Қаныққан май қышқылды триглицеридтері бар майлар бөлме температурасында қатты болып келеді. Бұл негізінен жануарлар майларына тән жағдай.
Қаныққан май қышқылды триглицеридтері бар майлар бөлме температурасында қатты болып келеді. Бұл негізінен жануарлар майларына тән жағдай.
Қанықпаған май қышқылдарының құрамына олеин, линол, линолен қышқылдары жатады, олар жалпы май қышқылдарының 80-90 %-ін құрайды. Сонымен қатар күнбағыс майының құрамында 55-71% линол қышқылы және 20-40% олеин қышқылы болады. Ал зәйтүн майының құрамында 80-90% олеин қышқылы болады.
Кейбір майлардың құрамына спецификалық май қышқылдары кіреді. Ішек функцияларына әсерін тигізетін рицинол қышқылы майкене (клещевина) майының құрамында кездеседі. Қаныққан май қышқылдары өсімдік майларының құрамында шамамен 15% болады.
Жануарлар майларының құрамына қаныққан май қышқылдары (әдетте жалпы жануарлар майларының май қышқылдарының 40-60%-ін құрайды) кіреді, ал жартылай қанықпаған май қышқылдарынан линолен қышқылы кездеседі.
Теңіз жануарлары мен балықтар майлардың қайнар көзі болып табылады. Бұл майлардың май қышқылдарының құрамы күрделірек болып келеді.
Теңіз жануарлары мен балықтар майларының спецификалық түрлерінің құрамында 20-22 көміртегі атомдары болады.
Кейбір сұйық өсімдік майлары мен жануарлар майларының сипаттамасы 1 және 2 кестеде көрсетілген.
Майлар жай липидтер құрамына жатады. Жай липидтермен қатар табиғи майлы өнімдердің қатарына күрделі липидтер – гликолипидтер, фосфолипидтер (фосфатиды), липопротеидтер жатады.
Тритглециридтер (триацилглицериндер) – иіссіз, дәмсіз түссіз заттар. Майлардың дәмі мен түсін күрделі липидтер (липопротеидтер, фосфолипидтер және гликолипидтер), бос май қышқылдары, липохромдар, токоферолдар, витаминдер және т.б. заттар береді.