Математика пәнін қашықТЫҚтан оқыту технологиясы дайындаған: «Жаңа Ғасыр»


MATLAB бағдарламасында есеп шығару үлгісі



бет5/8
Дата04.01.2022
өлшемі0,58 Mb.
#109598
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Саменова С.Ж. пед чтение

MATLAB бағдарламасында есеп шығару үлгісі

Қазіргі таңда математика сабағында оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру мүмкіндігі мол компьютерлік бағдарламалық өнім - «GeoGebra» бағдарламасы. Ол әрі қиын, әрі қызық математика пәнін оқытуда компьютерді пайдалану арқылы пәнге қызығушылық тудыратын бірден-бір ақпараттық-коммуникациялық құрал болып саналады.

Аталған бағдарламаны математиканы көрнекі түрде түсіндіру мақсатында проекторы бар әр сыныпта орнатқан жөн. Себебі, математиканың абстрактілі түсініктерін «GeoGebra» бағдарламасы арқылыоқушылар өз көздерімен «көре алады». Әсіресе, жаңа тақырыпты түсіндіру барысында бағдарламаның тиімділігі мол. Сондай-ақ, оның математикалық формулалармен шешілген есептерді графиктер салу арқылы көрнекі түрде тексеріп көру мүмкіндігі де бар. Бұл әдіс оқушылардың қызығушылығын арттырып, абстрактілі формулаларды түсінікті түрде жеткізуге жағдай жасайды.

«GeoGebra» арқылы:



  • «жансыз фигуралар мен графиктерге жан бітіруге;

  • кез-келген фигураны анимациялауға;

  • «ойнау» батырмасы арқылы сабаққа керек сызбаны алдын-ала сызып алып, қайталап көрсетуге;

  • компьютерлік сауаттылықты арттыруға болады.

Мысал үшін, математика сабағында оқушының қызығушылығын қалыптастыруға септігін тигізетін «GeoGebra» бағдарламасында орындалған төмендегі тапсырманы қарастырайық:

x2 + y2<4, x-y>2, x <1 теңсіздіктер жүйесінің шешімін табу.

«GeoGebra» бағдарламасында теңсіздіктер жүйесінің шешімін табу үшін жүйедегі барлық теңсіздіктердің графиктерін тұрғызып, олардың қиылысу аймағын анықтау керек. Ол үшін орындалатын әрекеттер:

1) «GeoGebra»-ны ашыңыз.

2) Кіріс алаңында бірінші теңсіздікті енгізіңіз, оның атауы «а» болады.

3) Кіріс алаңында екінші теңсіздікті енгізіңіз, оның атауы «b» болады.

4) Кіріс алаңында үшінші теңсіздікті енгізіңіз, оның атауы «c» болады.

5) Графиктер алаңында осы үш теңсіздіктің шешімдерінің қиылысу алаңы пайда болады.

Егерде жүйе қос теңсіздікпен өрнектелетін болса, мәселен, 2+y






а)

б)



Берілген теңсіздіктер жүйесінің шешімін көрсететін график
«GeoGebra» бағдарламалық ортасының математика пәнін өте қызықты ету, математикалық дәлелдеулерді қарапайым жеткізу және математикалық ұғымдар мен олардың қасиеттерінің тез есте сақталуына қол жеткізу мүмкіндігі оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады деп тұжырымдаймыз.

Сонымен, компьютерлік технологияның оқушыларға берер мүмкіндігі:



  • түрлі ақпараттық, бейнелік, дыбыстық анықтамалар арқылы білімін жан-жақты жетілдіреді, дамытады;

  • өз бетінше онлайн тест тапсырмаларын орындайды;

  • тақырыптан қалып кеткен немесе дұрыс түсінбеген тақырыптарды қосымша қайталап алуға мүмкіндік беріледі;

  • пәнге қызығушылығы, үздіксіз ізденісі артады;

  • ойлау, есте сақтау, пікір сайыстық қабілетті дамиды;

  • өз ойын сызба, сурет, кескіндеме, кесте, графиктік моделдер түрінде жеткізеді;

  • түрлі бейнелік, сілтемелік, нұсқаулық тапсырмаларды орындайды;

  • түрлі деңгейдегі тест тапсырмаларын орындап өзінің алған білімін тексереді. [4]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет