М. Әділов 1, Ш. Құрманбайұлы



Pdf көрінісі
бет11/12
Дата15.08.2023
өлшемі0,71 Mb.
#179851
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Тілтанымда мақала Абай русизмдер

Қорытынды
Сонымен, қазақ ҽдеби тілінде Кеңес дҽуірінен ертерек кезеңдерде кірген орыс тілінен енген 
кірмелер қазақ тілінің айтылым заңына сҽйкес жазылады. Мҧндай мысалдарға 
шіркеу
(церковь), 
кереует
(кровать), 
рет
(ряд,), 
орыс
(русь), 
шамадан
(чемодан), 
сҧрып
(сорт), 
бодан
(подданный) 
секілді кірмелерді жатқызамыз. Абайдың қазіргі жинақтарында да біршама атаулар, мҽселен, сол 
кездегі халықтың ауызекі тілінде айтылғандай (
кҽтелешке, лҽпке, закҥншік, пошал, майыр, 
сомалау
) сингармонизм заңына бағындырылып беріліп жҥр. Ал 
счет, старшын

солдат, 
самородный, доктор 
дегендер қазіргі жинақтарда ҽлі де ҿзгертілмей, сол кҥйінде жазылады. Бҧлар 
Кеңес дҽуірінде осы кҥйінде хатқа тҥссе де, Абайдың қолжазбаларын оқушылар жаңа жинақтарда 
ҽлі де сол кҥйінде шығарып келеді. Біз осы кҥнге дейін ҽбден қалыптасқан осындай атаулардың 
жазылуы жоғарыда кҿрсетілгеніндей, орыс тіліндегі формасындай емес, «қазақы» нҧсқада
 ысшот, 
ыстаршын, салдат, самародной, дҧхтар 
деген тҥрінде жазылғанын кҿрдік. Ҽсіресе кейбір 
дауыссыз дыбыстардың алдына «ы» дыбысының қосылып айтылуы тҽн екені анық, сол қҧбылыс 
Абай шығармаларының емлесінде кҿрінгені назар аудартады. Тек орысша кірмелер емес араб, 
парсы сҿздері де протеза қҧбылысымен жазылады. Мҽселен, 
лҽж, риза, рас
деген кірмелер 
ақынның қолжазбаларында тек «ылаж, ырза, ырас» деген варианттарында кездеседі.
Сонымен бірге, бҧдан керісінше тілдік қҧбылыстарды кҿруге болады, мысалы, жаңа 
басылымдарда кейбір кірме сҿздер бейімделіп келтірілген, ал қолжазбада олар тҥпнҧсқа тілге 
жақын формада қолданылған. Дҽлел ретінде айтар болсақ, қолжазбадағы 
майор, закон, мелеч
деп 
орыс тіліндегідей жазылған тҧлғалар жаңа басылымдарда қазақ тілінің айтылымына сҽйкес 
закҥн, 
майыр, мҽліш
деп берілген. Бҧдан шығар қорытынды, Кеңес кезеңінде Абай шығармаларын хатқа 
тҥсіргендер бҥкіл сҿзді орыс тіліндегідей тіркей бермеген, қазақ даласында ерте кездерден 
айтылып жҥрген сҿздерді сол кҥйінде, яғни «қазақы» нҧсқада жазғанға ҧқсайды. Ал кең 
таралмаған ҽрі Абайға тҽн кейбір терминдерді орыс тіліндегі ҥлгісіндей жазып, сол кҥйінші 
қалдырған болса керек.


ISSN 2411-6076, еISSN 2709-135X TILTANYM № 2 (90) 2023 https://www.tiltanym.kz
72
© А.Байтҧрсынҧлы атындағы Тіл білімі институты
Абайда қазақы ҥлгіде жазылған фонетикалық ҿзгешеліктердің ең кҿп мысалдары «о»-лардың 
«а» дыбысымен жазылуы жҽне дауыссызбен басталатын кірменің алдына езулік дауысты 
дыбыстың қосылып жазылуы екені аңғарылады. Қолжазбадағы 
салдат, абразавание, адвакат, 
винават, дазнание, ваеннай
деп оқылғаны осының анық дҽлелі. Ал кірме атаулардың алдынғы 
дауыссыз дыбысына дауыстылардың қосылып жазылуына байланысты 
ырас, ылаж, ырас, ысшот, 
ыстаршын, ысдраваймыслящий, Афлатҧн
(Платон),
т.б. мысалдарды келтіреміз. Осындағы 
кейбір атауларды қазіргі жинақтардағы ҿлеңдерде «ы» дыбысынсыз бере отырып, ҿлеңнің буын 
ҧйқасының бҧзылуына алып келеді. Қазіргі баспаларда буын саны жағынан сҽйкессіздік 
Орыс сияз 
қылдырса / Болыс елін қармайды. Қу старшын, аш билер / Аз жҥрегін жалғайды
деген сегіз 
буынды шумақтың ҥшінші жолының 
старшын
деп ҽдейі ҿзгертіліп, жеті буына тҥсіп қалуынан 
кҿрінеді.
Кісі аттарының жазылуында да қазіргі жинақтармен ҥйлесе бермейтін тҧстар жоқ емес. 
Мақалада 
Афлатҧн, Сакрат, Соһрат, Аристодим, Зефҥксіз
деп жазылған тарихи тҧлғалардың 
емлесіне назар аударылды.
Екінші қара сҿздегі ноғай (Абайша татарлар) халқына қатысты қазақ ауылдарындағы 
ҽңгімені жеткізендегі 
бакалшік
сҿзінің тҥпнҧсқа қолжазбада 
бҧһалшік
болып жазылғанына 
қатысты жаңа пікір ҧсынылды.
Абайдың қолжазбаларын оқып талдағандай, ХХ ғасыр басындағы ҿзге ақын, қайраткер, 
жазушылардың тілін қолжазбадан оқып зерттесе, орыс тілінен енген сҿздердің қазақ тілінің 
сингармонизм заңына сҽйкес жазылғанын анықтауға болары сҿзсіз. Бҧл ең алдымен 
қолжазбалардың Кеңес дҽуірінде кирилл ҽліпбиіне кҿшірілгенде, «орысшаны» қате жазуға 
болмайды деген ҧстанымнан туған болса керек. Ал қазіргі кезде сол қолжазбалар қолымызға тиіп, 
оларды қайта оқығанда автордың еңбегіне қиянат жасамай, тҥпнҧсқада қалай жазылған болса, 
қалың оқырманға сол қалпында ҿзгеріссіз ҧсыну қажет деген ҧстанымды басшылыққа алған 
дҧрыс деп санаймыз. Жалпы тҥпнҧсқа мҽтінді оқуда, ҽр кезеңде жазылған еңбектер мен 
қолжазбаларды, жазба ескерткіштерді қайта хатқа тҥсіру немесе бастырып шығару кезінде осы 
ҧстанымды орнықтырған орынды. Мҧндай ҧстаным – ҽр автордың ҿзіндік сҿз қолдану, стиль 
ерекшеліктерін ҿз қалпында сақтап кҿрсету ҥшін де, сонымен қатар жалпы қазақ ҽдеби тілінің ҽр 
кезеңіне тҽн сипатын қаз-қалпында танып, оның даму барысын, ҿзгерістерін анықтау ҥшін де ҿте 
маңызды.
*
Мақала ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті қаржыландыратын «AP13268734 − Абай жҽне 
Шҽкҽрім тіліндегі кҿнерген сҿздердің семантикасы жҽне тҥп-негізі» деп аталатын жобасы 
аясында орындалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет