Магнит өрісі. Магниттік индукция векторы. Био-Савар-Лаплас заңы. Суперпозиция принципі. Ампер заңы. Лоренц күші. Тогы бар рамкаға әсер етуші күш моменті. Магнит ағыны. Магнит өрісі үшін Гаусс теоремасы



бет12/13
Дата07.02.2022
өлшемі6,84 Mb.
#92852
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Магнит өрісі 10 апта

8.2 Өздік индукция құбылысы
  • Тұйық контурда ток күшінің өзгеруі осы контурды қиып өтіп жатқан магнит өрісінің ағынын өзгертеді, ал магнит ағынының өзгерісі өз кезегінде осы контурда индукциялық ЭҚК-ін тудырады. Бұл құбылыс - өздік индукция құбылысы деп аталады.
  • Контурдың ауданын қиып өтетін магнит ағыны (Ф=BS) контурдағы токқа тура пропорционал болады:
  • Пропорционалдық коэффициенті L=Ф /I контурдың индуктивтілігі деп аталады. Ол сан мәні жағынан ток күші бірлігіндегі магнит ағынын сипаттайды. Индуктивтілік өлшемі бірлігі генри (Гн) . Контурдағы ток күші 1А болғанда, магнит ағыны 1 вебер болса, онда контурдың индуктивтілігі 1 Гн-ге тең болады.
  • Өздік индукция ЭҚК-ін жалпы индукция заңын пайдаланып табуға болады:
  • Бұл формуладағы минус таңбасы Ленц ережесінен шығады, ток өскенде өздік индукция ЭҚК-і ε < 0 немесе өздік индукция тогы сыртқы ток көзінен пайда болған токқа қарсы бағытталған, сондықтанда оның өсуіне кедергі жасайды. Егер ток азаятын болса, онда өздік индукция ЭҚК-і ε > 0 болады да, контурдағы азаюшы ток пен өздік индукция тогының бағыттары бірдей болып, токтың азаюы баяулайды.
  • мұндағы n–бірлік ұзындықтағы орам саны.
  • соленоидтың көлемі.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет