау бөлімшесі және жол жұмысының тәуліктік, ауысымық жоспарларын өңдеу кіреді. Ауысымдық жоспар, жоспарланатын тәулік алдындағы тәуліктің 13 сағатына дейін өңделіп, бекітуге берілу керек, сонымен қатар, тәуліктің бірінші жартысындағы тапсырмалар бөлектеліп, желілі кәсіпорындарға 15 сағаттан кешікпей хабарлану керек.

Жоспарды орындау барысы тәулік бойы қадағаланып, екі рет (20-22 сағ және 9-10 сағ) қарастырылады, қажет болған жағдайда, оның жеке көрстекіштеріне түзетулер енгізіледі.

Пойыз және жүк жұмысының ауысымдық жоспары, тәуліктік жоспардың негізінде, ауысымның жұмыс аралығындағы жағдайын ескере отырып, құрастырылады.

Пойыз жұмысын ағындағы жоспарлау, 4 және 6 сағатық аралықтар бойынша жүзеге асырылады және пойыздарды жөнелту уақытын анықтауды, локомотив және локомотив бригадаларын график желілері бойынша байланыстыруды алдын-ала қарастырады.

Пойыз және жүк жұмысын ЭЕМ қолдана отырып жоспарласа, жұмыстың негізгі өлшемдері екі, үш тәулікке жобаланады.

Шұғыл жоспарды құрастыру үшін қажетті бастапқы берілгендер: пайдаланым жұмысының айлық мөлшерлері; пойыздардың жүріс графигі және құрастыру жоспары; пойыздарды, вагондарды өңдеудің, жүк операцияларын орындаудың технологиялық мөлшерлері; пойыз, жүк жұмысы және вагон паркы жөніндегі шұғыл есеп; жүк жөнелтушілердің жүк тиеуге вагондарды беру үшін тапсырыстары, маршруттау жоспары, көрші жолдардан, бөлімшелерден және стансалардан жақындаған пойыздар мен вагондар туралы ақпарат, пойыздар мен вагондарды беру жобасы; жоспарланатын тәуліктегі жолдың есептеу орталығынан алынатын маңызды көрсеткіштердің жобасы.



Жедел жоспарлаудың ақпараттық қамтамасыз етілуі. Тасымалдау үрдісін басқарудың барлық деңгейлерінде шұғыл жоспарлауды қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат: ағындағы, алдын-ала және дәл. Станса жұмысының барысы және жол телімдері бойынша пойыздардың жүрісі туралы ағындағы ақпарат үздіксіз беріледі және пойыздар жүрісі мен станса жұмысын басқарудың негізі болып табылады.

Станса және тасымалдау бөлімшелері үшін пойыздардың жақындауы туралы, жол және бөлімшелер түйіспе бекеттері бойынша пойыздарды беру туралы ақпарат тәуліктік және ауысымдық жоспарларды құрастыру үшін қажет. Стансалар үздіксіз телегерамма-натур қағазы және мәлімет түрінде беріп отыратын дәл ақпарат, сонымен қатар, үш сағаттық аралықтар бойынша, жақындаған пойыздар туралы тасымалдау бөлімшелері беретін ақпарат, пойыздарды қабылдау, жөнелту құрастыру және тарқату, вагондарды беру-алу жоспарын құрастыру үшін қажет. Алдын-ала және дәл ақпарат, жүк немесе тиеу үшін бос вагондар баратын жүк қабылдаушыларға хабарланады.



Ауысымдық-тәуліктік жоспарды өңдеу тәртібі және оны орындау жауапкершілігі. Жолдың пойыз және жүк жұмысының тәуліктік жоспарын, тасымалдау қызметінің шұғыл басқару бөлімінің басшысы (немесе оның орынбасары), тасымалдау бөлімшесінің аға диспетчерлерімен бірге өңдейді, оны жол басшысы немесе оның бірінші орынбасары, бөлімшелерде – тасымалдау бөлімшесінің басшысы немесе оның бірінші орынбасары бекітеді.

Пойыздарды сұрыптау, телімдік және ірі жүк стансаларынан жөнелтудің ауысымдық жоспарын, тасымалдау бөлімшесінің аға диспетчері немесе оның орынбасары, ал 4-6 сағаттық аралыққа – бөлімше кезекшісі станса (маневр) диспетчетрімен, локомотив диспетчерімен және депо кезекшісімен бірге өңдейді.

Стансаның жүкті тиеу және түсіру бойынша тәуліктік және ауысымдық жоспарларын станса басшысы немесе оның орынбасары, қажет болған кезде, жүк тиеу-түсіру дистанцияларының басшысымен, жүк жөнелтушілермен, жүк қабылдаушылармен бірігіп өңдейді.

Стансаның, бөлімшенің және жалпы жолдың пайдалану жұмысын шұғыл басқарумен тасымалдау қызметі айналысады және бұл қызмет жол басқармасы бекіткен шұғыл жоспар көрсеткіштерінің орындалуына жауапты.

Тәуліктік және ауысымдық жоспардың орындалуы бойынша:

-станса басшысының алдында – станса (маневр) диспетчері есеп береді;

-тасымалдау бөлімше басшысының алдында – станса басшысы, пойыз диспетчері, бөлімше кезекшісі есеп береді;

-тасымалдау бөлімшесі және қызмет басшыларының алдында – тасымалдау бөлімшелерінің басшылары есеп береді;

-тасымалдау бөлімшесі басшысының алдында – шұғыл басқару бөлім басшысының ауысымдық орынбасары және кезекші аға көмекшілер есеп береді.
8-дәріс. Тасымалды ұйымдастыру

Қазақстанның темір жолдарының пайдалану ұзындығы 14,2 мың км (оның ішінде екі жолды желілер - 4,8 мың км (34%), электрлендірілген желілер - 4,1 мың км (29%), тығыздығы - 1000 шаршы км 5,5 км, жүктасымалдылығы - километрге 24,4 млн. т км құрайды.


      2009 жылы темір жол көлігімен 247,7 млн. тонна жүк тасымалданған, ол 2008 жылғы көрсеткіштен 7,9% төмен, оның ішінде транзит 14,8 млн. тонна немесе жалпы тасымал көлемінің 6,0%. Бұл ретте 2001 жылдан бергі кезеңде жыл сайынғы орташа өсім 6% құрады.
      2009 жылы жүк айналымы 197,3 млрд. ткм құраған, бұл 2008 жылғы көрсеткіштен 8,2% төмен, соның ішінде транзит 24,5 млрд. ткм немесе жалпы жүк айналымынан 12,4%. Жүк айналымының жыл сайынғы орташа өсімі 7% құрады.
      Алайда, соңғы жеті жыл ішінде басқа көлік түрлерімен тасымалдау көлемдері темір жол көлігімен тасымалдау көлеміне қарағанда тезірек өскен. 2001 жылдан бастап темір жол көлігімен жүк тасымалдау үлесінің қысқаруы Қазақстанның темір жолмен жүк тасымалдары бәсекелестік қабілеттілігін арттыру қажеттігін көрсетеді.
      2009 жылы Қазақстанның темір жолдарымен 20,5 млн. жолаушы тасымалданған, ол 2001 жылғы деңгейден 1,1 млн. жолаушыға төмен, бұл ретте жолаушылар айналымы 67% өсіп, 2009 жылы 17,2 млрд. жкм құрады. Осы кезеңдегі жыл сайынғы орташа өсім 5% құрады.
      Қазақстанның жолаушылар тасымалдау нарығында автомобиль, әуе  және темір жол көлігі арасында интермодальды (тұраралық) бәсеке бар. Соңғы жылдары алысқа жүретін халықаралық автобус тасымалдарының сегменті елеулі өсті. Темір жол көлігінің артықшылығы жолда жүрудің қауіпсіздігі, сенімділігі мен жайлылығында болса, жолаушылар үшін автобуспен жүру артықшылығы аса икемді кесте, аса жоғары жүру жылдамдығы және жол құнының қымбат еместігі1 болып табылады.     
      Еліміздің жалпы жүк айналымы мен жолаушылар айналымындағы темір жол көлігінің үлесі шамамен 60% құрайды, бұл ретте барлық көлік түрлерімен тасымалдаудан түскен кірістердегі оның үлесі 20% құрайды.
      ҚР темір жол саласының қазіргі жай-күйі тұтынушылардың сервистің ассортиментіне, икемділігіне, сапасы мен клиентке бағыттауына бір жағынан, жеткізу жылдамдығы, сенімділігі мен келісімшарттық шұғылдығына қойылатын өскелең талаптар мен физикалық жағынан тозған активтер, моральдық жағынан ескірген технологиялар, қызметтердің бәсекеге қабілетті сипаттамалары екінші жағынан нарық нақтылығына барабар емес институционалдық құрылым арасындағы теңгерімсіздікпен сипатталады.
      Бүгінгі Қазақстанның темір жол саласы 1991 жылға дейін қалыптасқан өндірістік активтердің өмірлік циклін аяқтаумен байланысты байыпты сынақтар кезеңінен өтуде.
      Темір жол көлігіндегі реформаларды іске асыру кезінде соңғы 10 жыл ішінде мынадай мақсаттар айқындалды:
      1) темір жол көлігін МТЖ мемлекеттік бақылау сақталған жағдайда нарыққа бейімдеу;
      2) тасымалдау және қамтамасыз ету қызметіндегі бәсекелестікті дамыту есебінен темір жол көлігінің көрсететін қызметтерінің қол жетімділігін, тиімділігін, қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету;
      3) салаға жеке бастамалар мен инвестициялар тарту үшін институционалдық жағдай жасау;
      4) темір жол көлігінің импорт алмастыратын өндірістік базасын дамыту.
      Жалпы темір жол көлігінің реформасы ырықтандыру, жеке бастамалар мен инвестициялар тарту жолымен көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған. ҚР Үкіметі Еуропалық Одақта (бұдан әрі - ЕО) қабылданған және темір жол инфрақұрылымы мен тасымалдау қызметін, бәсекелестікті дамытуды тігінен (функционалды) бөлуді қамтитын тәсілді бейімдеді.
      Қазақстанның темір жол саласын реформалау барысында төмендегідей аралық нәтижелерге қол жетті:
      1) мектептер мен ауруханалар сияқты әлеуметтік-тұрмыстық активтер мен шаруашылықтың қызметтің бейінсіз түрлері бөлінді;
      2) бәсәкелі секторға жөндеу кәсіпорындары бөлінді;
      3) жолаушылар мен жүк тасымалдауды ұйымдастырушылық және қаржылық бөлу жүзеге асырылды. Жолаушылар тасымалын ішінара мемлекеттік субсидияландыру басталды.
      Жүргізілген іс-шараларға қарамастан ұйымдастыру өзгерістерін орындай, активтерді қайта бөлу жүргізілсе де, МТЖ қызметтері мен тасымалдау қызметін функционалдық бөлу (таңдалған салалық үлгі үшін міндетті) жоқ.
      Жекелеген сегменттердегі құрылым өзгерісі мен нарықтың ашылуы саланың реттегіш үлгісінің түбегейлі өзгеруіне әкелмеген. Табиғи монополия саласының тарылуына қарамастан, тасымалдау қызметі ҚР монополияға қарсы заңнамасына сәйкес бірден бағалық реттеуге түсті.
       Жоғары кірістілер есебінен, жүктерді жүк және төмен кірісті тасымалдау есебінен жолаушылар тасымалын тоғыспалы қаражаттандыру (мемлекеттік темір жол тарифтерін реттеу есебінен белгілі бір салаларды қолдау жөніндегі макроэкономикалық саясат құбылысы) сақталды.
      Осының нәтижесінде реформаның мақсатына әзір қол жеткен жоқ және мемлекеттік стратегия шеңберінде негізгі компоненті тасымалдау қызметін ырықтандыру болып табылатын темір жол көлігін реформалауды қисынды аяқтауға дейін жеткізу қажет.
      Темір жол саласында тасымалдау процесі кезіндегі зиянды шығарылымдардың негізгі көзі тепловоз болып табылады, күш берудің экологиялық таза түрі электровоз, ол атмосфераға зиянды заттар шығармайды. Тепловоздардың мүкәммал паркі 1141 бірлік, электровоздар 578 бірлік құрайды, осындай арақатынас темір жолдардың электрлендірілген учаскелері 29% немесе темір жолдардың жалпы ұзындығының (14 200 км) 4 100 км құрайтындығына байланысты байқалады. Сондықтан тепловоздардың зиянды заттарды шығаруының жылдық орташа көрсеткіші 1 темір жол желісінің 1 км 3,15 тонна құрайды, соның ішінде: 36% - көміртек оксиді, 52% - азот диоксиді, 4,5% - күкірт оксиді, 7,5% - күйе.
      Темір жол учаскесін салудың қоршаған ортаның құықтық, экологиялық және әлеуметтік аспектілерін айқындайтын және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерін болдырмауға және биологиялық әр түрлілігін сақтауға, табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған құқықтық құжатттамалар ҚР-ның «Экологиялық кодекс» заңына сәйкес орындалады.
      Қабылданатын шаруашылық шешімдердің экологиялық және өзге де зардаптарын анықтау мақсатында көзделетін қызметтің қоршаған табиғи ортаға әсеріне бағалау (бұдан әрі - ҚОҚӘБ) жүргізіп, қоршаған ортаны сауықтыру, табиғи экологиялық жүйелер мен табиғи ресурстардың жойылып кетуін, құлдырауын, зақымданып, жүдеуін болдырмау жөнінде ұсынымдар әзірленуде.
      Темір жол желілері бойынша қоршаған ортаны қорғау мақсатында темір жол жолға екі жағынан 50 м тең санитарлық-қорғаныш аймағы бар және станциялар қиылысқан аудандарда 100-200 метрге дейін ұлғайтылуда.
      Ғимараттар мен құрылыстарды, инженерлік қамтамасыз ету жүйелерін (сумен жабдықтау, кәріз, көлік және байланыс құралдары) жобалау:
      1) ластаушы заттарды атмосфералық ауаға шығарудың шекті рұқсат етілген мәндерінің нормативтерін сақтау;
      2) зиянды қалдықтарды залалсыздандыру және пайдаға жарату;
      3) топырақтың су және жел эрозиясына ұшырауын, олардың батпақтануын болдырмау;
      4) жерлер мен карьерлердің топырақ құнарлылығын қалпына келтіру ескеріліп орындалады.
      Қабылданған жобалық шешімдерді талдау жаңа темір жол желілерін салу қоршаған табиғи орта құрамдастарына қайтымсыз зиянды әсер етпейтіндігін көрсетті.
      Барлық әсер түрлерін кешенді бағалау нәтижелері бойынша темір жол салудан әуе басейнінің әсері сәл ғана өзгереді. Ластаудың жаңа стационарлық көздерінің қуаты аз, олардың шығарылымдары жер қабатында ШРЕҚ асатын ластаушы қоспалар құрамайды. Жалпы жаңа темір жол желілерін пайдаланғанда жүк және жолаушылар тасымалдаудың жолы мен уақытын едәуір қысқарту есебінен зиянды заттарды атмосфераға шығару көлемін жылына 2 619,5 тоннаға төмендету мүмкін.
      Жобаланатын объектілердің су ресурстарын әсері аз, өйткені негізгі су шығындары шаруашылық-тұрмыстық тұтынуға кетіп, жергілікті ресурстар есебінен қамтамасыз етілуі мүмкін. Бүкіл жол бойы жалпы су шығыны өндірістік объектілер бойынша тәулігіне - 289,3 текше метрден және азаматтық ғимараттар бойынша 1875,2 текше метрден аспайды.
      Жобаланатын объектілерде өндірістік ағындар жоқ. Кәріз желісіне барлық станцияларда заманауи тазарту құрылғыларын биологиялық тазартудан өтетін тек шаруашылық-тұрмыстық ағындар түседі.
      Жер ресустарына әсер трасса өтетін жерлер - бұл қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы айналымында пайданылмайтын жерлер болғандықтан төмендейді.
      Жер бедерін салғанда жер қазу жұмыстарының үлкен көлемінің әсері бұзылған жерлердің құнарлылығын қалпына келтіру, эрозияға қарсы шаралармен, көгалдандырумен, ағаштар отырғызу және станциялық ауылдар мен темір жол желілерін абаттандырумен өтелетін болады.
      Жаңа желілер трассасы мемлекеттік орман қорының, ұлттық табиғи парктер аумақтарын айнала өтіп салынған. Малды кедергісіз көшіру үшін жобалау көзделген жасанды құрылғылар (бұдан әрі - ЖҚ) қызмет ететін болады. ЖҚ темір жол жолағын шайылып, бұзылудан қорғауға арналған, бірақ сонымен бірге табиғат қорғау міндеттерін атқарады: су бетінің кедергісіз ағуын қамтамасыз етеді, жабайы жануарлар үшін өту жолдары болып табылады.
9-дәріс. Темір жол көлігінде жүрісті басқару

Тасымалдау бөлімшесінде пойыздар жүрісін диспетчерлік аппарат шұғыл басқарады. Оны аға диспетчер (ДНЦС) басқарада, оның екі-үш орынбасары бар, соның ішінде локомотив пен локомотив бригадаларының жұмысын ұйымдастыру бойынша орынбасары. Диспетчерлік ауысымды бөлімше бойынша кезекші басқарады (ДНЦО). Аусым құрамына пойыз, торап және телімдік диспетчерлер енгенн. (ДНЦ) – бөлімшедегі диспетчерлік шеңберлер саны бойынша (әдетте 5-7); локомотив диспетчерлері (ТНЦ) және энергодиспетчрелер (тек электрлік тартымы бар бөлімшелерде). Жүк тиеу, түсіру жұмысы ауқымды бөлімшелерде ауысым құрамына вагон таратушы диспетчерлер (ДНЦВ) кіреді.

Бөлімшесіз жұмысқа ауысуға байланысты бөлімшелердің диспетчерлік персоналы жолдың тасымалдау департаментінің шұғыл реттеу бөліміне қарайды және жолдың бірыңғай диспетчрелік орталығында шоғырлануы мүмкін.

Аға диспетчер диспетчерлік сектордың жұмысын орынбасарымен бірге жалпы басқарады және бөлімшенің пайдаланым жұмысының тәуліктік жоспарлауын қамтамасыз етеді.

Бөлімше кезекшісі бөлімшенің пайдаланым жұмысының ауысымдық жоспарлауын жүзеге асырады. Осы мақсатта ол диспетчерлік шеңберлердің жұмысын қадағалайды, пойыздарды құарстыратын стансаның жұмысын, және жергілікті жұмысын жоспарайды. Жоғары деңгейде тұрған басшылардың нұсқаулары тек бөлімше кезекшісі арқылы беріледі.

Торап диспетчерлері ірі тораптарда пойыздар жүрісін шұғыл басқарады. Олардың жұмысы пойыз диспетчерінің жұмысымен бірдей, бірақ айтарлықтай ерекшеліктері бар.

Телімдік пойыз диспетчері пойыздардың телімдерде жүрісін басқарады. Диспетчерлік нұсқаулар ауызша немесе белгілі жағдайда диспетчерлік бұйрық түрінде беріледі және арнайы журналда бекітіледі. Диспетчерді пойыз жүрісіне қатыссыз жұмыстармен жүктеуге болмайды.

Пойыз диспетчері мен станса кезекшілерінің өзара байланысы үшін арнайы селекторлы телефон байланысы бар. Бұл байланыс желіге қосылған кез-еклген бекетті бөлек, немесе бірнеше бектті бір уақытта және барлық бекеттерді шақыртуға мүмкіндік береді. Бір бекетті шақырту үшін диспетчер бір түймені басу керек. Сөйлесулер түймелі пульт, микрофон көмегімен жүргізіледі.

Пойыз диспетчері мен жүрістегі пойыздар машинистерімен байланысу үшін радиобайланысты қолданады.

Жолда тасымалдау үрдісін шұғыл басқару міндеті шұғыл басқару бөліміне жүктелген. Оның жұмысын щұғыл жұмыс бойынша департемент басшысының орынбасары жүзеге асырады. Бөлім құрамына шұғыл басқару бөлімінің басшысы, бөлім басшысының орынбасарлары, аға көмекшілер, кезекші көмекшілер және жол диспетчерлері мен жол локомотив диспетчерлері, сонымен қатар тез бұзылатын жүктерді тасымалдау бойынша аға инженер, бөлімнің аға технигі





ДГ



ДГЗ



ДГПС



Аға техник

ДГП Лок

ДГП Хол

ДГП

3 шеңбер


ДГП

2 шеңбер


ДГП

1 шеңбер




I – IIбөлім

шелер


III- IVбөлім

шелер


V бөлім

ше


Сурет 6 – Диспетчрелік басқарудың құрылымы


Стансаның, бөлімшенің және жалпы жолдың пайдаланым жұмысын шұғыл басқарумен тасымалдау қызметі айналысады және бұл қызмет жол басқармасы бекіткен шұғыл жоспар көрсеткіштерінің орындалуына жауапты.

Тәуліктік және ауысымдық жоспардың орындалуы бойынша:

- станса басшысының алдында – станса (маневр) диспетчері есеп береді;

- тасымалдау бөлімше басшысының алдында – станса басшысы, пойыз диспетчері, бөлімше кезекшісі есеп береді;

- тасымалдау бөлімшесі және қызмет басшыларының алдында – тасымалдау бөлімшелерінің басшылары есеп береді;

- тасымалдау бөлімшесі басшысының алдында – шұғыл-басқару бөлімше басшысының ауысымдық орынбасары және кезекші аға көмекшілер есеп береді.



А Б

түйіспе 12 сағатқа


12

600


5
3 + 1

400+100 10+2

Сурет 7– Пойыздық жағдай фрагменті
Пойыздық жағдайда:

1500, 1000 – есепті сағаттағы қолда бар жұмыс парк вагондары,

120, 100 – соның ішінде жергілікті жүк,

700, 680 – вагон ағындарын бағыттар бойынша тарату

150, 100 – ұйымдастырылған пойыздардағы вагондар саны,

3 дайын пойыздардың саны,


  1. жөнелуге дайын локомотивтердің саны,

10+2 тәулік басынан жөнелтілген пойыздар мен резервті локомотивтер саны,

600, 400+100 түйіспе бекеттері бойынша – тапсырылған және қабылданған тиелген және бос вагондар саны.

Әр кезеңдерде пойыздық жағдай 12 дәне 6 сағаттық аралықтар бойынша толтырылатын. Соңғы уақытта пойыздық жағдай 3 сағаттық аралықтарға толтырылады. Енгізілетін мәліметтерді талдау және оларды нормативтермен салыстыру негізінде жолдағы пайдаланым жағдайы бағаладнады және пойыздар жүріс графигі мен шұғыл жоспар тапсырмаларының орындалуына бағытталған шұғыл шаралар өңделеді.
10-дәріс Пойыздар жүрісін диспетчерлік басқару

Станса бастығы стансаға жүктелген барлық міндеттердің орындалуына жауапты адам. Ол станса жұмысың технологиялық үрдіс негізінде тиімді ұйымдастыруды, енбектің озық әдістемелерін енгізу және оны кең көлемде дамытуды, жүк қабылдаушылар мен жүк жөнелтушілерге, жолаушыларға жоғары дәрежеде қызмет көрсетуді техникалық жабдықтарды дұрыс қолдануды, шұғыл басқаруды қамтамасыз етуі керек. Станса бастығы стансаның барлық өндірістік және шаруашылық іс-әрекеттерін басқарады, еңбек өнімділігін арттыру, пойыздар мен вагондарды өңдеудің өздік құнын төмендету, техникалық құрылғыларды барынша ұтымды қолдану жүйесі мен оны жұмыс үрдісіне енгізу шараларын ұйымдастыруды және жобалауды іске асырып, осылардың барлығына тікелей жетекшілік жасау керек.

Станса бастығығының маңызды міндеттері :

- мамандарды дұрыс тандау және олардын техникалық кәсіби біліктігін жоғарылату;

- жұмыс күшін тиімді пайдалану :

- еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметкерлердің техникалық қауіпсіздігі мен мәдени-тұрмыстық жағдайларын жақсарту шараларын жүргізу;


  • қызметткерлердің мемлекеттік және еңбек тәртіптерін тұрақты бақылап бекітіп отыру .

Станса бастығына «ҚТЖ» ҰК АҚ бекітілген заңдық ережелерге сәйкес жұмыскерлерді қабылдауға және қызметтен босатуға, жақсы жұмыс істегені үшін мадақтау немесе нашар жұмыс істегені үшін сөгіс беру құқықтары берілген. Ол өзінің қарамағындағы барлық жұмыскерлерге (жол мастеріне, электр механигіне, локомотив машинісіне, вагон тексерушілерге т.б.) стансаның қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті бұйрықтар бере алады.

Стансаның штаттық кестесі бойынша станса бастығының орынбасарының, станса кезекшісінің, бас инженердің сонымен қатар өндірістік-техникалық және басқа да бөлімшелер қызметкерлерінің міндеттері бекітіледі.

Сұрыптау, жолаушы станцаларында және жұмыс көлемі үлкен жүктік, телімдік стансаларда станса жұмысын диспетчерлік басқару жүзеге асырады. Стансаның барлық шұғыл жұмыстарына ауысымдық айлалық диспетчер басшылық жасайды, ал егер ол міндетті атқарушы болмаса, оның міндетін станса кезекші атқарады.

Айлалық диспетчер стансаның барлық цехтарының жұмысын үйлестіріп отырады. Жол бөлімшесінің кезекшісімен, локомотив депосының кезекшісімен, вагондарды техникалық тексеру бекетінің ауысымдық мастерімен бірге шұғыл жұмыс жоспарын жасайды және ол жоспарлардың орындалуын қамтамасыз етеді. Екі бағытты сұрыптау стансасында сұрыптау жүйесінің жұмысын станса диспетчері, ал сұрыптау жүйесіндегі айлалық жұмысты айлалық диспетчер үйлестіреді. Жүктік операциялары ірі көлемдегі кейбір стансаларда станса диспетчерінен басқа жүк операциялары жүргізілетін бекеттерде, осы бекеттерден вагондарды алуға, беруге шұғыл жетекшілік жасайтын, тиеп-түсіру жоспарының орындалуын, жергілікті вагондардың бос тұру уақытын қысқартуды қамтамасыз ететін жергілікті жұмысты атқаруға арналған айлалық диспетчер болады. Жергілікті жұмыстың айлалық диспетчері станса (айлалық) диспетчеріне тікелей бағынышты болады.

Станса кезекшісі пойыздарды қабылдап-жөнелтуге, өткізуге, стансаның бір ауданынан басқасына ауысатын айлалық жүріске, маршрут бойынша қозғалатын пойыздардың қиылысу арқылы және қиылыспай бас жолға шығуына толығымен жетекшілік етеді. Пойыздарды қабылдап жөнелтуге және айлалық локомотивтер қозғалысына қатысты станса кезекшісінің бұйрықтары станса жұмыскерлері мен бірге айлалық және пойыздық локомотив бригадалары мен вагондарды тексерушілер үшін де міндетті болып саналады.

Орталықтандырылған диспетчерлік басқару негізі

Орталықтандырылған диспетчерлік басқару құрылғылары мынадай жағдайларды қамтамасыз ету керек:

Бір бекеттен станса мен аралықтағы сигналдар мен бағыттамаларды басқару;

Басқару аппаратынан бағыттамалардың бос еместігін және жағдайын, аралықтың бос еметігін, стансадағы жолдар мен оларға қосылатын блок-телімдерін, сондай-ақ, кіретін, шығатын, маршруттық бағдаршамның қайталап көрсетуін бақылайды;

Пойыздарды қабылдап, жөнелтуге, бағыттама мен сигналдарды стансадағы резервтен басқаруға, маневр жұмыстарын жасауға немесе маневр жұмыстарын жүргізуге, жергілікті басқаруда бағыттамаларды беру;

Жүріс графигінің орындалуын автоматты түрде жазу;

Электрлі орталық пен автоблокирокаға қойылатын талаптардың орындалуы.

Диспетчерлік орталықтан пойыз диспетчері қашықтығы 150-200 км. аралық стансаларының барлық бағыттамалар мен сигналдарды басқарады. Диспетчерлік орталықтағы автоблакировка құрылғылары, электірлі орталықпен, телемеханикалық бағыттамалар мен сигналдар барлық стансалардың бір бекетінен (диспетчерлік қосымнан) басқарылады.

Бір тармақты желіде автоматты емес жүйемен салыстырғанда өткізу қабілеті 20-40% өседі, жүк пойызының телімдік жылдамдығын 15-20% өсіреді. Сондай-ақ, диспетчерлік орталықтан 50 адамнан кем емес, жұмыскерлер санын қысқарту. Желідегі әрбір 100 км. сайын.

Диспетчерлік орталықта «Нева» дамыған жүйе. Бұл жүйемен 1120 объектті басқарып және 1840 бақылауға болады. Телімдегі әр түрлі қиылысулар пайдалы, кез-келген тартым түрімен, жүк тасымалын ескермегенде.

Диспетчерлік орталықтың барлық жүйесі қарастырылған:

Пульт-таблоның басқару қоры, станса ғимаратында немесе реле қосымында орналасқан;

Пульт-таблодағы маневр бағдаршамдары мен бағыттамаларды жергілікті басқару, реле қосымындағы маневр щитарымен немесе маневр колонкаларымен жүргізіледі.

Қордан және жергілікті басқару диспетчер бұйрығымен жүргізіледі.

Диспетчердің орталықтандырылған аппараты көрсеткіш таблолардан тұрады, онда жол аралықтары мен Айырым бекеттер, түймелі шүріппелер көрсетілген. Cондай-ақ, байланыс бөлімдері мен пойызграфтары бар.

Бағытты жасау үшін, диспетчер алдымен таңдаған станса түймесін басып, содан соң пойыз жүретін бірінші және екінші маршруттық сигналдарды басады; маршруттық-сигналды түймелердің жарық көрсеткіштері (ақ жолақ) және маршрутты дайындау үрдісін, сәйкес стансаның көрсетілген таблосында бақылайды.

Диспетчерлік орталықтандыру – теміржолдық автоматика мен телемеханиканың құрылғылар комплексі, озбадағы авто блоктаудан, стансада сигналдар мен бұрмалы бағыттамалардың электрлік орталықтандыруынан, телебасқару жүйесі мен телесигналдау жүйелерінен тұрады. Жалпы диспетчерлік орталықтандырудың түрлері [1]:

«ДИАЛОГ» диспечтерлік орталықтандырудың микропроцессорлық жүйесі учаскедегі автоматика құралдарымен қамтамасыз ететін көлемде жол объекттерінің, электрлік объекттердің және жылжымалы бірліктердің жағдайын бақылау және көрсету, учаске станцияларындағы пойыздар қозғалысын және станциялардағы СОБ объекттерінің жағдайын басқару.

«НЕМАН» диспетчерлік орталықтандырудың микропроцессорлық жүйесі теміржол автоматикасы объекттерінің қашықтық бақылауы мен басқаруын жүзеге асыру мүмкіндігін беретін аппараттық және бағдарламалық құралдардың жиынтығы болып табылады. «НЕМАН» диспетчерлік орталықтандырудың микропроцессорлық жүйесі қауіпсіздік бойынша диспетчерлік орталықтандыру жүйелеріне деген талаптардың есебімен тасымалдау процессін ұйымдастыру және басқаруды жүзеге асыратын түрлі технологиялық учаскелердегі автоматтандырылған жұмыс орындарын құруға арналған.

«НЕМАН» ДО кешені құрамындағы бағдарламалық және техникалық құралдар оларды телебасқару және өнеркәсіптің түрлі салалар объекттерін бақылау және басқарудың автоматтандырылған жүйесін құру үшін қолдануға мүмкіндік береді. «Неман» ДО автоматтандырылған жүйесін құру идеологиясы станциялар бақылауының объекттерін (желілік пункттерін) және желілік пункттердің бақылауы мен басқаруын жүзеге асыратын орталық постты бірыңғай жүйеге біріктіруге негізделген.

«ЮГ» жүйесі пойыздар қозғалысы бақылауының басқару процесстерін автоматтандыру, теміржол көлігінің БАЖ-мен, ақпараттық өзараәрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету (мысалы, АСОУП) және оның негізінде аймақтық және жол диспетчерлік орталықтарын құру үшін арналған. Жүйе уақыттың нақты ауқымында технологиялық міндеттердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Жұмыс тәртібі — толассыз. «ЮГ» ДО РКП құру тасымалдаулар процессін басқару тиімділігін арттыруды, пайдаланушылық шығындарды қысқартуды, жұмыс сенімділігінің, ЖАТС құрылғыларына техникалық қызмет көрсету сапасының және пойыздар қозғалысы қауіпсіздігінің деңгейін арттыруды көздейді. Кешен басқарудың аймақтық орталығының диспетчерлік аппаратын, дабыл және байланыс қашықтықтарын, сонымен бірге басқа да желілік кәсіпорындарды жедел, ақпаратпен қамтамасыз етуге арналған есептеу жүйесін құрады.

Поезд диспетчері бір жерден отырып, пульт – табло арқылы барлық процесстерді басқара алады. Пульт – табло қаматамсыз ету керек: бұрмалы бағыттамаларыды бір қосыннан басқаруды; бұрмалы бағыттамалардың бос, бос еместігін, оның оң не теріс қалыпта тұрғанын көрсету; станса жолдарының бостығын немесе бос еместігін көрсету; бағдаршамдардың көрсеткіштерін көрсету керек [2].

Теміржол стансасындағы станса кезекшісінің негізгі жұмыс орны болып басқару аппараты болып табылады. Басқару аппартына кіреді: пульт – онда басқару органдарының орналасуы үшін арналған (тетіктер мен тұтқыштар); табло – ақпаратты көрсету үшін. Таблода бағдаршамдарды қайталағыштар, лампалар, светтікдиодтар, светтік ұяшықтар орналасады. Пульт пен табло жекеленген немесе біріктірілген болуы мүмкін.

Пульт – таблолар теміржол стансаларда жұмыс істеген уақытында өзін жақсы жағынан ұсынды. Бірақ, олар Совет Одағынан қалған, енді қазіргі кезде осы пульт – таблоларды жаңарту, жаңа түрлерін еңгізу оталары жүргізіліп жатыр.

Мысалға, ескі пульт – таблоның бір отаға кететін уақыты 1 - 3 секундқа дейін алса, жаңартылған пульт – таблоның бір отаға кететін уақыты 1 - 0,3 секундқа дейін түсірілді. Соның арқасында теміржол стансасының жұмыс өнімділігі 20% - 35% дейін артады. Пульт – таблоның жарықтандырылуына кететін светтікдиодтарға пульт – таблоның ескі түрлерінде энегрия көп кететін, ал жаңартылғандарында аз энергия қамтитын светтікдиодтар орнатылады.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет