Математика Фабрика бір күнде 240 м сәтен матасын, сәтеннен есе кем жібек, сәтен матасынан 490 м артық барқыт, ал сәтен мен жібек матасы қанша болса, сонша кендір матасын дайындады. Бір күнде қанша метр мата дайындайды?



бет3/3
Дата19.02.2023
өлшемі99,91 Kb.
#169351
1   2   3
Байланысты:
4 сын тест МОДО 18 күн

Аралар қалай бірікті
Ертеде бал аралары қазіргідей топ –тобымен тұрмайды екен.
Әрқайсысы жеке –жеке күн көріпті. Бал жинайын десе балын кез келген аң жеп кетіпті Жалғыз ара жауына қарсы тұра алмағандықтан;
-Бұлай жеке дара жүргеніміз дұрыс емес екен, бірігіп, ортақ жауымызға қарсы тұрып қорғанайық –дейді. Олар, сөйтіп, үлкен күшке айналады.
Бірақ дұшпандары бұлардың ұйықтап

Бозторғайдың ерлігі


Бозторғай балапандарына ертелі-кеш жем тасумен жүрген еді.
Күн сәскеге таянғанда, ұясына жем алыпұшып жеткен бозторғай бір қатердің үстінен түсті. Ұзындығы сала құлаш қара шұбар жылан тілін сумаңдатып, ұясына жақындап қалыпты. Балапандар ауызын ашып, шыр-шыр етеді.
Бозторғай ұя мен жыланның аралығына келіп қонды.
Мына сорлы қайтеді, ей?! Жан керек болса, былай тұр жолымнан, -деді

жылан басын көтеріп.

Сен менің балапандарымды жемексің, қалайша мен саған жол

бермекпін? Жоқ, ол болмас.

Онда өзіңді жеймін.

Жей алмайсың.

Не дейсің? Бозторғай жыланға қыр көрсетті дегенді кім естіген.

Кім естісе, ол естісін. Мен балапандарымды тастап кете алмаймын.

Одан да өзімнің өлгенім жақсы.

Онда кел бері, түс аузыма.

Аш аузыңды.

Жылан аузын ашып, көзін жұмды.


Бозторғайға керегі де осы еді, жыланды шап беріп екі аяғымен басынан
мықтап бүріп, жерден іліп әкетті. Жылан торғайды орып алмақ болып жиырылып әлектеніп көріп еді, ештеңе шықпады. Бозторғай шырқай көтеріліп, тү-у биіктен жыланды жалпақ тастың үстіне тастап жіберді. Содан соң жер бауырлай ұшып, оның парша-паршасы шыққанын көрді де, жөніне кетті.
Бозторғай бұл ерлікке балапандары үшін барған еді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет