Мақсаты: осының арқасында оларды бір топқа біріктіруге болатын заттардың өзара қарапайым байланыстарын анықтау икемділектерін, сондай-ақ баланың заттардың жинақтаушы атауын меңгеру деңгейін анықтау.
Тапсырманыңсипаттамасы: балаға бір топқа жататын 3 сурет, мысалы,сәбіз,қияр,қызанақтың суреті ұсынылады.Бала берілген суретті жинақтаушы бір ұғымммен атауы тиіс.
«Неартық»әдістемесі
Мақсаты: белгілі бір топқа жататын нысандарды жіктеу,оған сәйкес келмейтін «артық» нысанды шығарып тастау.
Тапсырма: балаға бір топқа жататын заттар және осы заттардың тобына жатпайтын бір зат бейнеленген карточкалар ұсынылады.Оларды қарап көрген бала 1 «артық» суретті алып тастауы тиіс.
«Суреттердіестесақта»әдістемесі
Мақсаты: бейнені есте сақтау ерекшеліктерін үйрену және оларға диагностика жасау.